Семинар сабақтарына дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау: Семинарға дайындалу:
Әр білім алушы пән бойынша берілген негізгі әдібиетпен танысып шығу керек.
Әр семинар сабағына студент ерікті түрде жауап береді.
Семинарға дайындалатын студенттің мақсаты – үй тапсырмасына байланысты негізгі сұрақтарды ашып, қысқаша баяндама дайындауы керек.
Білім алушы өз қалауымен дәрісте қарастырылған қызықты, әрі өзекті мәселелер бойынша қысқаша жазбаша жауап немесе презентациялар дайындайды.
Семинар сабағына дайындалу барысында білім алушылар бір-бірінің мәліметтерін, сонымен қатар, жауаптарын қайталамаулары тиіс, яғни негізгі әдебиеттердегі білімге сүйене отырып, өздерінің жеке баяндамаларын шығармашылықпен құрғаны дұрыс.