Тотығу-тотықсыздану титрлеу
Бұл жұмыс Fe2+ ионын тотығу-тотықсыздану титрлеу арқылы анықтауға негізделген. Жұмысты Fe(III)-ден Fe(II)-ге дейін тотықсыздануы арқылы немесе тікелей Мор тұзы құрамынан анықтауға болады.
8 – зертханалық жұмыс. Темірді дихроматометрлік әдіспен анықтау
Жұмыстың мақсаты: біріншілік стандартты K2Cr2O7 ерітіндісін дайындау және темірді дихроматометрлік әдісімен анықтау.
Әдістің негізі зерттелетін заттың тотығуына және титрант ретінде қолданылатын калий дихроматының үшвалентті хромға дейін тотықсыздануына негізделген:
Cr2O72- + 14H+ + 6e 2Cr3+ + 7H2O Е0Cr2O72-/2Cr3+ = +1,36 В
сол себепті, Мэкв.(K2Cr2O7) = 1/6 М (K2Cr2O7) = 49,03 г/моль.
Темірді анықтау оны алдын-ала металл цинк көмегімен Fe(III)-ден Fe(II)-ге дейін тотықсыздануы арқылы жүреді және Fe2+ ионын стандартты K2Cr2O7 ерітіндісімен дифениламин индикаторы қолданыла отырып қышқыл қоспа (H3PO4 + H2SO4) қатысында титрлейді:
6Fe2+ + Cr2O72- + 14H+ 6Fe3+ + 2Cr3+ + 7H2O
Реагенттер және қондырғылар
Калий дихроматы K2Cr2O7.
Индикатор – дифениламин (C6H5)2NH, концентрлі күкірт қышқылындағы 1%-ті ерітіндісі.
Металды цинк.
Тұз қышқылы HCl (1:1).
Кнопп қоспасы (H3PO4 + H2SO4).
Өлшеуіш колба 100,0 мл; пипетка 10,00 немесе 15,00 мл; колба 250 мл; бюретка; титрлеу колбалары 250-300 мл; воронка, өлшеуіш цилиндрлері 10, 25 және 50 мл.
Аналитикалық, техникалық таразылар.
Достарыңызбен бөлісу: |