Денелердің сызықты өлшемдерін берілген дәлдікпен өлшеу көптеген экспериментальдық есептерді шешуге қажетті.
Осы жұмыста өткізгіштің кедергісін, оның сызықты өлшемдері бойынша, келесі формуламен анықталады
(1)
мұндағы
- өткізгіштің еркін зарядтарының реттелген қозғалысының жылдамдығын азайту, яғни өткізгіштегі ток күшін шектеу қасиетін сипаттайтын өткізгіштің кедергісі;
- сан-мәні бойынша ұзындығы 1 м және көлденең қимасының ауданы 1 м2 –қа тең өткізгіштің кедергісіне сәйкес келетін, сол заттан жасалған, өткізгіштің меншікті кедергісі (БХЖ-де меншікті кедергі Ом. м- мен өлшенеді);
-өткізгіштің ұзындығы;
-өткізгіштің көлденең қимасының ауданы.
Егер өткізгіш цилиндр тәріздес формаға (қалыпқа) ие болса, онда кедергіні келесі формула арқылы анықтауға болады
, себебі (2)
мұндағы D – өткізгіштің диаметрі.
Жұмыс өткізгіштің ұзындығы мен диаметрін өлшеуден құралады. Сызықты өлшеулердің дәлдігі сызықты нониусты және микрометрлік бұранданы қолдану кезінде артады.
Достарыңызбен бөлісу: |