Международный гуманитарно-технический



бет8/37
Дата22.06.2023
өлшемі2,73 Mb.
#179096
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Байланысты:
konspekt lektsiya-2021-2022

Бақылау сұрақтары

  1. Алгоритмдік тілдерді ата

  2. Алгоритмдік құрылымдардың негізгі түрлері.

  3. бағдарламалау тілдерінің командалары.



Ұсынылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Жүнісбеков, Ж.С. Программалау есептерін шығару практикумы. [Мәтін]: Оқу құралы. Шымкент, 2018-96б.
2. Балғанова, М.С. Программалау есептерін шығару практикумы Шымкент-2018
3. Кемельбекова, Ж. СИ бағдарламалау тілі [Мәтін]: Оқу құралы / Ж. Кемельбекова, Г. Абишова.- Шымкент, 2018.- 176б.
4. Медешова, А.Б. Бағдарламалау [Мәтін]: Оқу құралы / А.Б. Медешова, Ғ.Г. Мұхамбетова.- Алматы: Бастау, 2017.- 368б.
5. Стауструп Б. Программалау 1-том. С++ тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі. Оқулық-Алм, 2016-688, (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен)


Қосымша әдебиеттер

1. Сейпилова Б. Программалау технологиялары. Оқу құралы. Тараз,2011.-200б-10экз


2. Искакова, К.А. Бағдарламалау технологиясы [Мәтін]: Оқу құралы / К.А. Искакова.- Алматы: Нур-Принт, 2018.- 216 б.
Лекция 3


Жоспары: Процедураға бағытталған тілдер және объектіге бағытталған бағдарламалау туралы түсініктер. Компьютерді бағдарламалық қамтамасыз етудің жалпы түсінігі.
Объектітілі-бағытталған қадам жасау негізінен бағдарламалық жүйелерді олардың прагматикасы негізінде тілдік-тәуелсіз жасап шығару үшін модельдерді жүйелі пайдалануға негізделген.
Соңғы термин түсіндірмеге мұқтаж. Прагматика бағдарламалық жүйені жасау мақсатымен анықталады: банк клиенттеріне қызмет ету үшін, аэрапорт жұмысын басқару үшін, футбол бойынша әлем чемпионатына қызмет көрсету үшінг және т.б. мақсаттарды құрылымдауда нақты әлемнің заттары мен түсініктері, яғни жасалынып жатқан бағдарламалық жүйеге қатысы бар заттар мен түсініктер қатысады. Объектілі – бағытталған қадам жасауда осы заттар мен түсініктер модельдермен алмастырылады, яғни басқаша айтқанда бағдарламалық жүйеде аталған заттар мен түсінкітерді көрсететін немесе өрнектейтін формальды конструкциялармен алмастырылады.

Семантика (оны орындап жатқан компьютер тұрғысынан алғандағы бағдарламаның мағынасы) және прагматика (пайдаланушылар тұрғысынан алғандағы бағдарлама мағынасы)

Модель негізінен өзімен өрнектелетін заттың барлық қасиеттері мен белгілерінен емес (түсініктер), тек бағдарламалық жасалып жатқан жүйе үшін маңыздыларынан ғана тұрады. Осы арқылы модель «кедей», ал соған сәйкес өзімен көрсетіп немесе өрнектеп отырған зат өте қарапайым болады. Бірақ бастысы бұл да емес, яғни модельдің формальды конструкция екені бастысы, модельдердің формальды сипаты олоардың арасындағы және олар үстінен жасалатын формальды операциялар арасындағы формальды тәуелділіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл негізінен модельдерді жасауды және оларды оқып білуді (талдауды) қарапайым етеді, сонымен қатар олардың компьютерде таралуын қарапайым етеді. Жеке алып қарағанда модельдердің формальды сипаты жасалынып жатқан бағдарламалық жүйенің формальды моделін алуға мүмкіндік береді, яғни олардың компоненттерін формальды модель композиция ретінде өрнектейді.


Олай болса, объектілі – бағытталған қадам жасау келесідей күрделі проблемалармен жұмыс істей алуға немесе оларды шешуге мүмкіндік береді:

  • Бағдарламалық қамтамасыз етудің күрделілігін азайтуға;

  • Бағдарламалық қамтамасыз етудің сенімділігін жоғарылатуға;

  • Бағдарламалық қамтамасыз етудің модификациялануының мүмкіндіктерін олардың жеке компоненттерін өзгертпестен қамтамасыз етуге;

  • Бағдарламалық қамтамасыз етудің жеке элементтерін қайталап пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етуге.

Объектілі- бағытьталған қадам жасауды жүйелі пайдалану жақсы құрылымданған, эксплуатациялауда сенімді болатын, жеткілікті қарапайым модификацияланатын бағдарламалық жүйелерді жасап шығаруға мүмкіндік береді. Осы арқылы бағдарламашылардың объектілі – бағытталған қадам жасауға және бағдарламалау тілдерінің объектілі – бағытталған тілдеріне деген қызығушылық түсіндіріледі. Объектілі – бағытталған қадам теориялық және қолданбалы бағдарламалаудың өте интенсивті дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет