2 Кәсіптік білім беруде модульдік технологияны жүзеге асырудың негіздері Модульдік технологияны енгізу, оны арнайы пәндерді оқу барысында қолдану тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамытуды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады, өздігінен жұмыс істеу шамасы артады, маманның бірегей құзыреттілік деңгейін орнатылады, субъективті бағалудың барынша төмендеуі.
Модульдік оқыту кәсіптік білім беруде келесі кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
білім беру мазмұнын әрекетті-модулді негізде оңтайландыру және құрылымдауға, ол оқу бағдарламаларының икемді өзгеруін қамтасасыз етеді;
білім беру бағдарламаларын дараландыру – тәжірибелік іс-әрекетке оқыту және байқалатын әрекеттерді бағалау негізінде оқытудың жетістіктерін бақылау;
модульді-құзыреттілік оқыту технологиясының икемді жүйесі қандайда бір оқыту пәнінің мазмұнын құрылымдауда оның негізгі қағидаларын қолдануға жағдай жасайды.
Модульдік оқыту технологиясы –тұлғаға бағытталған оқыту технологияларының бір болып табылады, ол бір мезгілде оқыту үдерісін оңтайландыруға жағдай туғызады, оқу мақсаттарын жүзеге асырудың тұтастығын, оқушының танымдық және тұлғалық дамуынқамтамасыз етеді; оқушының танымдық іс-әрекетін қатал басқарумен қоса өзін-өзі басқаруға кең мүмкіншілік береді.
Модульдік оқыту басқа дидактикалық теориялармен салыстырғанда келесідей ерекшеліктерімен анықталады:
оқыту мазмұнын нақты құрылымдалуы, теориялық материалдың бірізді баяндалуы, оқыту үдерісін модулмен және модулдік бағдарламамен қамтамасыз етілуі;
оқыту мазмұнының көпнұсқалығы, оқушының жеке мүмкіншіліктері мен қажеттіліктеріне оқу үдерісін бейімделуі;
дидактикалық жүйенің әр компонентін анықтап, оларды модулдермен және модулдік бағдарламада көрсетілуі;
модуль мазмұнымен оның қабылдану тәртібін ұйымдастыруда түрлі амалдардың тиімді үйлестірілуі, осы мазмұнның өңделуі, оқытудың формалары мен әдістерін іріктеп алуы;оқыту құралдарының көптүрлілігі.
Модульдік технологиямен оқушылардың оқыту мазмұны өзіндік аяқталған жиынтықпен (ақпараттық бөлімдерде) көрсетіледі, оның меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асады.
Модульдік құрылымның басты ерекшелігі – әрекеттің мақсатты жоспарының бар болуы. Мұғалімнің модулді құрастыру барысында модулдің мақсаты анықталады. Ең алдымен кешенді дидактикалық мақсат қойылады (КДМ). КДМ-нің негізінде кіріктірілген дидактикалық мақсаттар қалыптасады(КірДМ), содан кейін модульдер құрылады (М). КірДМ-нің орындалуы КДМ-ге жетуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде КірДМ дидактикалық мақсаттарды (ДМ) және жеке дидактикалық мақсаттарды (ЖДМ) тұжырымдауға мүмкіндік береді, олардың негізінде оқыту элементтері (ОЭ) бөлінеді. Сөйтіп, модульдік бағдарлама (МБ) иерархиялық мақсаттар негізінде құрылады.
Модульдік принцип теориялық және тәжірибелік оқытудың құрылымы негізіне тиесілі болуы мүмкін.
Модульдік бағдарламаның (МБ) бөлімдеріне сәйкес оқытатын модулдер компоненттері құрылады. Оқытатын модуль құрылымы оқу іс-әрекетінің құрылымына сәйкес келеді. Мұндай құрылымды В.П. Беспалько келесі формуласымен сипаттаған:
ОІ= БӘ+АӘ+БӘ+Кор
ОҚ -оқу іс-әрекеті;
БӘ -бағдарланған әрекеттер;
АӘ –атқарушы әрекеттер;
БӘ – бақылау әрекеттері;
Кор-түзету әрекеттері.
Бағдарланған әрекет ақпараттық бөлімнің білім жүйесін жасайды. Алайда, білім саналы сипат алу үшін тәжірибелік жұмыстарды орындауы шарт. Бұл үшін оқытатын модулге атқарушы блок кіргізіледі, ол зертханалық, тәжірибелік жұмыстарды және т.б. тізімдермен анықталады. Соңында білім мен біліктіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін, оларды бақылау керек.
Модульді оқудың алдында барлық оқушылар тірек ұғымдар мен біліктіліктерін көкейкесті ете алатын, кіріспе бақылауынан өтеді, соның негізінде жаңа білім мен білік қалыптасады. Егер оқушы кіріс бақылауынан сәтті өтсе, онда ол өз бетінше немесе мұғалімнің көмегімен модульді зерделеудің жеке бағдарламасын құрастырады. Бағдарлама құрып болған соң, оқушы қажетті ақпараттық бөлім мен қажетті зертханалық және тәжірибелік жұмыстардың тізімін алады. Осыдан кейін модульді зерделеу үдерісі басталады.
Модульдің жалпы құрылымы үш негізгі бөлімнен тұрады. Осы кіріспе жүйесіндегі тестілеудің нәтижесінде оқушыны модулді меңгеруге бағыттауға мүмкіндік болады. Бұл модулді жүзеге асыруға қажетті негізгі дидатикалық материалы және пайдалану бойынша нұсқауы бар модуль құрылымы. Және ақырында оқушының келесі модульге өтуіне немесе меңгерілмеген модульге қайтаруға бағдар беруге жағдай туғызатын шығу жүйесі.
Модуль модульдік оқытудың құралы болып табылады, оның құрамына: мақсатты әрекеттің жоспары, ақпарат банкі, дидактикалық мақсаттарға жетудің әдістемелік жетекшілігі кіреді. Тек модуль оқыту бағдарламасы, оқыту әдісі, дербестік деңгейі, мазмұны бойынша жекеленген, оқушының оқу-танымдық қызметінің қарқыны бола алады.
Модульдің бірнеше түрлері ажыратылады:
Танымдық. Бұл модульмен жұмыс істеудің басты мақсаты тақырып бойынша меңгерілген ақпарат көлемі болып табылады.
Операциялық. Бұл жерде ең бастысы – іс-әрекеттің даму тәсілдері мен құрылымы.
Аралас. Бұл модуль түрінде алғашқы екі модульдің элементтері қолданылады. Модульдердің көбісі аралас болып табылады.
Бұл модульдердің жіктелуі оқушылардың модульді меңгеруіне қойылатын мақсаттарға сүйенеді. Алайда, модульді модульдік бағдарлама курсындағы (тақырыптар) алатын орны бойынша бөлуге болады. Осыған байланысты осы курсты ашатын бастапқы немесе базалық модульді және олардың жалғасы мен модульдердің негізі болып табылатын тағы осындай модульдерді бөліп көрсетуге болады. Сонымен бірге модульдер екі немесе одан кейінгі жүретін модульдер үшін базамен қызмет ететін поливалентті, немесе келесі бір модульдің негізі болып моновалентті болуы мүмкін.