Международный гуманитарно-технический



бет2/37
Дата22.06.2023
өлшемі2,73 Mb.
#179096
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
konspekt lektsiya-2021-2022

Пәнге кіріспе


Жоспары: «Программалау есептерін шығару практикумы» пәнінің мақсаты мен даму сатылары. Ақпараттық жүйелерде қолданылатын есесптеу техникасының ролі. Оқу барысында компьютерді пайдалану

«Бағдарламалау технологиясы» пәнінің мақсаты есептердің алгоритмдеу негізін, бағдарламалаудың ақпараттық негіздерін, бағдарламалау тілінің классификациясын, мәліметтер типтері түрлерін, операцияларын Си бағдарламалау тілінің операторларын оқыту; бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, бағдарламалау стилін, бағдарламалаудың сапа көрсеткішін, бағдарламаны сынау мен қалыптасу тәсілдерін, объектілі-бағытталған бағдарламалаудың негіздерін, жады класстарын, адрестеу мен жадыны ұйымдасытруды құру, көрсеткіштерді қолданып бағдарлама құру және С++ тілінің бағдарламалау ерекшеліктері болып табылады.


Студенттер пәнді оқу үрдісінде Си тілінде қолданатын есептерді алгоритмдеу негіздерін, мәліметтер түрлерін, операцияларын Си бағдарламалау тілінің опреаторларын, ішкі операторларды, тұрғызылған функцияларды, бағдарламаны қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, бағдарламалау стилін, бағдарламалаудың сапа көрсеткіштерін, бағдарламаны сынау мен қалыптастыру тәсілдерін. Бағдарламалаудың объектілі-бағытталған негіздерін, жады класстарын, адрестеу мен жадыны ұйымдастыруды құру көрсеткіштерін қолданып бағдарлама құру және С++ тілінің бағдарламалау ерекшеліктері болуы тиіс.
Студенттер пәнді үйрену нәтижесінде әртірлі алгоритмдердің құрылымдық сұлбасын білуін талап ететін есептерге сәйкес мәліметтер құрылымын ұйымдастыруды бағдарламалау тәлән таңдау, тіл құрылысын қолданып берілген бағдарламалау тілінде бағдарлама құру және жақсы стильде бағдарлама жазу, бағдарламаны сынау және қалыптастыру, сапалы бағдарламалық құжатты құруды білулері керек.
«Бағдарламалау технологиясы» пәнінің мағынасы мен алатын орыны осы пәнді оқу кезінде алған білімдерін осы пәнмен өзара байланысқан басқа пәндердің есепт ерін шешу кезінде қолдана білу мүмкіндіктерімен қорытындыланады.
Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жалпы оқытудың мақсаты- оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
-мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны (АКТ) бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет