2.1.№ 7 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ Тақырып: Проблемалық оқыту технологиясының ерекшеліктері Мақсаты: Проблемалық оқыту технологиясының пайдалану ерекшеліктерін зерделеу.
Тапсырма:
1Проблемалық оқыту технологиясының кәсіптік білім беру жүйесінде пайдалану ерекшелігін талдау
2 Проблемалық оқыту технологиясын пайдалану негізінде сабақ әдістемесін жасау
Қысқаша теориялық мәліметтер Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б. ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады. Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Проблемалық жағдай – бұл танымдық немесе практикалық есептің шешуін бірден табуға бөгет болатын анық немесе анық емес интеллектуалды қиындықты түсінген субъектінің психологиялық жағдайы. Пайда болған қиындықтан шығу үшін жаңа білім немесе жаңа әрекет тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Проблемалық жағдайдапайда болған жаңа білімге деген субъективтік қажеттілік жеке тұлғада, оқуға деген танымдық белсенділігін тудырады.