Международный центр культур и религий комитета по делам религий министерства культуры и спорта республики казахстан


V СЪЕЗД ЛИДЕРОВ МИРОВЫХ И ТРАДИЦИОННЫХ РЕЛИГИЙ ДОЛЖЕН ДОКАЗАТЬ, ЧТО ДИАЛОГ МЕЖДУ РЕЛИГИЯМИ НЕОБХОДИМ – Х.АКАШЕ



бет18/23
Дата06.07.2018
өлшемі454,87 Kb.
#47961
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

V СЪЕЗД ЛИДЕРОВ МИРОВЫХ И ТРАДИЦИОННЫХ РЕЛИГИЙ ДОЛЖЕН ДОКАЗАТЬ, ЧТО ДИАЛОГ МЕЖДУ РЕЛИГИЯМИ НЕОБХОДИМ – Х.АКАШЕ



V Съезд лидеров мировых и традиционных религий должен доказать, что диалог между религиями необходим. Такое заявление сделал заведующий отделом по связям с исламом Папского Совета по межрелигиозному диалогу Святого Престола Халед Акаше на XIV заседании Секретариата Съезда лидеров мировых и традиционных религий. Об этом сообщаетМИА «Казинформ».

«Президент Назарбаев, народ и Правительство Казахстана сделали правильный выбор, выступив с инициативой Съезда лидеров мировых и традиционных религий», – сказал Х.Акаше.

По его словам, основная задача заседания – подготовка к V Съезду, чтобы он прошел в духе взаимного уважения, чтобы дать миру еще одно доказательство, что диалог между религиями необходим.



09.06.2015 г.

http://radiotochka.kz/11562-v-sezd-liderov-mirovyh-i-tradicionnyh-religiy-dolzhen-dokazat-chto-dialog-mezhdu-religiyami-neobhodim-hakashi.html

* * *


Н. НАЗАРБАЕВ ВСТРЕТИТСЯ С ПАН ГИ МУНОМ В АСТАНЕ



Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев проведет встречу с Генеральным секретарем ООН Пан Ги Муном в Астане, сообщила пресс-служба Главы государства.

«В рамках V Съезда лидеров мировых и традиционных религий запланированы встречи Нурсултана Назарбаева с Генеральным секретарем ООН Пан Ги Муном и Королем Иордании Абдаллой II», – говорится в сообщении на «Акорде» в понедельник.



Также 9 июня ожидается встреча Президента Казахстана с Президентом Финляндии Саули Ниинистё в рамках предстоящего V Съезда. 

Вместе с тем, 10-11 июня Н.Назарбаев примет участие в работе Съезда.

Как сообщалось ранее, Генеральный секретарь ООН Пан Ги Мун прибудет в Казахстан для участия в V Съезде лидеров мировых и традиционных религий.

V Съезд лидеров мировых и традиционных религий состоится 10-11 июня. Он будет посвящен диалогу религиозных лидеров и политических деятелей во имя мира и развития.

В рамках форума пройдут пленарная сессия и четыре секционных заседания.

Темами дискуссий духовного форума станут такие актуальные темы, как ответственность религиозных и политических лидеров перед человечеством; влияние религии на молодежь; новые тенденции и перспективы взаимодействия религии и политики; диалог на основе взаимного уважения и понимания между лидерами мировых и традиционных религий ради мира, безопасности и гармонии. 
09.06.2015 г.

http://radiotochka.kz/11560-nazarbaev-vstretitsya-s-pan-gi-munom-v-astane.html
* * *

ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Н.А. НАЗАРБАЕВ ПЛАНИРУЕТ СДЕЛАТЬ ЗАЯВЛЕНИЕ

НА V СЪЕЗДЕ МИРОВЫХ И ТРАДИЦИОННЫХ РЕЛИГИЙ



Президент РК Нурсултан Назарбаев планирует сделать серьезное заявление на V Съезде мировых и традиционных религий, передает корреспондентBNews.kz.

В ходе Съезда со вступительным словом выступил епископ Бэдфорда, представитель Англиканской церкви Ричард Аткинсон. 



«Я хотел бы еще раз поблагодарить Президента РК Н.Назарбаева за эту инициативу. Мне очень приятно видеть друзей и коллег.

В следующие два дня по мере того, как мы будем работать в рамках Пятого съезда, я думаю, следует сделать четкий акцент на диалог, разговор и обмен мнениями. На самом деле очень важные аспекты, которые мы должны донести до наших народов, – это ненависть, насилие, преследование по религиозным мотивам, в частности я говорю о преследовании христиан в некоторым странах, вопросы беженцев и окружающей среды являются очень важными. Для меня очень многое означает тот факт, что мы думаем о природе нашего диалога, общения. Я привез с собой архиепископа Джастина Уэлби, который отметил, что примирение является очень важным аспектом, и в рамках его служения был сделан очень большой шаг в этом направлении», – сказал Р.Аткинсон. 

