Международный уни



бет6/9
Дата04.11.2023
өлшемі68,88 Kb.
#189612
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Аманбай Ақбота практика

Машықкер мінездемесі
Аманбай Ақбота Дүйсенқызы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің № 79 мектеп-лицейінде іс-тәжірибе өтуді 18-ақпан күні бастады. Оған мен жетекшілік ететін 9 «Ә» сыныбы бекітілді. Ақбота ең алғашқы күндерден байқағанымдай, сыныппен тез тіл табысып және олармен жақсы қарым-қатынаста болды.
Өзінің белсенділігін мектептегі ұйымдастыру жұмыстарына ат салысуы арқылы дәлелдеді. Ақботамен жеке ақылдасқанымда, мұғалімдік мамандыққа деген қызығушылығын байқадым. Себебі сыныппен жылдам танысып, олардың сыныптағы бір-біріне деген мейірімділігін және қамқорлығын арттырды. Арнайы өткізілген тәрбие-сағатына ерекше әдістер дайындап әкелетін.
Сыныптың жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пән сабақтарына қатысты. Сынып үлгерімін бақылады. «8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне» орай сыныпта тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар белсене қатысты. Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті. Тәрбие сағатын өткізу арқылы, оқушыларға ананы сыйлаумен қатар ұстаздардың да ана екенін және оларда сый-құрметке лайық екенін жеткізді. Аружан өзін білімпаз және ізденімпаз, белсенді және балажан адам ретінде жақсы таныта білді. Оқушылармен тез арада тіл табыса алды. Болашақта жақсы маман иесі болатынына және жас ұрпақты тәрбиелеуде мықты мамандардың бірі болатынына сенемін.
Аманбай Ақбота Дүйсенқызы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің № 79 мектеп-лицейінде өткен іс-тәжірибе барысындағы жұмысына жақсы деген баға қоямын (95 балл)

Сынып жетекшісі: ______________ Сағындықов С.С


Тәрбие сағатының талдау есебі
Тақырыбы: «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні»
Мақсаты: Оқушыларға әлемдегі барша аналардың және әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға және ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Қыз балаға деген сыйластықты және ұстаздарға деген құрметтілікті барынша арттыру. Олардың әлемнен үлкен орын алатынын және барша сый-құрметке лайық екенін ұқтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет