Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет92/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3
1605452068, Психология
Қолданылған әдебиеттер:
1 Карапетян Р. Биологические и продуктивные качества перепелов // Птицеводство 8 
2003 29-30 б.
2 Саденов М.М., Жумагалиева Г.К., Жуманазарова Э.Е., Нагимова Г.К. «Технология 
производства продуктов перепеловодства» Микробиология 58-59 б.
3 М.К.Байбатшанов «Бөдене шаруашылығы» 2015 Алматы 236 б.
4 Құс шаруашылығы: практикум / Танатаров А.Б., Дабжанова С.Т., Мырзақұлов С.М., 
Қадыкер Р. – Алматы, 2008. – 270с.
5 Anon. Scottish test scores Poulty World //1989.-V 5:32,-143 р
аҚмола облысы бойынша амеРика кҮзенінің (MUSTELA VISON 
SCHREBER, 1777) таРалуы мен санДыҚ Динамикасы
Карагойшин Ж.М. б.ғ.к., аға оқытушы 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 
Нұр-Сұлтан қ.
Америка күзені (Mustela vison Schreber, 1777) Солтүстік Америкада кеңінен таралған, 
1928 жылы бұрынғы КСРО аумағына кәсіптік фаунаны байыту мақсатында жерсіндірілді 
[1]. Алғашқы кезде аң фермаларында қолдан өсірілді, кейін табиғатқа жіберілді. 1975 
жылға дейін 20 мыңға жуық дарақтар Уралдың шығыс бөлігіне жіберілді. Ал Еуропаға 
жерсіндірген күзендер, сол аймақта мекендейтін қара күзендерді ығыстырып жіберген. 
Шығыс Еуропа, Сібір және Қиыр Шығыста жерсіндіру жұмыстары 1933 жылдан бастап 
жүргізілді. Қазіргі кезде Камчаткаға дейін таралған [2, 3 ]. 
Қазақстан территориясына жерсіндіру жұмыстары Шығыс Қазақстан облысынан 
басталған. Қазіргі кезде Ертіс өзенінің оң жақ жағалауындағы өздерінің тіршіліктеріне 
қолайлы барлық су көздерінде кездеседі [4, 5]. 
Жабайы аңдарды өсіру фермаларынан қашып кеткен америка күзенінің дарақтары 
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, 
және Оңтүстік Қазақстан облысының территорияларына таралып қоныстанды [4].
Америка күзені сусар тұқымдастарының ішінде салыстырмалы түрде Қазақстанда 
сүтқоректілердің басқа топтарынан әлдеқайда аз зерттелген аң. Себебі америка күзені 
жасырын тіршілік етуге бейімделген, әрі ағаш қуыстарын кеңінен пайдалануға мүмкіндік 
беретін денесі шағын болады және жеке-жеке тіршілік етеді. Қазақстан аумағында бұл 
сусардың мекендейтін табиғи ортасы-шағын өзендердің және орман ішіндегі көлдердің 
жағалауларындағы биотоптар. 
Америка күзені-терісі бағалы аң. Қазақстанда 1956-1960 жылдары орташа есеппен 
жылына 133 дарақ терісі дайындалса, 1960-70 жылдары аңшылық шаруашылықтарда 
қолда өсірудің нәтижесінде көбейген [7]. Қазіргі уақытта Қазақстанда кәсіби аулау жүзеге 
асырылмайды. Тек қана Оңтүстік Алтайда бірең-сараң ауланады. Ал кейбір аудандардың 
аңшылық шаруашылықтарда кәсіби аң ретінде өзінің маңызын жойған жоқ [5]. 
А.Бербердің[6 Қазақстанның аңшылық-кәсіби қорлары кітабындағы мәліметтер бой-
ынша Қазақстан Республикасында соңғы жылдары бұл аңға санақ жүргізілмейді және 
кәсіби аң ретінде ауланбайды. Тек 2007 жылы аңшылық шаруашылықтардың өтініштері 


217
бойынша Үкіметтің шешімімен (№ 1310. 2006ж. ҚР Үкіметінің қаулысы) жылына 
табиғаттан 600 дарақ күзен аулауға лимит берілгені айтылған. 
Деседе, жекелеген аңшылық шаруашылықтар мен өзен-көл жағаларында зерттеу 
жұмыстарымен қатар санақ жұмыстары да жүзеге асырылады. Мысалы, К.Сыздыковтың 
[8] «Инвазивті түрлердің Қазақстан жануарларының биоалуантүрлілігіне әсері» 
мақаласында 30 шақырым Нұра-Есіл каналын жағалай отырып, індерді санау және сау-
алнама жүргізу арқылы америка күзеніне санақ жүргізген кезде 10 шақырымда шамамен 
5 ін тіркелсе, Есіл өзенінің бойының ұзындығы 20 шақырым жағасында орташа 11 ін 
тіркелген. Яғни, Нұра-Есіл каналы жағасында 18,6 және Есіл өзені жағасында 22,5 аме-
рика күзенінің дарақтары мекендейтіні анықталған.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары кездесетін барлық облыстардың аңшылық 
шаруашылықтарында барлық кәсіби ауланатын аңшылық жануарларға, соның ішінде 
америка күзеніне де санақ жұмыстары жүргізіледі. Санақ жұмыстарының нәтижелері 
бойынша, Қорғалатын аймақтардың бірі «Кокшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи 
паркі аймағында 77 дарақ болса, ал Ақмола облысы аңшылық шаруашылықтарының 
мәліметтері бойынша 2018 жылы 411 америка күзені бар екені анықталған(кесте 1).
1 - кесте - Ақмола облысы аумағында таралған америка күзенінің саны 2018 жыл

Аңшылықты пайдаланушының, 
аңшылық шаруашылығының 
атауы
Есеп-
ке алу 
қамтыл-
ған аумақ 
(мың га
1000 га 
есепте-
гендегі 
попу-
ля-ция 
(дарақ) 
тығыз-
дығы 
немесе 
10 км2
Мекен 
етуге 
жарам-
ды аумақ 
мың га
Барлық 
жануар-
лар саны 
(дарақ-
тардың 
экстра-
поля-
циясы-
нан 
кейін)
1
«Сайран-Охота» 
ЖШС
Акбулакское
0,579
55,27
0,579
32
2
«Кан-сонар»
ЖШС 
Богутбай
0,316
117,08
0,316
37
Ишимское
1,35
21,48
1,35
29
3
«Грань» ЖШС
Сункар
1
16
1
16
4
«Орман-
шаруашылығы» 
ЖШС
Савинное
30
0,97
30
29
5
«Басс-2006» ЖШС
Камысты-
кольское
2,4
12.916
2.4
31
6
«RIVC Ltd.-Sandyk-
tau» ЖШС
Сандыктау-
ское
1,303
66,77
1,303
87
Маралдин-
ское
0,008
4750.0
0,008
38
Больше-
Тюктинское
0,117
179.487
0,117
21
7
«Самал-Жай» 
ЖШС
Самал-Жай
0,042
285.714
0.042
12
8
«Жана-талап-НС»
ЖШС
Коскопа
14,5
758.621
14,5
11


218
9
«Острый камень» 
ЖШС
Приречное
0,675
53.333
0.676
36
10
«Астана қаласының 
және Ақмола 
облысының 
аңшылар мен 
балықшылар 
қоғамы» қоғам-дық 
бірлестігі
Жалтырколь
1,1
8.181
1.1
9
Целиноград-
ское
0,8
12.500
0.8
10
Балкашин-
ское
0,6
21.666
0,6
13
Барлығы:
411
Санақ нәтижелері бойынша Ақмола облысының аумағында америка күзені біркелкі 
таралған, Соңғы жылдары қыс мезгілдерінде елді-мекендерге кіріп, үй құстарына шабуыл 
жасаған кездері тіркелген (ауызша мәлімет). Осы таралған аумағында бұл аңның негізгі 
азығы балық болып табылады. Қазақстанның су көздері америка күзенінің тіршілігіне, 
өсіп-өнуіне қолайлы болғандықтан, қазіргі уақытта кең таралып отыр. Сондықтанда жыл 
сайын санақ жүргізіп, мониторинг жүргізуді жолға қоюымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет