Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
Ағымдық бақылаудың материалдары:
Дәріс тақырыбының мазмұны.
Дәріс, семинар тақырыптарындағы негізгі ұғымдар.
СӨЖ мазмұны.
Ағымдық бақылау барысында білім алушы бағалауда семинар, өзіндік жұмыс тапсырмаларының сапалы орындалуына мән беріледі. Семинар сабақтарына дайындық баяндама даярлау, пікірталастар мен дөңгелек үстелдерге қатысу, Блум таксономиясы, мәселелі сұрақтарды талдау, портфолио дайындау, кейс, SMART, ассоциограмма даярлау, қосымша әдебиеттерді оқу, шығармашылық тапсырмаларды орындау және конспект жазу сияқты көрсеткіштермен бағаланады. Сонымен қатар, ағымдық бақылауда дәрістегі білім алушының белсенділігі, сұрақтарды сауатты құрастыруы, жүйелі талдау жасай білу қабілеті де ескеріледі.