Ойлануға тұрарлық сұрақтар.
1 Оқыту технологияларының негізгі ортақ сапалары қандай?
2. Педагогикалық технологиялардың жіктеулерінің негізінде не жатады?
3. Педагогикалық технологиялардың жіктеулерін атап беріңіз.
|
2
|
1.3.№ 3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ
Тақырып: Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту технологиясын айырмашылығы
Мақсаты: Дәстүрлі оқыту мен дамыта оқыту технологиялар айырмашылықтарың зерделеу.
Тапсырма:
1 Дәстүрлі және дамыта оқытуды ерекшеліктеріне талдау жасау
2 Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру
Қысқаша теориялық мәліметтер
Дамыта оқыту технологиясы – оқушының алған білімін өзіндік ойлаумен ұштастыратын бірден-бір әдіс. Бұл технологияларды қолдану көркем шығармалардың мәтіні арқылы сөздің мағыналық – қисындық құрылымына назар аударуды қажет етеді. Әдеби мәтіндердің көркемдік – тілдік ерекшеліктерін ажыратуға негіз болады. Көркем туындының мазмұнын түсініп, оны талдау барысында проблемалық сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді. Дамыту технологиясы әдебиетті оқытуда оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға, сонымен қатар, тұтас көркемдік талдау жасауды үйретеді.
Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.
Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы» (В.А. Давыдов). Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды.
Дамыта оқыту жағдайларында әрбір оқушы білімдерді, біліктерді, дағдыларды игеру процесінде тек тәжірибелік емес, сонымен қатар ақыл-ой әрекетімен меңгеруінде. Бұл үшін осы әрекеттерді меңгеру объектісі ретінде және оларды саналы қолдануға жағдайлар жасау керек.
|
Достарыңызбен бөлісу: |