2 Оқыту үдерісіндегі пайдаланатын ойын түрлері Оқушылардың сабақтағы белсенділігі олардың сабаққа деген қызығушылықтарның артуымен тығыз байланысты. Әсіресе, дидактикалық (танымдық) ойындар оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпалын тигізеді. Дидактикадық ойындар оқушыларды тілдік материалдарға қызықтыруымен қатар тіл білімінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Өйткені, дидактикалық ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіруде, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Дидактикалық ойындар барсында оқушылар өздерін еркін сезінеді, басқа жолдастарымен тілдік қарым-қатынасқа оңай түседі. Бұл шәкірттердің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруіне, сабақтың тартымды өтуіне, жаңа материалды терең игеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындар арқылы оқушы өз күшін, қабілетін, тексере алады. Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:
ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;
оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;
оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;
оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;
ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады.
Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мәселелерді ескеру қажет:
- тәрбиелік мақсаты;
- қолданылатын көрнекіліктер;
- уақытты үнемдеу;
- ойын қызықты бола ма?
- оқушылардың белсенділігін бақылау.
Ойын барысынды орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын нәтижелі болады.[Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше түрлері бар:
1 топ – заттық ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым-қатынастарды т.б. зерттеп таниды.
2 топ – шығармашылық, сюжеттік-рольдік ойындар. Мұнда сюжет – интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы.
Саяхат ойындары – бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жатады. Оқушылар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф т.б. рольдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындар оқушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.
3 топ – дайын ережелер бар ойындар. Бұл ойындар, әдетте, оқушыдан жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы – пәнді білуді талап етеді.
4 топ – еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындары. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметтерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында оқушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқаладың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашалық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.
5 топ – баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара жарысқа негіздерген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.
Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар оқушыларды біліммен, біліктерімен және дағдыларымен қарулануға бағыттайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинақтау және дұрыс шешім қабылдау. Оқушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сиапттағы дамытушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссвордтар, викториналар, криптограммалар, т.б.
Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсатты оқытудың басты мақсатымен үндес – оқушының білуге, білімге деген құштарлығын ояту.[3]
Білікті жұмысшылар мен мамандар дайындау жағдайынада кәсіптік педагогика саласында соңғы кездерде іскерлік ойындар кеңінен қолданыла бастады. Олардың басты мақсаты – жұмысшылар мен мамандардың бойында белгілі бір жағдайларда нақты әрекеттер жасай білу қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Ісерлік ойындар дегеніміз болшақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу елестету.
Іскерлік ойын – бұл оқытуды ұйымдастыру формасы, ол мұғалімнің басқаруымен, оқушылардың өзіндік ұйымдастырушылығымен жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты бағытының негізінде жүзеге асырылады. Білім беру тәжірибесінде оқытудың ойын формасы оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы игерген білімдерін шығармашылықта қолданады және бекітеді. Оқу үрдісінде іскерлік ойындардың мына түрлері қолданылады: рольдік, операциялық, ұйымдық іскерлік ойындар.