Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения


ӨнДіРуші-бҰҚалаРға «фелуцен» биологиялыҚ белсенДі затын



Pdf көрінісі
бет96/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3
1605452068, Психология
ӨнДіРуші-бҰҚалаРға «фелуцен» биологиялыҚ белсенДі затын 
ҚолДану тиімДілігі 
Жақыпов И.Т., в.ғ.д.,профессор
Турысбаева Г.Б., докторант
Момбеков Б.Е. магистрант
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Нұр-Сұлтан қ.
Сүт және ет өнімділігін қарқындату, көбінде элиталы өндіруші-бұқаларды қолдану 
белсенділігіне байланысты. Олардан алынатын ұрық өнімділігі жоғары сапа талаптары-
на сәйкес болуы тиіс. Дегенмен, жануарларды құнарсыз немесе теңгерімсіз азықтандыру 
олардың өнімділігінің төмендеуіне, ұдайы өндіру қабілетінінң бұзылуына әкеп соғады 
[1, 2, 3, 4, 5].Нәтижесінде өндірушілерді қолдану мерзімі мен тиімділігі азаяды. Жану-
арлар организмінде заталмасу бұзылуын алдын алу мақсатында рацион құрамына ми-
нералды заттар, дәрумендер және басқа да биологиялық белсенді компоненттердің ор-
нын толтыру үшін түрлі премикстер мен биологиялық белсенді заттарды енгізеді [6, 
7, 8, 9, 10].Солардың бірі «Фелуцен» биологиялық белсенді заты, ақуыз, майлар мен 
дәрумендерге бай көмірсулы-минералды кешен. Дәрумендер жетіспеушілігін толықтыру, 
ІҚМ өнімділігін арттыру үшін қолданылады [11]. 
Айсидивит – кешенді иммуноынталандырушы дәрілік препарат. Құрамы (1 мл): АСД-
2Ф субстанция – 0,04г, А дәрумені – 15 000ӨБ, Е дәрумені – 10мг, қосымша заттар: ян-
тарь қышқылы, инъекция үшін су.
Осыған орай, жұмысымыздың мақсаты - өндіруші-бұқаларға андрологиялық зерттеу 
жүргізуде ұрықтың сапалық көрсеткіштерін анықтау, клинико-эхографикалық әдістерді 
қолдана отырып олардың көбею қызметі қабілеттілігіне баға беру, сондай-ақ коррекция-
лау жұмыстарын жүргізу.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық 
университетінің ветеринарлық медицина кафедрасында және Ақмола облысында 
орналасқан «Асыл түлік» АҚ базасында жүргізілді. 
Қойылған мақсатқа сәйкес өндіруші-бұқалардың жыныс органдарын зерттеу, ұманы 
морфологиялық және ультардыбыстық зерттеу жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ жыныс 
рефлекстерінің айқын көріну шкаласы анықталды. 
Өндіруші-бұқалардың ұрығының сапасына қарап, оларды ұдайы өндіру қабілеті 
бойынша Колчина А.Ф., Барашкин М.И. [12]. ұсынған әдіспен 4 топқа бөлдік: I топ - 
ұрықтандыру қабілеті жоғары; II топ – ұрықтандыру қабілеті жақсы; III топ – ұрықтандыру 
қабілеті төмен; IV топ – ұрықтандыру қабілеті нашар немесе бедеу. Бұл әдіс өндіруші 
аталықтарды ұрығының көрсеткіштеріне қарап оңай, әрі жылдам топтарға жіктеуге 
мүмкіндік береді (кесте 1).
1 - кесте – Өндіруші-бұқаларды ұрық сапасына қарап, ұдайы өндіру қабілеті бойын-
ша топтарға бөлу нәтижесі
Топ
Көрсеткіштер
Тұқымы
Эякулят 
көлемі, мл
Спер-
мийлер 
концен-
трация-
сы, млрд/
мл
Спермийлер 
қозғалысы, 
балл
Ақбас /n=12
Го
лштин /n=4
Симмент
ал /
n=1


224
I
Кем дегенде 
4-5 мл
0,9 кем 
емес
8-ден көп
1 (8,3%)
-
-
II
Кем дегенде 
4 мл
0,8-ден 
көп
8-ден көп 
емес
6 (50%)
4(100%)
-
III
3 мл-ден кем
0,8 кем 
емес
Кем дегенде 7
2(16,7%)
-
1(100%)
IV
2 мл-ден аз
0,8-ден 
аз
7-ден аз
3(25%)
-
-
Ұрықтың сапасын лабораториялық зерттеу нәтижесіне сүйене отырып 8,3% қазақтың 
ақбас тұқымы кем дегенде 4-5 мл көлемінде эякулят берді, спермийлер концентрациясы 
0,9 млрд/мл кем емес, ал қозғалысы 8 балдан көп. Бұл бұқалардың ұрықтандыру қабілеті 
жоғары топқа бөлінді.
Ұрықтандыру қабілеті жақсы топқа бұқалардың эякулят көлемі кем дегенде 4 мл, 
спермийлер концентрациясы 0,8 млрд/мл-ден көп және олардың қозғалысы 8 балдан көп 
емес бұқаларға 4 (100%) голштинофриз тұқымы мен 6 (50%) қазақтың ақбас тұқымы 
жатты.
Ұрықтандыру қабілеті төмен топқа эякулят көлемі 3 мл-ден кем, спермийлер кон-
центрациясы 0,8 млрд/мл-ден кем емес және спермийлер қозғалысы кем дегенде 7 балл 
болатын 2 (16,7%) қазақтың ақбас тұқымды және 1 бас симментал тұқымды бұқаларын 
жатқыздық.
Ұдайы өндіру қабілеті нашар немесе белсіз бұқаларға эякулят көлемі аз, спермий-
лер концентрациясы мен қозғалысы нашар бұқалар - 3(25%) бас қазақтың ақбас тұқымы 
жатқызылды.
Осыған орай III, IV топ өндіруші-бұқалармен, салыстырмалы түрде II топтан 2 
бұқамен ұдайы өндіру қабілетін коррекциялау жұмыстарын жүргіздік (барлығы 8 бұқа). 
«Фелуцен» биологиялық белсенді затын құрғақ азықпен алиментарлы жолмен күн сайын 
350-400гр, «Айсидивит» кешенді дәруменін 10мл 3 күн интервалмен 5 рет бұлшықеттен 
енгіздік. Тәжірибе 30 күнге созылды.
Тәжірибе барысында барлық өндіруші-бұқалардың ұрығының сапасы зерттелінді.
II топ бұқаларында (1 бас голштинофриз, 1 бас қазақтың ақбас тұқымы) эякулят көлемі 
5,09±0,2мл, спермийлер қозғалысы 8±0,01 және спермийлер концентрациясы 1,05±0,008 
млрд/мл құрап, қалыпты көрсеткіштер сақталған.
III топ бұқаларында (1 бас қазақтың ақбас тұқымы, 1 бас симментал) эякулят көлемі 
3,8±0,1мл, спермийлер қозғалысы 3,9±0,2 және спермийлер концентрациясы 0 млрд/мл 
құрады. Дегенмен, аталған топтағы қазақтың ақбас тұқымында тәжірибе соңында эякулят 
көлемі 5,08±0,7мл, спермийлер белсенділігі – 8 балл және спермийлер концентрациясы 
– 0,8±0,05млрд/мл құрап, ұрықтандыру қабілеті жақсы топ өндіруші-бұқалар қатарына 
қосылды. Эякулят көлемі 0,9 есе, спермийлер қозғалысы – 1,6 есе, спермийлер концен-
трациясы – 1,3 есеге артқаны байқалады.
Ұрықтандыру қабілеті нашар IV топта (2 бас қазақтың ақбас тұқымы) эякулят көлемі 
2,8±0,2мл, спермийлер қозғалысы 4,7±0,07 балл және спермийлер концентрациясы 0 
млрд/мл құрап, бастапқы нәтижемен салыстырғанда көрсеткіштердің артуы байқалмады. 
Ал, 1 бас қазақтың ақбас тұқымында эякулят көлемі – 6,3±1,1мл, спермийлер қозғалысы 8 
балл және спермийлер концентрациясы 1,04±0,1 млрд/мл құрап, II топ бұқалар қатарына 
қосылды. Эякулят көлемі 1,3 есе, спермийлер қозғалысы – 1,5 есе, спермийлер концен-
трациясы – 1,04 есеге артқан.
Бақылау тобында (2 бас голштинофриз, 4 бас қазақтың ақбас тұқымы) эякулят көлемі 
голштинофриз тұқымында 4,2±0,2мл, қазақтың ақбас тұқымында – 3,3±0,2мл, спермий-
лер белсенділігі 8,2±0,02 балл, қазақтың ақбас тұқымында - 8,1±0,06 балл, сондай-ақ 


225
спермийлер концентрациясы 1,3±0,07 млрд/мл, қазақтың ақбас тұқымында - 1,02±0,07 
млрд/мл құрап, сапалық көрсеткіштері тұрақтылығын сақтап қалған. 
Қорытынды
«Фелуцен» биологиялық белсенді заты мен «Айсидивит» кешенді дәруменін қолдану 
нәтижесінде зерттелінген 8 бұқаның 6-да (75%) эякулят көлемі 1,03-1,3 есеге, 4-де (50%) 
спермийлер қозғалысы 1,2 есеге, сондай-ақ спермийлер концентрациясы 1,2-1,3 есеге 
артты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет