Сабақтың тақырыбы:Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы. 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға механикалық энергия, оның сақталу заңы туралы теориялық білім беру, білім алу дағдысын қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушының ойлау, сөйлеу қабілетін, іскерлік белсенділігін дамыта отырып, ойын анық, дәлелді жеткізуге үйрету;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, топпен жұмыс жасауға үйрете отырып, орнықты білім алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта
Шарлар
Таратпалар
Доп
Садақ
Математикалық маятник
Динамометр
Ағаш білеуше
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.
Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар: Жұмыс, қуат, энергия, оның түрлері.
Жұмыс
Механикалық жұмыс деп денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы.
Қуат
Қуат деп жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шама.
Энергия
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама.
А = N * t
1 джоуль(Дж)=ватт*секунд(Вт*с)
Тұрмыста энергияның өлшем бірлігі ретінде киловатт*сағат(кВт*сағ)қолданылады
1киловатт*сағат(кВт*сағ)=3600000Вт*с=36*10**5Дж
Энергияның түрлері:
Потенциалдық (латынша потенция –мүмкіншілік) энергия деп әр түрлі денелердің немесе бір дене бөліктерінің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.
Кинетикалық (грекше кинетикос — қозғалыс) энергия деп денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия.
Жер бетіндегі тіршілік көзі — Энергия
Жаңа сабақты түсіндіру:
Анықтамасы:
Дененің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысымеханикалық энергия деп аталады.
Формуласы:
Мысалдар:
Аспандағы ұшақтың Жермен салыстырғандағы потенциалдық энергиясы да, кинетикалық энергиясы да бар.
Жерге құлаған доптың кері көтерілуін, энергияның бір түрден екінші түрге айналуымен ғана түсіндіруге болады.
Тербеліп тұрған маятникте энергияның бір түрі екіншісіне ауысып отырады.
Садақты тартқан кезде садақ кермесінің потенциалдық энергиясы ұшқан жебенің кинетикалық энергиясына айналады.
Механикалық энергияның сақталу заңы:
Тұйық жүйені құрайтын денелер арасында тек қана ауырлық күші F=mg немесе серпімділік күші F=kx әрекет ететін болса, онда тұйық жүйенің толық энергиясы тұрақты сақталады.:
Қолданылуы:
Күрделі есептерді шешуді жеңілдетеді
Техникада әр түрлі тетіктердің қозғалысын есептеуде
Астрономияда аспан денелерінің (жұлдыздардың, планеталардың) қозғалыстарын алдын ала болжауда
Ғарыштануда зымырандардың, ғарыш кемелері мен серіктердің (спутниктердің) қозғалыс траекторияларын анықтауда.
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы
Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы:
Есеп шығару: Оқулықпен жұмыс:
7сынып оқулығы 187 бет.
Қорытынды: Тестік тапсырмаларын орындау.
а/ метр; ә/ м/с ; б/ сек ; в/ кг
Жылдамдықтың өлшем бірлігі:
а/ м/с ; ә/ сек ; б/ метр ; в/ кг
Күшті өлшеу құралы:
а/ амперметр ; ә/ динамометр ;
в/ вольтметр ; б/ ареометр
1 км-де қанша метр бар ?
а/ 100 ; ә/ 1000 ; б/ 10 ; в/ 1
1 сағатта неше секунд бар?
а/ 36 ; ә/ 360 ; б/ 3600 ; в/ 36000
Бекіту сұрақтары:
Механикалық энергия
Механикалық энергияның сақталу заңы
Энергия, оның түрлері
Жұмыс
Қуат
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма:
§ 68 оқу 40-жаттығу 7 сынып оқулығы 182 бет
Достарыңызбен бөлісу: |