пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Государственная программа развития агропромышленного комплекса Республики
Казахстан на 2017-2021 годы: Утверждена Указом президента Республики Казахстан от
14 февраля 2017 года, №420 //http://www.kaznau.kz/page/content_link/common/ UkazRK.
pdf (дата обращения: 18.10.17).
2 Қазақстан Республикасы статистика агенттігі. – www.stat.kz
3 Алешина М.Н., Шувариков А.С. Технологические свойства молока зааненский коз
голландский и отечественных популяции // Овцы, козы, шерстное дело. – 2013. – №4. –
С. 23-25.
4. Фатихов А.Г., Хаертдинов Р.А.Технологические свойства козьего молока // ученые
записки Казанской государственной академии ветеринарной медицины им. Н.Э. Баума-
на. – 2016. – Т. 226. – 217 с.
5 Нуралиев М.Т. Арынгазиев С.Ж.. Кенжебаева Т.Е.. Багжаева С.С. Продуктивные ка-
чества новой создаваемой казахской молочной породы коз // Современные аспекты раз-
вития сельского хозяйства юго-западного региона Казахстана: матер. междунар. науч.-
практ. конф., посвящ. 60-ю д.с.-х.н., проф., акад. АСХН РК Паржанова Ж.А. – Шымкент,
2018. – С. 172-175.
6. Dzhakupov I.T., Yeszhanova G.T., Zhamantaev D.S. Development in the indicators of
metabolismin cows’ blood in conditions of adaptation // Science Review. – 2012. – Volume 1
(9). – P. 27-31.
7. Voinova A., Nikitin G., Anipchenko P. Hematologic indices in infertile and fertile goats of
the Zaanen breed // 11th Biennial Conference of the Association-for-Applied-Animal-Andrology
(AAAA) - Current Perspectives and Concepts in Andrology / ANIMAL REPRODUCTION
SCIENCE. – New Orleans, LA – JUL 2018. – Т. 194, Р. E15-E15.
205
ҚазаҚтың ҚылшыҚ ЖҮнДі ҚҰйРыҚты Жəне буДан ҚозылаРының
ет ӨнімДілігі
Ибраев Д.К., PhD, аға оқытушы
Долдашева Г.К., 3-курс докторанты
Әбдіманат Е.Ә., 2-курс магистранты
Жумахметова Б.Ж., 2-курс магистранты
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Қазақ халқы дегенде және оның дәстүрлі шаруашылығын айтқанда бірінші орында
мал шаруашылығы тұратыны сөзсіз. Көшпелі халық малдың күйін өте жетік білген. Төрт
түліктің бәрін қамтысада қазақ халқы үшін қой түлігінің алар орны ерекше. Жеріміздің
кеңдігі мен климаттық жағдайының ерекшеленуімен қойдың тұқым түрлері де соған
сәйкес өсірілген. Кәзіргі дамыған әрі жолға қойылған ата кәсібіміздің ішінде құйрықты
қой шаруашылығы ерекше орын алады, ол Қазақстандағы мал шаруашылығының
жетекші, әрі ерекше саласы болып табылады. Еліміздің кең алқап табиғи жайылымдарын
тек жергілікті қой түлігі ғана толығымен тиімді пайдалана алады. Жайылым жерлерінің
мол болуы – республикадағы етті-майлы бағыттағы қой шаруашылығын экономикалық
тұрғыда тиімді салаға айналдыру мүмкіндігін барынша арттырады. Бұл бағытқа жататын
қой тұқымдарының негізгі ерекшеліктерінің бірі – олардың тез жетілгіштік қасиеті мен
қатаң табиғи- климаттық жағдайларға бейімділігі [1].
Бүгінгі таңда Қазақстанда өсірілетін қой тұқымдарының ішінде әртүрлі табиғи-
климаттық жағдайларға ең төзімді, еті мен майы бойынша мол өнімді, төлі тез жетілгіш,
т.б. шаруашылыққа пайдалы қасиеттері жағынан нарық экономикасының сұранысына
толық жауап беретін қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойлары болып саналады.
Елімізде құйрықты қой шаруашылығы мал шаруашылығының ертеден қалыптасқан
саласы, негізгі бағыты – сапалы, биологиялық құнарлы, экологиялық таза ет, сүт, май
өндіру болып саналады. Сонымен бірге бұл қой тұқымдарынан тұрмысқа қажетті заттар
жасау үшін қылшық және түбіт аралас жүн, ішіктік, тондық тері шикізаттары өндіріледі.
Қазірде республикадағы барлық қой санының 80% астамы етті-майлы бағыттағы
қойлар және де барлық қой малы жеке шаруашылықтарда шоғырланған. Халық құйрықты
қойларды басқа қойларға қарағанда өздеріне жақын санайды. Оларды өсіру тиімді,
қоршаған орта әсеріне төзімді келеді деп есептейді. Себебі құйрықты қойлардың төлдері
туған жылы жоғары қарқынды өсіп жетіліп, тауарлық мақсатқа ертерек пайдаланылады
[2,3].