По словам епископа, построение мира и примирение должны основываться на честном диалоге, где бы ставились сложные вопросы, а сложные задачи пытались бы решить участники диалога. «Мы просто обманем себя, если у нас будет политически корректный вежливый диалог без затрагивания сложных вопросов. Я также хотел бы сказать, что и задачи также должны быть соответствующими уровню нашего здесь представительства. Моя молитва направлена на то, чтобы мы работали над сложными задачами не только через слова, но и действиями во благо», – отметил Р.Аткинсон. 

В ответ на сказанное спикер Сената Парламента РК Касым-Жомарт Токаев поблагодарил представителя Англиканской церкви. 

«Большое спасибо. Мне очень близки ваши мысли. Насколько я знаю, Президент Казахстана планирует сделать очень серьезное заявление по сложным вопросам, которые вы отметили в своем выступлении. Это является частью повестки дня предстоящего съезда. Я думаю, что на первом пленарном заседании и на последующих эти вопросы будут затронуты», – добавил Касым-Жомарт Токаев.

Напомним, в Астане начал свою работу XIV Секретариат Съезда лидеров мировых и традиционных религий.



09.06.2015 г.

http://www.zakon.kz/4718741-prezident-rk-planiruet-sdelat.html, http://www.nur.kz/781707-nazarbaev-planiruet-sdelat-serezn.html

* * *


ӘЛЕМДІК ДІНДЕР СЪЕЗІ ДІНДЕР АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТЫҢ ҚАЖЕТТІГІН ДӘЛЕЛДЕЙ ТҮСЕДІ – Х.АКАШЕ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемдік діндер съезі діндер арасындағы диалогтың қажеттігін дәлелдей түседі. Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі Хатшылығының XIV отырысы барысында Әулие Престол Папа кеңесінің Исламмен дінаралық диалог жөніндегі бөлім меңгерушісі Халед Акаше осылай мәлімдеді.

Өз сөзінде Х.Акаше Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың әлемдік діндер форумын өткізу туралы бастамасының өзектілігіне тоқтала келе, мұндай таңдаудың дұрыс болғанын атап өтті. 

«Диалог – бұл адам өмірі туралы әңгіме және ол бейбітшілікті сақтаудың ажырамас бөлігі. Сондықтан да бүгінгі кездесуіміздің негізгі міндеті 5-ші Діндер съезіне мұқият дайындалып, оның өзара сыйласым сипатында өтуіне күш салуымыз керек. Осы арқылы біз бүкіл әлемге діндер арасындағы диалогтың аса қажет екенін дәлелдей аламыз», - деді Х.Акаше. 

Сонымен қатар Хатшылық мүшесі бүгінгі кездесу мен жаһандық бастамасы үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және барша Қазақстан халқына алғысын жеткізді. 

«Діндер конгресінің тақырыбы саяси және діни салаларда қандай да бір айырмашылықтары болғанымен, діндер мен саясат арасындағы байланыстың сенімге негізделуі тиістігін көрсетіп отыр. Сондықтан да осы екі саладағы өкілдер бейбітшілік үшін тығыз ынтымақтастықта болуы шарт», – деді Х.Акаше.
09.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2784733
* * *


БҰҰ ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІНІҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ ІЛГЕРІЛЕТУДЕГІ ІС-ҚИМЫЛЫНА ТОЛЫҚТАЙ ҚОЛДАУ БІЛДІРЕДІ –Т.ӘЛ-АНСАРИ
АСТАНА. ҚазАқпарат – БҰҰ Қазақстан Үкіметінің бейбітшілік пен келісімді ілгерілетудегі іс-қимылына толықтай қолдау білдіреді.

Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 14-ші отырысында БҰҰ Өркениеттер альянсы жоғары өкілдігі кеңсесінің басшысы Тарик әл-Ансари айтты.

«БҰҰ осынау маңызды шараға атсалысқанын мақтан тұтады. Бұған қоса, Қазақстан Үкіметінің аталған шара аясындағы бейбітшілік пен келісімді ілгерілетудегі және әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сұхбаттастығын жолға қоюдағы іс-қимылына толықтай қолдау білдіреді», – деді мәртебелі мейман.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта жаһандық аренада орын алып жатқан қауіпсіздік саласындағы сын-қатерлер, жаңа идеологиялық қауіптер аясында бұл съезд дер уақытында өткелі отыр.

«Адамдардың әртүрлілігімен, экстремизммен және басқа да мәдени қақтығыстардың аясындағы шиеленіс артып келеді. Сондықтан да бұл бағыттағы мәселелерді шешуде Қазақстанмен бірлесіп жұмыс істейтіндігімізге қуаныштымыз», - деді Тарик әл-Ансари.

Айта кетейік, отырыс барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары 5-ші съезінің күн тәртібі белгіленіп, съезд қатысушылары декларациясының жобасы мақұлданылады деп күтілуде.

Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 15-ші және съездің 6-шы отырыстарын өткізу мерзімі анықталатын болады. Мұнан бөлек, жиын соңында хатшылықтың хаттамасын қабылдау жоспарлануда.


09.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2784745,
* * *

Н.НАЗАРБАЕВ

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР СЪЕЗІНДЕ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЛМАҚТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАЙДЫ – Қ.ТОҚАЕВ
Астана. ҚазАқпарат – Президент Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінде күрделі мәселелерге қатысты салмақты мәлімдеме жасайтын болады.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі Хатшылығының XIV отырысы барысында мәлім болды. 

Отырыс барысында Англикан шіркеуінің өкілі, Бэдфорд Епископы Ричард Аткинсон сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа осынау ауқымды бастамасы үшін алғысын жеткізген болатын.

«Мен өз сөзімде мынаны айтқым келеді: бейбітшілік пен келісім орнату үшін бұл мәселелер ең алдымен диалогқа негізделуі шарт. Ал ондай диалог ашық болып, күрделі мәселелер күн тәртібіне қойылса, игі. Диалог қатысушылары осындай күрмеуі қиын мәселелерді шешуге ұмтылулары керек. Егер шешімін таппай отырған күрделі мәселелерге жоламай, саяси өзара сыйластыққа иек артып кетсек, онда біз өзімізді алдаған болатын едік.

Сонымен қатар біздің алдымызға жүктелген міндеттер де осындағы өкілдіктердің деңгейіне сай болуы тиіс», – деп атап өтті Р.Аткинсон. 

Өз кезегінде Хатшылық басшысы, Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пікірі үшін Епископқа алғысын айтты.

«Сіздің пікіріңіз маған да жақын. Менің білуімше, Қазақстан Президенті осы сіз айтып отырған күрделі мәселелер жөнінде салмақты мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр. Оның үстіне, бұл мәселе алдағы съездің күн тәртібінің бір бөлігі.

Менің ойымша, бірінші пленарлық отырыс пен одан кейінгі кезеңде осы мәселелер қозғалатын болады», – деді Қ.Тоқаев.
09.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2784747
* * *
САЯСИ ҚАЙРАТКЕРЛЕР МЕН ДІНДЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ ДИАЛОГЫНСЫЗ ҚАНДАЙ ДА МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ

АСЫРУ ҚИЫН – Қ.ТОҚАЕВ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінгі күрделі заманда жетекші саяси қайраткерлер мен дәстүрлі және әлемдік діндер көшбасшыларының тікелей диалогынсыз қандай да бір міндеттерді жүзеге асыру қиын.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі Хатшылығының XIV отырысы барысында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. 

«Шындығында, бүгінгідей күрделі заманда жетекші саяси қайраткерлер мен дәстүрлі және әлемдік діндер көшбасшыларының тікелей диалогынсыз қандай да бір міндеттерді жүзеге асыру қиындау.

Өйткені егер біз қордаланған проблеманы шешудегі қандай да бір үлес туралы айтатын болсақ, онда ол істің оңай болмайтынын да түсінеміз.

Дін лидерлерінсіз, саяси қайраткерлердің араласуынсыз өзара пікір алмасып, бір-бірін тыңдау, тіпті естудің өзі қиын болар еді», - деді Қ.Тоқаев. 

Бұдан бөлек, Сенат спикері Съез Хатшылығы мен Кеңесінің бұдан әрі отырыстарын өткізу мәселесіне тоқтала келе: «Біз бұндай құқықтан бас тартпаймыз», деп атап өтті. 

«Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының 6-шы съезін 2018 жылы өткізу туралы шешім қабылданатынына да сенім білдіремін», – деді спикер Қ.Тоқаев.


09.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2784766

* * *


ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ЛИГАСЫ

ӘЛЕМДІК ДІНДЕР ФОРУМЫ АЯСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТЫ ҚОЛДАЙДЫ – МАХМҰД АС-САККАР
Астана. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік Ислам Лигасы әлемдік діндер форумы аясындағы диалогтық талқылауларды қолдайды.

Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі басшылары Хатшылығының XIV отырысы барысында Дүниежүзілік Ислам Лигасының Халықаралық ұйымдар мен конференциялар департаментінің кеңесшісі, доктор Мункиз Махмұд ас-Саккар осылай мәлімдеді.

«Әлемдік діндер съезі Қазақстанға үлкен бедел әкелді. Түрлі діндер өкілдерінің басын қосатын форум сөзсіз бейбітшілікке негізделуде.

Дегенмен, біз осы уақытқа дейін не істей алдық?

Күн сайын адамзат баласы бейбітшілікке жақындай түсті ме?

Жоқ, адамзат бейбітшілік пен тұрақтылықтан алыстап бара жатыр ма?

Әлемнің әр түкпірінде орын алып жатқан оқиғалар құпия болудан қалды. Ендеше, бұлардың бәрі біздің жауапкершілік сезімдерімізді арттырып, бізден осы күрделі мәселелерге көбірек көңіл бөлуді талап етеді. Біз сөз сөйлеп, сезімге беріліп, сонымен шектеліп қалмауға тиіспіз, бұл жеткіліксіз», – деді Махмұд ас-Саккар. 

