7
МЕХАТРОНИКА
1 Бөлім
8
АЛҒЫ СӨЗ
Қазіргі кезде мехатроника ғылым мен техниканың жылдам дамыған
өнеркәсібі болып танылады. Оның жетістіктері адамның әртүрлі іс-әрекеті
аясында пайдаланылады: робототехникада, технологиялық өндірістік
процестерде, медицинада, космоста, су астында, әскери жұмыстарда және
т.б. Мехатрониканың дамуына әлемдегі ақпараттық, электрондық және
интеллектуалдық технологиялар аймағындағы жылдам прогресс және
оның функционалдық қозғалысының қосымша міндеттері маңызды рол
атқарды. Сонымен қатар жаңа принциптер мен технологиялар арқасында
жоғары сапалы және ықшамды механикалық құрылғылар, электрондық
блоктар, қозғалтқыштар өндіріле бастады, олар заманауи мехатрондық
модулдердің негізі болды.
Ғалымдардың, құрастырушылардың, инженерлердің назары меха-
трондық модулдерді, сапа жағынан заманауи талаптарға, сенімді
және қауыпсіз құрастыруға негізделген. Оқу құралында мехатро-
ника туралы жалпы анықтама берілген, мехатрондық модулдердің кең
түрде интеграциясының классификациясы мен дәрежесі көрсетілген,
мехатрондық модулдерді құрастыру жағынан талдау мен синтезі
берілген, интеграция критериялары жасалған және мехатрондық модул-
дер мен оның бөлек элементтерін құрастыру негізі, оны құрастыратын:
қозғалтқыщ түрлері, ақпараттық және тежегіш механизмдер, әрі жалпы
оның жұмысын реттейтін әдістемесі көрсетілген. Оқу құралы «Мехатро-
ника мен робототехника» бағытында оқитын техникалық мамандықтар
студенттері, магистранттар мен аспиранттарға арналған және басқа
техникалық мамандықта оқитын студенттерге, машина жасаумен айна-
лысатын мамандарға пайдасы зор.
Авторлар еңбекке сын ескертулер мен сын пікір жазған рецензент-
терге үлкен алғыс білдіреді. Оқу құралының мазмұнын жақсарту жай-
ында ұсыныстар мен ескертулерді келесі мекен жайына жіберулерінізді
өтінеміз:
110010 Қостанай қ, Қобланды батыр көшесі, 27. Академик З.
Алдамжар
ат. Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті.
|