Қой шаруашылығын нарық заманына эканомикалық жағынан тиімді етіп өсірудің
кілті-ғылым мен озат тәжірибенің берік бірлігінде. Соңғы жылдарда, дүние жүзінде ауыл
шаруашылық ғылымдары сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен,селекция
әдістерімен байытылды [4].
Зоотехникалық көзқарас бойынша малдардың, оның ішінде қойлардың өсіп-
жетілуін тірі салмағы көрсеткіштері негізінде талдаумен бірге олардың әр айдағы сүйек
қаңқасының, яғни склетінің өзгеруін, демек экстерьерін зерттеу де ерекше орын алады.
Экстерьер - малдардың нақтылы өсу өңіріне, жағдайына бейімділігін, денсаулығын
және конституция мықтылығын бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.
Зерттеу жұмысының негізгі тәжірибелік және ғылыми–ізденіс бөлімі «Тaбыс» шaруa
қожaлығындa жүргізілді. Шaруa қожaлығы Aқмолa облысында aудaнындa орнaлaсқaн.
Қазіргі кезде бұл шаруашылықта қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойлары өсіріледі.
Біздің тәжірибемізге 4 айлық жастағы қылшық жүнді құйрықты және будан еркек
тоқтыларының дене өлшемдері, тұлға индекстері және ет өнімділігін зерттеу үшін 4
206
айда енесінен ажыратылған еркек тоқтылар алынды. Қозылардың ет өнімділігін есепке
алу таразымен өлшеу арқылы іске асырылды [5,6].
Ауыл шаруашылығы малдарының экстерьерінің олардың өнімділігімен тығыз бай-
ланысын зоотехния ғылымының классиктері П.Н. Кулешов және Е.А. Богданов ертеден
зерттеп анықтаған. Малдардың дене-құрылысы мен конституциясын зерттеу, анықтау
бүгінгі уақытқа дейін маңыздылығын жоғалтқан жоқ, керісінше қажетті ізденіс болып
табылады [7]. Сондықтан біздер де тәжірибедегі қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой
тұқымы мен оның будандарының экстерьеріне баға беру үшін олардың әр айдағы дене
өлшемдері мен дене-қалыптасу индекстерін анықтау арқылы олардың өсіп-жетілуін
зерттедік. Тәжірибедегі 30 бас қозы-тоқтылардың төмендегі дене өлшемдері алынды
(1-кесте).
1-кесте - Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қозыларының дене өлшемдері
Өлшемдер, см
Жасы
Тегі, жынысы
Таза тұқымды қозылар
Будан қозылар
♀
♂
♀
♂
Шоқтығының биіктігі
Туылған мерзімде
36,8±0,34
37,4±0,29
37,2±0,40
37,5±0,36
4 - 4,5 ай
53,7±1,02
56,5±1,16
54,6±1,22
57,7±0,97
Дененің қиғаш ұзындығы
Туылған мерзімде
30,1±0,33
30,8±0,35
31,2±0,24
31,9±0,40
4 - 4,5 ай
52,6±0,92
59,8±1,14
58,2±1,08
60,4±1,18
Кеуде ені
Туылған мерзімде
8,1±0,08
9,1±0,10
8,2±0,07
8,6±0,13
4 - 4,5 ай
16,3±0,48
17,0±0,62
16,8±0,55
17,6±0,52
Кеуде тереңдігі
Туылған мерзімде
13,1±0,46
13,2±0,55
13,0±0,37
13,5±0,41
4 - 4,5 ай
25,3±1,05
26,1±0,96
25,3±1,14
26,2±0,89
Кеуде орамы
Туылған мерзімде
37,3±0,36
39,6±0,41
37,0±0,22
40,2±0,38
4 - 4,5 ай
76,6±0,97
80,0±1,15
76,8±0,89
80,1±1,21
Сауыр ені
Туылған мерзімде
6,6±0,09
6,7±0,13
6,8±0,11
6,9±0,10
4 - 4,5 ай
12,4±0,63
13,0±0,78
12,5±0,56
13,1±0,57
Құйымшақ биіктігі
Туылған мерзімде
38,2±0,38
38,5±0,45
38,3±0,42
38,6±0,33
4 - 4,5 ай
55,2±1,47
58,1±1,22
56,4±1,38
58,3±0,94
Сирақ орамы
Туылған мерзімде
6,1±0,11
6,3±0,13
6,3±0,11
6,3±0,08
4 - 4,5 ай
8,0±0,37
8,1±0,57
7,8±0,62
8,0±0,58
Қозылардың дене өлшемдерін зерттеуіміз бойынша олардың туылған мерзімдегі
биіктік өлшемдерінің жоғары болғандығы анықталды. Ал туылған мерзімдегі және
енесінен ажыратылған мерзімдегі салыстырмалы дене өлшемдері бойынша олардың
сүт ему мерзімдегі дене өлшемдерінің өсуінің әртүрлі, яғни бірдей емес екені байқалды.
Сондықтан дене өсуінің нақты бағытын анықтау мақсатында олардың дене бітімі индексін
анықтадық (2-кесте).
2-кесте - Қозылардың дене бітімі индексі
Индекстер
Жасы
Тегі, жынысы
Таза тұқымды қозылар
Будан қозылар
♀
♂
♀
♂
Сирақтылығы
Туылған мерзіде
64,4
64,7
65,0
64,5
4 - 4,5 ай
53,2
54,0
53,6
54,5
Созылғыштық
Туылған мерзімде
81,7
82,3
83,8
85,0
4 - 4,5 ай
107,2
105,8
106,5
104,8
Кеуделілігі
Туылған мерзімде
61,8
68,9
63,0
64,0
4 - 4,5 ай
64,9
65,3
67,1
66,4
Жұмырлығы
Туылған мерзімде
123,9
128,5
120,5
126,0
4 - 4,5 ай
132,9
133,7
131,9
132,6
Сүйектілігі
Туылған мерзімде
17,3
16,3
16,9
16,8
207
4 - 4,5 ай
14,8
14,3
14,2
13,8
Туылған мерзімде
6,6±0,09
6,7±0,13
6,8±0,11
6,9±0,10
4 - 4,5 ай
12,4±0,63
13,0±0,78
12,5±0,56
13,1±0,57
Құйымшақ биіктігі
Туылған мерзімде
38,2±0,38
38,5±0,45
38,3±0,42
38,6±0,33
4 - 4,5 ай
55,2±1,47
58,1±1,22
56,4±1,38
58,3±0,94
Сирақ орамы
Туылған мерзімде
6,1±0,11
6,3±0,13
6,3±0,11
6,3±0,08
4 - 4,5 ай
8,0±0,37
8,1±0,57
7,8±0,62
8,0±0,58
Жоғарғы кестеде келтірілген индекстер көрсеткіштеріне назар аударсақ, туылған
мерзімнен 4 - 4,5 айға дейінгі уақытта олардың сирақтылық индексінің өсуінің баяулағаны
байқалды. Сирақтылық индексінің төмендеуі тәжірибедегі қозылардың аяқтарының түтік
сүйектерімен салыстырғанда кеуде тереңдігінің қарқынды өсуіне байланысты болды деп
есептеуге болады. Сонымен қатар айтарлықтай өзгеріс қозылардың созылғыштық және
жұмырлық индекстерінде де нақты байқалады, яғни дене бітімі индексі 4 - 4,5 айлық
тәжірибедегі қозылардың ет өнімділік бағытта өсіп - жетілуі қасиеттерінің жоғары екенін
болжауға мүмкіндік береді.
Тәжірибедегі қозылардың өсу және жетілу барысы олардың туылған мерзімінен
енесінен айырғанға дейін бақыланды. Сонымен қатар қоңы жақсы, салмағы 30 кг. жоғары.
Еркек тоқтылардың сойыс және ет сапасын зерттеу мақсатында оларды 4 ай мерзімінде
сойылды. Сойыс көрсеткіштері төмендегі 3 - кестеде келтірілген.
3-кесте - 4 айлық еркек қозылардың сойыс көрсеткіштері
Көрсеткіштер
Таза
тұқым қозылары
Будан қозылар
Сойыс алдындағы тірі салмағы, кг
31,5±1,56
34,5±1,71
Ұша салмағы, кг
15,8±0,83
18,0±1,15
Іш май салмағы, кг
0,30±0,12
0,40±0,23
Құйрық салмағы, кг
0,40±0,19
0,20±0,11
Сойыс салмағы, кг
16,5±1,04
18,6±1,20
Сойыс шығымы, %
52,4
53,9
Тәжірибедегі таза тұқымды еркек қозылардың сойыс көрсеткіштерінің будан
қатарластарынан кем болғаны байқалды. Нақтырақ айтқанда, екі тәжірибелі топтар ара-
сында олардың сояр алдындағы тірілей салмағы бойынша будан еркек қозылар 3,0 кг.
немесе 9,5% таза тұқымды қатарластарынан жоғары болды. Сонымен қатар, сәйкесінше
сойыс салмағы мен сойыс шығымы бойынша да будан қозылар 2,1 кг. немесе 12,7 және
1,5% таза қатарластарынан жоғары болды. Сойыс және ұша салмақтарымен қатар
тәжірибедегі еркек тоқтылардың іш май және құйрық май салмақтары да анықталды.
Яғни, іш май салмағы будан қозыларда, ал құйрық май салмағы таза тұқымды қозыларда
жоғарырақ болып, айырмшылығы 0,1 – 0,2 кг төңірегінде болды.
Достарыңызбен бөлісу: |