1.1. № 1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ Тақырып: «Педагогикалық технологиялар» ұғымының тұжырымдамалық негіздері Мақсаты: "Педагогикалық технология" ұғымының мазмұндық бағдарын анықтау, педагогикалық технологияның қасиеттерін зерделеу.
Тапсырма:
1 «Педагогикалық технология» ұғымын талдау жасау
2Педагогикалық үрдістің дәстүрлі және инновациялық компоненттеріне салыстырма жүргізу
Қысқаша теориялық мәліметтер Педагогикалық технология - педагогтың кәсіби қызметін және жоспарланған соңғы нәтиженің кепілдігін қамтамасыз ететін технологиялық процедуралар жиынтығы.
Педагогикалық жүйе - бұл білім алушылардың алға қойған даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық жүйелердің негізгі белгілері: мақсатқа жетуге қатысы бар компоненттердің (факторлардың) толықтығы; жүйе құраушы функцияны орындайтын идеяның байланыстары мен тәуелділіктерінің болуы; құрылған жүйе объектісінде тұтас қасиеттердің пайда болуы. Педагогикалық жүйе білім беру, тәрбиелеу және оқыту мақсаттарына бағынышты көптеген өзара байланысты құрылымдық және функционалдық компоненттерді білдіреді
Педагогикалық процесс - бірлескен іс-әрекетпен, оның субъектілерінің ынтымақтастығымен сипатталатын, білім алушының жеке басын толық дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ететін біртұтас оқу-тәрбие процесі; педагогикалық жүйе жағдайында білім беру және тәрбиелеу мақсатын іске асыратын процесс. Педагогикалық процестің құрылымы педагогикалық жүйенің компоненттеріне сәйкес оның құрамдас бөліктерінің жиынтығын білдіреді: мақсатты, мазмұндық, операциялық-әрекеттік, бағалау нәтижелілігі .