19
1.3 суретте интеграцияланған және құрылымдық белгілері бойынша
мехатронды модульдердің жіктелуі көрсетілген:
Қ –
қозғалтқыш, МТ – механикалық түрлендіргіш, ЖМҚ – жоғары
моменттік қозғалтқыш, АҚ – ақпараттық құрылғылар, ИЖМҚ –
интеграциялық жоғары моменттік қозғалтқыш, САТ – сандық-аналогтық
түрлендіргіш, ҚТ – қуатты түрлендіргіш, КБҚ – кері байланыс
құрылғысы, СИИММ – суперинтеграциялық интеллектуалдық мехатрон-
дық модуль [1].
Мехатрониканың іргелі анықтамасына толық көлемде барлық үш
айқындаушы кіші жүйелерді қамтитын
интеллектуалды мехатронды
модульдер ғана сәйкес келеді. Қозғалыс модульдері мен қозғалыстың
мехатрондық модульдерін жіктелуге қосу әдістемелік және логикалық
негізделген болып табылады. Шынында да, мехатрондық жобалау қағи-
даттарында құрылған мехатрондық объектілердің бұл сыныптары
«шынайы мехатрондық» модульдерді –
интеллектуалды мехатрондық
модульдерді құру үшін база болып табылады.
Бұдан әрі мехатронды модульдер мен жүйелер бірыңғай интегра-
циялық платформалардың базасында мехатронды кешендерге біріктірі-
летін болады. Мұндай кешендерді құрудың
мақсаты-жоғары өнімділікті
үйлестіруге және бір уақытта техникалық-технологиялық ортаның қайта
пішін беру мүмкіндігі есебінен икемділікке қол жеткізу. Ұсынылған
жіктемеге сәйкес мехатронды модульдерді қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: