Символдық жолдар жəне жолдарға қолданылатын функциялар. Символдық қатарларды баяндау. Символдық қатарларды бірнеше əдістер арқылы анықтауға болады. Келесі əдістер негізгі əдістерге жатады:
- қатарлық константаларды қолдану;
- символдық қатарлардан тұратын массивтерді жəне char типті массивтерді қолдану.
Қатарлық константалар тырнақшаларға алынады. Тырнақшаларға алынған символдар жəне қатарлардың ең соңғы ‘/0’ символы жадының тізбектелген ұяшықтарында жазылады. Компилятор қатарды жадыға орналастырғанда жадының қажетті өлшемін анықтау үшін символдардың санын есептейді. қатарлық константаларды #define директивасының көмегімен анықтауға болады. Егер қатарда тырнақша символын қолдану керек болса, онда бұл символдың алдына кері бөлшек сызығы жазылады. Мысалы: printf (“\” Сведения о сессии”\n”);
Қатарлық константа осы жол жазылған жадыдағы орынға сілтейтін көрсеткіш болып табылады. Символдық қатарлардың массивін анықтағанда компилятор жадыдының қажетті өлшемін анықтау үшін массивті баяндағанда қатарлық константа арқылы инициалдауға болады. (Статикалық жəне сыртқы массивтер қолданылады). char c[ ]=”Определение максимального балла”; (сыртқы массив). Əдеттегі массивтерді қолданған жағдайдағы сияқты бұл массивтің аты с, осы массивтің 1-ші элементіне сілтейтін көрсеткіш болып табылады. c==&c[0]; *c==’0’, жəне *(c+1)==c[1]==’n’; қатарларды анықтау үшін көрсеткіштерді қолданамыз. Мысалы: char *c1=”\n ввод баллов”; Осы баяндалуға келесі баяндалу эквивалентті: static char c1[ ]=”\n ввод баллов”; қарастырылған қатардың екі баяндауы с1 қатардың көрсеткіші екенін көрсетеді. Жадының қажетті өлшемін айқын көрсетуге де болады. Сыртқы баяндауда келесі қатарды мына түрде жазуға болады: char c[35]=”определение максимального балла”; вместо char c[ ]=”определение максимального балла”;
Элементтердің саны қатардың ұзындығынан бір символға артық болуы керек (нөль-символын _______есептегенде). Басқа статикалық немесе сыртқы массивтердегідей кез келген қолданылған элементтер автоматты түрде нөлмен инициалданады (символдық түрде бұл нөль санының символыны емес, нөль-символы болып табылады).
Символдық қатарлардан тұратын массивтер. Əрбір жолы символдық массив болып табылатын символдық қатарлардан тұратын массивтерді қарастырайық. Статикалық массивтің баяндалуын келесі түрде келтірейік: static char *m[4]={“регистр”,”ячейка”,”указатель”, ”элемент”}; *m[4] массиві символдық қатарларға сілтейтін 4 көрсеткіштен тұрады. Сонымен, символдық қатарлар массивтер болып табылатын болса, онда осы массивтерге сілтейтін 4 көрсеткіш қарастырылады. 1-ші жолға сілтейтін 1-ші көрсеткіш болып m[0]-ші табылады. 2-ші жолға сілтейтін 2-ші көрсеткіш m[1]. Сонымен, əрбір көрсеткіш сəйкес қатардың ең бірінші символына сілтейді. *m[0]==’р’; *m[1]==’я’; *m[2]==’у’; *m[3]==’э’; инициалдау массивтерге арналған ережелер бойынша орындалады. Тырнақшаларға жазылатын текстер жақшалы жазбаларға эквивалентті: {{…},{…},…,{…}}; қатарлардан құрылған массивтерді баяндағанда символдық қатарлардың өлшемін көрсетуге де болады жəне бұл баяндалуда қатарлардың ұзындығы бірдей болады: static char m[4][10]; статикалық (сыртқы_______) массивтің қатарларының қолданылмаған (артық) элементтері ‘/0’ (нөль-символымен) символымен инициалданады.
Артық элементтер (яғни, жады тиімді жұмсалу үшін) болмас үшін келесі баяндалуларды қолдануға болады: static char *[4]; Мұнда əрбір қатардың ұзындығы массивтің сəйкес қатарын инициалдайтын нақтылы қатармен анықталады.
Символдарды өңдеу библиотекасы. Символдарды өңдеу библиотекасы символдық мəліметтермен бір қатар пайдалы тексерістер мен операцияларды орындайтын бірнеше функциялардан тұрады. Əрбір функция аргумент ретінде int типін немесе EOF (файл соңы) индикаторын ұсынатын символды қабылдайды. Символдарды өңдеу библиотекасының функцияларымен жұмыс істеу үшін тақырыптық файлды қосамыз.
Қатарларды түрлендіру функциялары. қатарларды түрлендіру функцияларымен жұмыс істеу үшін тақырыптық файлды қосу қажет. Бұл функциялар сандар қатарларын бүтін мəндерге жəне жылжымалы нүктелі мəндерге түрлендіреді. Кестеде қатарларды түрлендіру функциялар тізімі келтірілген.