Бұл ретте Ислам Лигасының кеңесшісі діндер лидерлері арасындағы оңтайлы диалогты пайдалана отырып, бейбітшілік үшін батыл бастамалар жасайтын кез жеткенін атап өтті. 

«Қазақстан дінаралық диалог бағытында өте үлкен тәжірибе жинақтап келеді.

Елдің дана басшылығының әлемдік деңгейдегі байланысы да жоғары. Дүниежүзілік Ислам Лигасы да дінаралық диалог бойынша бастама жасап, бірқатар форумдар өткізген болатын.

Біз осы бағыттағы алаңдар аясында талқылауды қолдайтын боламыз. Діни лидерлер мұндай форумдардан әлемдегі қысымды жібітуге жол табады деп сенеміз», – деді ас-Саккар.


09.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2784779
* * *

АСТАНА СЪЕЗІ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМДІК ҮРДІСКЕ

ЫҚПАЛ ЕТУДІҢ ПӘРМЕНДІ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛА АЛАДЫ –

ЕПИСКОП М.ОГАНЕСЯН
Астана. ҚазАқпарат – Астана съезі дін саласындағы әлемдік үрдіске ықпал етудің пәрменді құралына айнала алады. Бұл туралы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 14-ші отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Армян Апостоль шіркеуі украиндық епархиясының өкілі епископ Маркос Оганесян айтты.

«Біздің әрбір съезіміз бен хатшылық отырысымыз діни экстремизмен қалай күресу қажеттігін көрсетеді. Бұл біздердің қандай дін жолын ұстанатындығымызға қарамастан, жолдауымыз, бірлескен мінәжатымыз. Егер өзара келісім мен төзімділік болмаса, онда дінді қаруға айналдырмай, бәрімізді осы үрдістен шығуға үндеуіміз қажет. Діни қайраткерлер өздері бас қосып, егер проблемалар болса, бірлесіп талқылай алады. Дегенмен, діни қайраткерлер мен ұйымдар арасында айтарлықтай зор діни проблема жоқ», - деді ол.

М.Оганесянның атап өтуінше, елорда төрінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бұл әлемнің дін көшбасшылары үшін ең басты сұхбат алаңына айналып отыр. Бұған қоса, бұл съезд дін саласындағы әлемдік үрдіске ықпал етудің пәрменді құралына айнала алады.
09.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2784796
* * *
ЖАСТАРЫМЫЗ ДӘСТҮРІМІЗДІ ДІНІМІЗБЕН БІРГЕ ҮЙРЕНСЕ, ЕШҚАНДАЙ РАДИКАЛДЫ ТОПТАРҒА

ҚОСЫЛМАЙДЫ – ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЯМЕРОВ
Астана. ҚазАқпарат – Жастарымыз дәстүрімізді дінімізбен бірге үйренсе, онда ешқандай радикалды топтарға қосылмайды. Бұл пікірді бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 14-ші отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Маямеров білдірді.

«Діни басқарманың негізгі жұмысы – руханиятпен айналысу. Жастарды өзіміздің дәстүрлі дініміз үйрету. Біз қандай да бір лаңкестікпен қалай күресе аламыз? Ең біріншіден, жастарға дұрыс дәстүрлі дінімізді үйрету қажет. Егер жастарымыз дәстүрлі дінімізді үйренген болса, соны толыққанды білген болса, онда ол басқа бір лаңкестік, басқа бір зиянды жаққа бармайтыны анық. Оның шешімі қандай да бір оқу орындары, болмаса, қандай да бір ортада өзіміздің дәстүрлі дінімізді көбірек насихаттау, жастардың санасына көбірек жеткізу керек. Қазір өздеріңізде білесіздер, дін мен дәстүрді көтеріп жатырмыз. Расында да дініміз бен дәстүріміз біте қайтасып кеткен дүние. Егер жастарымыз дәстүрімізді дінімізбен қоса үйренетін болса, онда ешқандай радикалды топтарға қосылып кетпейді», – деді Ержан қажы.

Оның пайымынша, дәстүрлі дін ол ынтымаққа, бейбітшілікке шақыратын дін. Екіншіден, қазақтың баласының санасына өзіміздің салт-дәстүріміз сіңген болса, ол ешқандай да радикалды топқа бармайды.

«Бүгін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі алдындағы отырысты көрдіңіздер. Дін иелері көптеген мәселелерді көтеріп жатыр. Бұл съездің маңызы жылдан-жылға артып келе жатыр. Неге десеңіздер, әлемдегі түрлі дінаралық немесе саяси қақтығыстардың барлығы ертеңгі күні бір алаңды іздейтін болады. Бүкіл саясаткерлердің, болмаса, діндарлардың басын қосатын алаң керек болады. Сол алаң Құдай қаласа, осы бүгінгі дін лидерлерінің съезі деп айта аламын», – деді ол.


09.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2784804
* * *

ҚАЗАҚСТАН ҰСЫНҒАН АЛАҢ ҚАҚТЫҒЫСҚАН ТАРАПТАРДЫ ЖАНЖАЛДАРДАН ЛАЙЫҚТЫ ШЫҒАРА

АЛАДЫ – Ю. НОВГОРОДОВ
Астана. ҚазАқпарат – Қазақстанның ұсынған алаңы қақтығысқан тараптарды жанжалдардан лайықты деңгейде шығара алады. Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі Хатшылығының XIV отырысы барысында Қазақстандағы Евангелия-Лютеран шіркеуінің Епископы Юрий Новгородов журналистерге берген сұхбатында осылай айтты.

«Саналы азамат - төбелеске араласудан қашады, дегенмен, егер жағдай оған төбелесуге итермелеп тұрған күннің өзінде ол бұл төбелестен шығудың жолын қарастырады. Сосын лайықты түрде одан шыға да алады», - Ю. Новгородов. Бұл ретте Епископ соңғы уақытта тараптар қақтығыстардың бекер екенін түсініп, оны өршітпей керісінше шығу жолдарына мән бере бастағанын атап өтті. Дегенмен, бұл ретте екі жақты ымыраластыратын тараптың рөлі ерекше болып табылады.

«Менің ойымша, Қазақстан да, оның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та ең жақсы ұстанымды қолдап отыр. Өйткені, Қазақстан қақтығысып, тірескен тараптардың сол жанжалдардан  лайықты шығару алаңына айналып келеді», – деді Ю. Новгородов.

09.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2784817

* * *


ҚМДБ ТЕЛЕАРНАЛАР ТАРАПЫНАН ҰСЫНЫС ТҮССЕ, ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ ДАЙЫН

ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЯМЕРОВ


Астана. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы телеарналар тарапынан ұсыныс түссе, көгілдір экранда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге дайын. Бұл пікірді бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 14-ші отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Маямеров білдірді.

«Біздің Діни басқарманың жеке телеарнасы жоқ. Өздеріңіз білесіздер, 31-ші арнаның өзі коммерциялық телеарна, ұсыныс айтып келсек, ақша сұрайды. Сондықтан егер де ұсыныс жасасаңыздар, біз дайынбыз», – деді ол БАҚ өкілдерінің басқарма тарапынан жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына қатысты сауалына.

Ержан қажының атап өтуінше, қазіргі уақытта басқарма жанынан республикалық ақпарттық-насихат тобы құрылған.

«Ауылдарды, елді мекендерді, оқу орындарын аралап, экстремизм мен терроризмнің қандай қауіпті екенін, сондай теріс ниетті адамдардың сөзіне қарап қалай тануға болатынын түсіндіріп, кішкентай кітапшалар шығарып жатырмыз. Діни басқарма мемлекеттік орын емес, біз зайырлы ұйымбыз», – деді ол.


09.06.2015 ж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2784818
* * *

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: ДІНАРАЛЫҚ ҮНҚАТЫСУ ЖАҺАНДЫҚ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІККЕ БАСТАЙДЫ
Сан ғасырлар бойында Ұлы Даланың аумағы әр алуан діндерді – тәңіршілдік, зороастризм, буддизм, христиандық, иудаизм, ислам және тағы басқаларды ұстанған көптеген халықтардың ықпалдаса бейбіт қатар өмір сүруімен ерекшеленді.

Ықылым замандардан бастап бүгінгі күнге дейін осынау жер сауда және мәдени алмасу арқылы Азия мен Еуропа арасындағы өзіндік бір байланыстырушы буын қызметін атқарып келеді. Ол қазір де көптеген халықтар мен діни нанымдардың өкілдері үшін туған жұрты болып табылады.

* * *

Халықтардың, діндердің, мемлекеттер мен үкіметтердің бейбіт қатар өмір сүруі мен сындарлы өзара іс-қимылы туралы мәселе қазіргі кезде ерекше өзекті маңызға ие болуда. Таза теориялық аядан ол аса маңызды практикалық міндеттер қатарына шықты.



Нақ сондықтан да көптеген аса көрнекті саяси және діни қайраткерлердің күш-жігерімен шынтуайтында байырғы заманнан қазіргі күндерге дейін тоқталмаған діндердің, мәдениеттердің, өркениеттердің үнқатысуын жалғастыру аса қажет болып табылады.

* * *


Рухани әмбебаптығымен қатар дін халықаралық ынтымақтастықтың ықпалды институты да. Бұл, әсіресе, қазір, кей жағдайларда этностық-діни реңкте болатын жергілікті және өңірлік жанжалдар саны өсіп отырған біздің уақытта маңызды.

Саяси реттеу әдістері іске аспаған жерде Құдай сөзінің рөлі татуластыру мен үміттің бірден-бір құралы болып қалуда. Негізіне адамгершіліктің ең жоғары үлгілері алынған діни дәстүрлердің рөліне біздің қауырт, кейде бейретсіз өзгеріп жатқан дүниеде баға жетпейді.

