«Алгоритмдеу және бағдарламау негіздері» пәні бойынша



Дата25.09.2023
өлшемі0,91 Mb.
#182443
Байланысты:
Жұмабай Айдана 1 зерт ж
Токсан Алтынай 113К-ТФП икгсөж3, Оқу сабағының жоспары, Жұмабай Айдана, Жұмабай Айдана ЭЭСк 22 2 (1), Û íåã³çäåð³

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ

Электр энергетика және электр техника институты


«Электроника және компьютерлік техника» кафедрасы



«Алгоритмдеу және бағдарламау негіздері» пәні бойынша
№1 зертханалық жұмыс

Пәні: «Алгоритмдеу және бағдарламау негіздері»


Орындаған: Жұмабай Айдана
Тобы:ЭЭСк -22-2
Қабылдаған: Құралбаев Зауытбек Құралбаевич

Алматы 2023


№ 1. Тапсырма. Келесі фрагментті орындап, жіберілген қатені табыңыз:
𝐬𝐚𝐥𝐞𝐦_𝐝𝐨𝐬. 𝐩𝐲
amandasu = (“salem dostar!”)
print(“amadasu ”)
.
№ 2. Тапсырма. Өзіңіздің фамилияңыз, атыңыз туған күніңіз, туған жылыңыз туралы мәліметтер әртүрлі айнымалыларда сақталынған болсын. Осы мәліметтердің барлығын бір айнымалыда сақталатындай жасау керек.

№ 3. Тапсырма. Берілген арифметикалық өрнектің мәнін есептеу. Тұрақты әрі белгілі шамалар 𝑎, 𝑏, 𝑐 мен мәні енгізілетін шама 𝑥 үшін келесі функцияның мәнін есептеу керек болсын: 𝑦 = 𝑎 ∙ 𝑥 2+𝑏 ∙ 𝑥 + 𝑐. Есептің программасын құрастырып, компьютерде орындаңыз.

№ 4. Тапсырма. Қабырғалары 𝑎, 𝑏, 𝑐 берілген үшбұрыштың периметрін табу. Математика пәнінен белгілі тәртіп бойынша, алдымен қабырғалардың мәндерінің үшбұрыш құрайтындығын тексеру керек. Осыдан кейін оның алгоритмін және программасын құрастырып, орындау керек.

№ 5. Тапсырма. Қарапайым пайыз бойынша депозитке салынған ақшаның алғашқы мөлшері екі жылдан кейін қаншаға тең болатынын есептеу. Ол есептеудің формуласы белгілі: summa = summa ∗ (1 + r ∗ n), мұндағы r = 5% −жылдық пайыз мөлшері, summa=1000 – депозитке салынған ақшаның алғашқы мөлшері. Екі year=2 жылдан кейінгі ақшаның мөлшерін табу үшін қандай амалдар орындалады? Есептің программасын құрастырып, орындаңыз.

№ 6. Тапсырма. Герон формуласы бойынша қабырғалары берілген үшбұрыштың ауданын табудың программасын құрастыру керек.



Бақылау сұрақтары:
1. Сызықтық алгоритмдерде есеп шешімінің қадамдары бірінен кейін бірі тізбектей орындалады. Тармақталушы алгоритмдерде алдымен қандайда бір шарт тексеріледі және шарттың орындалуына немесе орындалмауына сәйкес есептеу процесінің бірі орындалады.
2. Меншіктеу (:=) операторы ең көп қолданылатын оператор. Оның басты міндеті, кез-келген айнымалыға белгілі бір өрнекті тағайындап мәндестіріп отыру болады. Жалпы жазылуы былай: V:=A. Мұндағы V-айнымалы, А-өрнек немесе шама, := меншіктеу операторы. Осы жазылуда оператордың оң жағы есептелінеді де, сол жағы осы мәнді қабылдайды.
3. Қай тіл болмасын, әрбір іс-қимылды білдіретін тілдің қызмет сөздері болады және осы қызмет сөздер белгілі бір өзіне ғана тиісті іс-қимылды атқарады. Бағдарламада оларды операторлар деп атайды. Паскаль тілінде мынадай негізгі операторлар бар:
-Меншіктеу (Тағайындалу) операторы
- Шартсыз өту операторы
- Құрама оператор
- Таңдау(Варианттық) операторы
- Алдын-ала шартталған циклдык оператор
- Кейін шартталған циклдық оператор
-Жазулар операторы.
4. Алгоритмді вербалды сипаттау немесе сөздер арқылы сипаттау дегеніміз деректерді өңдеудің кезеңдерін табиғи тілде сипаттау. Мұндағы сөз дегеніміз таңбалардың белгілі бір тәртіппен орналасқан шектелген тізбегі. Ондағы әрбір таңбаға сәйкес кодтық бейне немесе оның коды болады.
5. Алгоритмнің мынадай түрлері белгілі - есептеу алгоритмдері, диалогтық алгоритмдер, графикалық алгоритмдер, мәліметтерді өндеу алгоритмдері, роботтарды басқару алгоритмдері, және т.б.
6. Командалары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.
Өз өміріңде мынадай жағдайлар бірнеше рет болған шығар, мәселен, сабақ оқу керек, алайда сен компьютердегі ойынды аяқтағың келеді. Немесе далада жаңбыр жауып тұр, сен серуенге шығасың ба, әлде шықпайсың ба? Келтірілген мысалдар біздің ойымыздың тұжырымын көрсетеді: кейбір оқиғалар болды ма, жоқ па?
Мысал келтірейік: Егер жаңбыр басылса, онда қолшатырды жабуға болады. Бұл мысалдағы шарт «жаңбыр басылды» болып табылады. Егер шарт «ақиқат» болса, біз қолшатырды жабамыз. Әйтпесе, егер шарт «жалған» болса, онда қолшатыр ашық күйінде қалады. 
Сөз арасындағы ақиқат немесе жалған мәндерін қабылдайтын «егер» және «онда» сөздері шарт деп аталады. Алгоритмдегі шарттарды жазу үшін >, <, = сияқты салыстыру таңбалары қолданылады.
1.Командалары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалатын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.
Мысалы, тал егу алгоритмі
қолға күректі аламыз
жерді қазамыз
жерге су құйямыз
талды жерге орналастырамыз
Алгоритмді жазсақ
Басы
Қолға күректі алу
Талды орналастырамыз
Жерге су құйамыз
Жерді қазу
Соңы
7. Нәтижелiк – алгоритмнiң орындалуы нақты нәтиже беретiндiгiн бiлдiредi. Жалпыламалық – алгоритмнiң жеке бiр есеп үшiн емес, осы сияқты есептердiң бүкiл тобына арналғандығын көрсетедi. Алгоритмнiң блок-сұлбасын мынадай геометриалық фигуралар арқылы бейнелеу келiсiлген. эллипс, алгоритмнiң басы және соңын белгiлеу.
8. Алгоритмнің бұл қасиеті, бастапқы мәліметтер мәнінің бір жиыны бір ғана нәтиже беретініне кепілдік бере алады. Егер берілген мәліметтер өзгерсе, нәтиже де өзгереді. Басқаша айтқанда, бір алгоритм бір типтес есептердің әр түрлі алғашқы мәліметтері үшін әр түрлі нәтиже беруі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет