Қысқаша теориялық мәліметтер Оқыту технологияларының негізгі ортақ сапалары: Тұжырымдамалық. Әрбір педагогикалық технология оқу максаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік - педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.
Жүйелік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір әтапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс -тәсілдердің көп варианттылығы.
Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нәтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет.
Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бүл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъек-тілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.