* * *

Мен қазіргі мәдени-өркениеттік және діни айырмашылықтарға идеологиялық, саяси реңк беруге жол беруге болмайтындығы туралы батыл мәлімдер шақ келгеніне кәміл сенімдімін.



Біз өздерін жалған діни сипаттағы доктриналармен бүркемелейтін агрессия және зорлық-зомбылық актілерінің шынайы болмысын тани білуге және оны әшкерелеуді үйренуге тиіспіз.

* * *


Материалдық игіліктермен ешқандай байланыспайтын даусыз ұлы құндылықтар бар, олар адам үшін әрдайым басым және негіз қалаушы болып қалады.

Олардың бастылары – руханият, адамгершілік. Бұларды өз бойына негізгі жинақтаушы дін болып табылады, ол ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық және діни дәстүрлерді, әр халықтың төлтума тарихи және мәдени тәжірибесін сақтап келеді.

Тұрақты үнқатысудың құндылығы мынада, орын алып отырған келіспеушіліктерге қарамастан, бәзбір «алтын ортаны» іздеудің мәні мен процесінің өзі сақталады. Және ең бастысы – үнқатысу бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын қалыптастырады. Мен діни үнқатысудың сөзсіз құндылығын осыдан көремін.

Осыған байланысты мен барлық діндер мен конфессиялардың өкілдеріне Діндер форумын тұрақты негізде өткізу ұсынысымен қайырылып отырмын.

Мұндай институттың құрылуы дінаралық үнқатысудың негіздерін нығайтады, дін қайраткерлері мен діндарлардың өздерінің арасындағы сындарлы байланыстарға жүйелілік сипат береді.

* * *


Саналуандық – кемшілік емес, керісінше, бұлҚұдайдың баға жетпес сыйлығы, сол сан алуандықтың арқасында шынайы өзара молығушылық, нағыз даму жүреді.

Әр халықтың қайталанбас, тек өзіне ғана тән дәстүрлері, тарихы, ойлау қабілеті бар.Әркім адамзаттың сан әуезді рухани мәдениетіне өзінің айрықша әуенін қосады.

* * *

Біз қарапайым, алайда сөзсіз бір ақиқатты түсінуге тиіспіз – бүгінгі дүниеде біздің бәріміз өзара тәуелдіміз. Және бұл өзара тәуелділік кез келген жайт пен тербелісті сезінетін шетін де сезімтал тетік болып табылады.



Біздің ортақ үйіміз бұл тек қана біздің еліміз емес, сонымен бірге, біздің бүкіл Жеріміз екені маңызды.

* * *


Дін қайраткерлері бір діннің екіншісінен артықшылығы туралы шындап байсалды пікір білдіре бастаса, онда жанжал әу бастан қалыпталғаны айқын болады.

Бұқаралық ақпарат құралдары басқа діндегілердің қасиетті сезімдерін қорлауды ұшындыра түссе, онда бұл журналистердің ерте ме, кеш пе өз нанымдарының қорлануымен бетпе-бет келетіні айқын болады.

Саясатшылар этнодіни жанжалдарды шешуде күштеу әдісін қолдануға еш шімірікпестен бұйрық берсе, соғыс олардың өз үйлерінің табалдырығына келетіні айқын болады. Бұл үштағанда агрессияшыл жақ болмауы тиіс.

* * *


Діни төзімсіздіктің өсуі бір жағынан жаһанданудың нәтижесі. Түрлі мәдениеттер мен діндердің орасан мол болмыстары тікелей қатынасқа түсті. Бәрі көші-қон, телевизия, мәдени модельдер арқылы араласып кетті. Жаһандану жаһандық экономикалық әділетсіздікке көзімізді ашты. Миллиардтаған азып-тозған адамдар осы заманғы әлемде қалай өмір сүруге болатынын көрді және олар ешқашан солай өмір сүрмейтінін түсінді.

Халықты саяси жұмылдыру үшін дінді пайдалану – бұл тарихта сан рет қайталанған қадам. Әрдайым қасіретпен аяқталған қадам.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің айрықша жауапкершілігі мынада, діни уағыздар саяси жанжалдарға бастамасын, оларды мемлекеттік құрылымдар мен астыртын ұйымдар өздерінің құдірет ісінен алыс міндеттерін шешу үшін пайдаланбасын.

* * *


Кез келген шынайы мәдениеттің негізінде Құдайға табыну жатыр. Нанымға негізделген мәдениеттер мыңдаған жылдар бойы тарихтағы өзінің жанды сөзін сақтаған.

Кейбір тұрғыда өзіңнің діни рухыңды сақтау тарихта тұтас халықтарды сақтаудың кепілі болады. Әлбетте, дүние ешқашан бір өркениетті жобаның негізінде құрылмайды.

Біздер, саясатшылар үшін тарихтың, соның ішінде осы заман тарихының бұл түйінді элементін түсіну өте маңызды.

Бір мәдени дәстүрдің өз құндылықтарын басқа мәдениеттерге таңу ниеті, басқаның сызғыштары бойынша қоғамдық қатынастарды құру әрекеті ешқашан өзара түсіністікке жеткізбейді. Керісінше, мұндай қатал мәдени жаулаушылық одан кем емес қатал қарсылықты туғызады.

Басқа халықтардың тарихи дәстүрлеріне деген құрмет қана, өркениеттердің, діндер мен халықтардың қатынасындағы әділдік пен шынайылық қана келісім мен имандылық әлемін құруға қабілетті.

* * *


Адам деген өзінің шешілмеген мәселелерін көк жүзіне апарып тіреп қоюға бейім тұрады. Сонымен бірге, қоғамның да тұтастай алғанда кәдуілгі жайлардың өзіне діни сипат беретін кездері көп.

Діндер арасындағы жанжалдар мен қарама-қайшылықтар делініп жүргендердің көбі мемлекет арасындағы, экономикалық топтар арасындағы, нақты саясаткерлер арасындағы жанжалдар болып келеді.

Дін – адамның ішкі жан-дүниесіндегі тылсым сөз, ал оны адамдар арасындағы қоғамдық келісім деп атап жатады.

Дінаралық үнқатысуға қол жеткізу үшін бүгінгі күннің мәселелерінен бойды аулақ салуға болмайды. Егер бұрын әңгіме діндердің тарихтың ұзына бойында кейде келісіп, кейде кетісіп жүруі жөнінде қозғалса, қазіргі әңгіме діни және зайырлы әлемдердің жаһандық үнқатысуы жөнінде қозғалып жүр.

* * *

Мемлекет, ұлт немесе дін өзінің саясатын бөгде мәдени кеңістікті басып алу, жаулап алу тұрғысынан қарастырар болса, онда әманда өзінің өмір сүру ортасын аздырып-тоздырмай қоймайды. Қазақтарда бағзы замандардан бері әр өңірдің өзінің әулиесі, өзінің рух берер күштері, өзінің сыйынар аруақтары болған. Адамның, діннің, жердің мұндайлық терең өзара кірігуі – жүздеген жылдар бойы менің халқымның жанын сақтап қалған құтқарушы сүзгі сынды. Қазақтар кең болғанның кем болмайтынын кітаптан оқып емес, өмірден тоқып білген.



«Құдайды іздеймін деп қаңғырып қалғандардың» торына түспес үшін ерекше сақтық және біршама саламатты консерватизм керек.

Саясаткер ретінде маған дәстүр мен жаңаны іздеушіліктің арасындағы үйлесімділіктің қажеттігі басы ашық нәрсе. Алайда, әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі рухани мұраны сақтау тұрғысында ғана аса ауқымды емес.Бұл арада ғасырлар бойы жинақталған рухани тәжірибе де бар, адамның ақыл-ойына сыймайтындай кейбір эксперименттерден сақтап қалар жалғыз күш те сол.

Біз қазірдің өзінде Құдай іздеушіліктің оғаш, шектен шыққан түрлерінің, сондай-ақ, гендік технология саласында дәстүрлі этика аумағынан асып кететін тәжірибелердің жаппай шабуылға шыққан шағын бас­тан кешіріп жатырмыз.

Сондықтан да жаһандық өлшеммен қарағанда әлемдік және дәстүрлі діндердің рөлі көкейкесті бола түсіп қана қоймай, олар адамның шынайы рухани қазынаны сақтап қалуының түйінді факторына да айналып келеді.

* * *

Біз баршамызға аян мына бір шындықты ешқашан естен шығармауымыз керек: Жаратушы – жалғыз, дүние – ортақ, аспан асты – кең, ендеше, біз бір атаның баласы, бір ананың перзенті ретінде бір-бірімізбен береке-бірлік пен ынтымақта өмір сүруіміз керек.



Соңғы уақытта дүниенің түкпір-түкпірінде жаһандық жаңа қатерлер бой көтерді. Сондықтан да түрлі діндердің ғасырлар бойы жинаған мол жасампаздық тәжірибесін пайдаланып, Құдай сөзін бітімгершілік пен келісімнің пәрменді құралы ретінде пайдалануымыз керек.

* * *


Мыңдаған жылдар дін жан-жүректе тыныштандырудың бастауы, халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара ықыластылықтың факторы қызметін атқарды. Бүгінгі дүниеде діннің осындай әлеуетімен салыстыруға келетін қандай да бір нәрсе бола қоймас.

Әңгіме діни сананың ізгілігі, діннің мәдени мұрасы, діни дәстүрлердің саналуандығы, қағидаттық тепе-теңдігі мен құрметі, рухани тәрбие және тәлімгерлік секілді құндылықтар туралы болып отыр.

* * *

Сан ғасырлар бойы түрлі этностар мен діни нанымдардың рухани мұрасымен кемелденген Қазақстанның біртұтас халқы өз бойына толеранттылық, діни төзімділік және жаңа атаулыны қабылдауға деген ашықтық секілді қасиеттерді қалыптастырған. Сондықтан да біз ғасырлар бойы қалыптасқан осынау адамгершіл императивті бүкіл адамзатқа жеткізуді өз міндетіміз сезінеміз.



Бүкіл адамзатқа сөз арнаған Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) бұл өмірдегі өз миссиясының басты мақсатын айқын тұжырымдаған: «Мен ізгіліктің тектілігін жетілдіру үшін ғана жіберілгенмін».

Иисус Христос былай деген: «Егер адам бүкіл дүниеге ие болса, ал өз жанына жарақат түсірсе, одан оған не пайда бар?».

Бүгінде алдыңғы тұрғыға ізгілік бастаулары шығуы тиіс. Осынау маңызды құралсыз қоғамның дағдарыстан дамудың әлдеқайда жоғары траекториясына шығуы мүмкін емес. Мен бұған әбден сенімдімін.

* * *


Құдай шамаң жетпейтін жүк бермейтіні белгілі, сондықтан да бүгінде адамзаттың өзінің бұрынғы қателіктерін түзеу мүмкіндігі әлі де бар.

Қазіргі дағдарыс әлемге қайта өзгерудің, адамзаттың әділ дүние тәртібі туралы мәңгі арманын іске асырудың бірегей мүмкіндігін береді. Ал бұл мүмкіндікті жіберіп алу кешірілмес күнә болар еді.

* * *

Планетада ахуалды тұрақтандырып, оны қауіпсіз жасай алатын халықаралық кооперацияның жаңа формаларын әзірлеу жөнінде табанды іс-қимыл қажет. Терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы тұрудың әлдеқайда тиімді тетіктері талап етіледі.



Бүкіл адамзаттың ядролық қарусыз дүниеге қарай жаһандық қозғалысында күш-қуатты біріктіру айрықша маңызды.

* * *


Дағдарысқа тек материалдық тұрғыдан қарсы тұруды қарастыру тым тар өрісті болар еді. Санадағы өзгерістерсіз, моральдық нормалар мен биік адамгершілік қағидаттарды қатаң сақтаусыз дағдарысты еңсере алмайтынымызға мен сенімдімін! Тек әділ дүние тәртібі ғана адамзат қоғамы өркендеуінің негізі бола алады!

* * *


«Халықтарды бір-бірінен бөлетін теңіздер емес, надандық пен тілдердің бөлектігі де емес, араздық қана» деген даналық сөз бар. Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу – адамның өз міндеті.

* * *


Дін – руханисыздық пен ашкөздіктің алдындағы аса берік қорғаушы бөгеттердің бірі. Көптеген кезеңдерде дәл осы дін халықтық даналықтың, мәдениеттер мен дәстүрлердің кей жағдайда, тіпті, бірден-бір сақтаушысы болып келді.

* * *


Адамзаттың жаһандық тарихында Бейбітшілік пен Келісімнен өткен құндылықтар болған емес.

Қазіргі дүниеде әлемдік құрылыстың оң тұжырымдамасының тапшы екенін мойындауға тура келеді. Адамзат, бұрындары талай мәрте болғанындай, оған Жоғары Сана берген жаңалықтардың барлығын әркез әлем игілігі жолына жұмсамауда.

Мәселен, халықтарды біріктіруге тиісті аса жоғары ақпараттық технологиялар мен аса жаңа коммуникациялар көп жағдайда адамдарды бөлу үшін, қоғам іші мен елдер арасына жаңа тосқауылдар қою үшін қолданылуда. Желілік ресурстар білім таратудың орнына көп жағдайда кесірлі істерді насихаттауға қызмет етіп, жалғандықтың, адамдардың арсыз түйсіктерінің, ағайынаралық өшпенділікке үндеулер мен жеккөрушіліктің ұрығын шашады. Кез келген қоғамның моральдық және өнегелілік беріктігі – отбасы, балаларды тәрбиелеу дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы және басқалар бұзылады.

Осының бәрі қазіргі заманның ащы шындықтары.

* * *

Мен полимәдениеттілік, этностық және діни сан алуандық – ол қоғам үшін қатер емес, орасан артықшылық деп есептеймін.



ХХІ ғасырда толеранттылық инновациялық экономиканы дамыту мен өркендетудің шешуші факторына айналып отыр.

Соңғы 30 жылда этномәдени сан алуандылығымен ерекшеленген елдердің неғұрлым зор табыстарға жету фактісін көрмеуге болмайды.

Бүгінгі әлем осындай тәжірибені кеңінен таратуға және дамытуға мұқтаж.

Ислам – адамзаттың мәдени және материалдық мұраларының орасан зор және өсіп келе жатқан қатпары. Қазіргі заманғы және болашақтағы жаһандық қоғамдастықты Ислам әлемінсіз көзге елестету мүмкін емес. Оған тосқауыл қоюдың кез келген түрі көрегенділік емес, тіпті, қатерлі де.



09.06.2015 ж.

http://egemen.kz/2015/06/09/65667

(«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы 2013 жылы шығарған «Дінтұтқа» жинағынан)

___________________________

ІІ БӨЛІМ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет