Международный гуманитарно-технический



бет25/37
Дата22.06.2023
өлшемі2,73 Mb.
#179096
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
konspekt lektsiya-2021-2022

Бақылау сұрақтары

  1. Си бағдарламалау ортасының негізгі операторларын ата.

  2. Си бағдарламалау ортасының құрылымын ата

  3. Препроцессор директивасы



Ұсынылған әдебиеттер:


Негізгі әдебиеттер
1. Жүнісбеков, Ж.С. Программалау есептерін шығару практикумы. [Мәтін]: Оқу құралы. Шымкент, 2018-96б.
2. Балғанова, М.С. Программалау есептерін шығару практикумы Шымкент-2018
3. Кемельбекова, Ж. СИ бағдарламалау тілі [Мәтін]: Оқу құралы / Ж. Кемельбекова, Г. Абишова.- Шымкент, 2018.- 176б.
4. Медешова, А.Б. Бағдарламалау [Мәтін]: Оқу құралы / А.Б. Медешова, Ғ.Г. Мұхамбетова.- Алматы: Бастау, 2017.- 368б.
5. Стауструп Б. Программалау 1-том. С++ тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі. Оқулық-Алм, 2016-688, (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен)


Қосымша әдебиеттер

1. Сейпилова Б. Программалау технологиялары. Оқу құралы. Тараз,2011.-200б-10экз


2. Искакова, К.А. Бағдарламалау технологиясы [Мәтін]: Оқу құралы / К.А. Искакова.- Алматы: Нур-Принт, 2018.- 216 б.


Лекция 13,14,15
Си тілінде күрделі типтерді пайдалану.
Жоспары:
1 Бір өлшемді массивтер және сілтемелер. Қатарлар. Қатарларды өңдеу. Екі өлшемді массивтер. Екі өлшемді массивтерге сілтемелерді қолдану.
2 Мәліметтер құрылымы. Құрылымды баяндау. Сілтемелер мен құрылымдар. Файлдар. Файлдардың құрылымын баяндау. Файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Басқа бағдарламалау тілдеріне байланысты ұйымдастыру.
3 Бағдарламалауда стандартты функциялар қорын қолдану. Терезелермен жұмыс. Графика. Алғашқы бағдарламаларды құру және өңдеу. Компьютерде бағдарламаны өңдеу және орындау. С++ тілінде бағдарламалаудың ерекшеліктері. С++ тілінде бағдарламалаудың негізі. Си тілімен салыстыру.

Массивтер деп бірдей типті мəліметтердің логикалық байланысқан элементтерден тұратын мəліметтер құрылымын айтамыз. Программаның орындалу барысында массивтің өлшемі тұрақты болады.


Массивтің баяндалуы. Массивтер бірдей типті жəне бір атты логикалық байланысқан жадының ұяшықтар тобы болып табылады. Массивтің элементіне қатынас жасау үшін массивтегі осы элементтің массивтің атын жəне позициясының нөмірін көрсету қажет. Кез келген массивтің бірінші элементі нөлдік реттік нөмерге ие болады. Массивті баяндағанда массивтің атын, əрбір элементінің типін жəне элементтерінің санын көрсету керек. Мысалы: int b[100], x[27]; Төменде келтірілген бағдарламада 10 элементтен тұратын n бүтін типті массивтің элементтерін нөлмен инициалдау үшін for қайталау құрылымы қолданылады.
/* Массивті инициалдау */
#include
main()
{ int n[10], i;
for (i=0; i<=9; i++)
n[i]=0; /* Массивті инициалдау */
for (i=0; i<=9; i++) /* Массив элементтерін шығару */
printf(“%3d%10d\n”, i, n[i]);
return 0; }
Программаның нəтижесі:
0 0
1 0
2 0
3 0
4 0
5 0
6 0
7 0
8 0
9 0
Массивтің элементтері массивті баяндаудың соңына теңдік белгісін жəне үтірмен бөлінген инициалданатын мəндер (фигурлы жақшаға алынған) тізімін қою жолымен инициалдауға болады.
Төменде келтірілген бағдарлама бүтін типті массивті оң 10 мəндермен инициалдайды. /* Баяндауда массивті инициалдау */
#include
main()
{ int i, n[10]={2, 27, 64, 18, 95, 14, 90, 70, 6, 3};
for (i=0; i<=9; i++)
printf(“%3d”, n[i]);
return 0; }
Программаның нəтижесі:
2 27 64 18 95 14 90 70 6 3
Егер массивтің элементтеріне қарағанда инициалданатын мəндердің саны аз болса, онда қалған элементтер автоматты түрде нөлмен инициалданады. Мысалы, n массивтің элементтерін баяндау арқылы нөлдермен инициалдауға болады. int n[10]={0}; мұнда бірінші элемент нөлмен инициалданады жəне қалған тоғыз элемент автоматты түрде нөлмен инициалданады.
Егер массивтің инициалданатын мəндердің тізімімен баяндауында массивтің өлшемі кқрсетілмесе, онда массивтің элементтерінің саны инициалдау тізіміндегі элементтердің санына тең болады.
Си тілінде массивтердің бірнеше индекстері болуы мүмкін. Көп өлшемді массивтер жиі жол жəне бағандар бойынша реттелген мəндерден тұратын кестелерді бейнелеу үшін қолданылады. Кесенің нақты элементін иднтификациялау үшін екі индекс көрсетіледі: бірінші-элементтің жолын көрсетеді, ал екіншісі бағанын көрсетеді. Осындай кестелер немесе массивтер екі өлшемді массивтер деп аталады.
Көп өлшемді массив бір өлшемді массив сияқты оның баяндалуында инициалдануы мүмкін. Мысалы, int b[2][2]={{1, 2}, {3, 4}};
Келесі бағдарлама екі өлшемді массивтің баяндалу кезіндегі инициалдауын көрсетеді. Программада екі жол жəне үш бағанды (əрқайсысы алты элементтен тұрады) үш массив баяндалады. Əрбір массивтің элементтерін шығару үшін бағдарламада printarray функциясы шақырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет