Международный универстет астана



бет6/15
Дата07.02.2022
өлшемі211,5 Kb.
#82217
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Форма УМКД-Силлабус каз

Құзырлықтар:
Оқу нәтижелері:
Пререквизиттер: биологияға кіріспе
Постреквизиттер: цитология және гистология, генетика, өсімдіктер физиологиясы.


2. МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(академиялық сағатта)

апталар

Модульдің және бағдарламалық материалдардың атауы

Сағат саны

1-5

Модуль 1.




Дәрістер




1.1. Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің заманауи жүйелеуінің пәні, міндеттері, әдістері мен маңызы. Жүйелеу: тарихы, жіктелуі, номенклатурасы. Төменгі және жоғары өсімдіктердің жалпы сипаттамасы.
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны: Өсімдіктердің систематикасының анықтамасы, оның биологиялық ғылым жүйесіндегі жағдайы, негізгі міндеттері мен әдістері. Өсімдіктердің жіктелуі туралы түсінік, филогенетикалық жүйелерді құру принциптері. Таксономиялық бірліктер (таксондар). Номенклатурасы. Органикалық әлемнің заманауи жүйесі. Өсімдіктер систематикасының мәні. Төменгі және жоғары өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмашылықтары.

1

1.2. Сабақтың тақырыбы: Прокариоты. Дробянкалар бөлімі (Mychota). Бактериялар (Bacteriobionta) и Көк-жасыл балдырлар (Цианеи) – Cyanophyta кластары
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны: Жасушалар құрылыстарының ерекшеліктері, экологиясы, көбеюі, таралуы, жіктелуі (кластар: Хоокококококк, Гормоний, Хамесифон). Негізгі өкілдердің сипаттамасы. Табиғаттағы рөлі және шаруашылық маңызы.

1

1.3. Сабақтың тақырыбы: Эукариоттар. Балдырлар бөлімдері: Жасыл (Chlorophyta). Харалар (Charophyta), (Эвгленовые (Euglenophyta), сарғыш-жасыл (Xanthophyta), пиррофиттілер (Pyrrophyta), алтын (Chrysophyta), диатомовые (Diatomeae)
Балдырлар жоғары сатыдағы өсімдіктердің ата-тегі болу ықтималдылығы. Жасушаның құрылысы. Экологиясы, таралуы, маңызы. Класстарға бөліну принциптері. Бөлімдердің, кластардың және негізгі өкілдерінің сипаттамасы. Жасыл балдырлар бөлімі. Нағыз жасыл балдырлар (Теңталшықтылар) класы. Хламидомонадалар, Вольвокстер қатарлары; Хлорококкалар класы. Хлорококкалар қатары; Улотрикстер класы. Улотрикстер, Эдогониялар, Ульвалар, Хетофоралар қатарлары; Сифондылар класы. Сифондылар, Сифонокладтылар қатарлары; Конъюгаттар класы. Мезотениялылар, Десмидиялылар, Зигнемалар қатарлары. Эволюциясы. Көбеюі, жыныстық процестері, көбею циклдары. Харалар бөлімі. Хара балдырлары класы. Хара балдырларының морфологиясының ерекшеліктері, көбеюі мен көбею циклдары. Экологиясы мен таралуы. Эвглена балдырлары бөлімі. Құрылыстарының ерекшеліктері, жүйедегі орны, экологиясы мен табиғаттағы маңызы. Пирофитті балдырлар бөлімі. Жасушасының құрылысы. Дорзовентральді дене пішіні. Морфологиясы, экологиясы, көбею тәсілдері. Криптофиттілер мен Динофиттілер кластары. Маңызды өкілдері, таралуы. Сарғыш-жасыл балдырлар бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Таралуы. Морфологиялық құрылысы ерекшеліктері. Жасушасының құрылысы. Жасыл және алтын балдырлармен өатарлас эволюциясы. Негізгі өкілдері. Көбеюі. Экологиясы. Диатомды балдырлар бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Экологиясы, таралуы, Морфологиясы. Көбею тәсілдері. Көбею циклдері. Классификация принциптер. Маңызды өкілдері. Маңызы.

2

1.4. Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар бөлімі (Mycetalia). Жалпы сипаттамасы. Хитридиомицеттер (Chitridiomycetes), Оомицеттер (Oomycetes) кластары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет