Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет87/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3
1605452068, Психология
пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қажғалиев Н.Ж., Садыкова Л.У., Құлмағамбетов Т.И., Нұргүлсім Қ. Етті бағыттағы 
ірі қара малдарының жаңа жағдайда өсу және өнімділік қабілеттілігі // С. Сейфуллин 
атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы. – 2013. – №4 (79). – 
Б. 56-61.
2 Аманжолов Қ.Ж., Ахметов Е.М. Ет сапасын арттыру жолдары // Жаршы. – 2012. – 
№ 11. – 46-49 б.
3 Кажгалиев Н.Ж., Матакбаев Д. Адаптация завезенных пород мясного скота в ус-
ловиях северного региона Казахстана //Теоретический и научно-практический журнал 
«Вестник мясного скотоводства». – 2016. – №1 (93). – С. 27-33.
4 Kazhgaliyev N., Shurkin A., Bekkozhin A., Aubakirov Zh., Zumagazieva S. Growth and 
development of crossbred bulls obtained by breed transformation in the northern region of 
Kazakhstan // Bioscience Research. – 2019. ¬– V. 16 (2). – P. 1412-1422.
5 A.S. Jump, J. Penuelas. Running to stand still: adaptation and the response of plants to 
rapid climate change // Ecol. Lett. - 2005. - Vol. 8. – P. 1010-1020.
6 Крючкова А.В., Маракулина И.В. Биометрия: Учебное пособие. — Киров: ВятГУ, 
2011. – 87 с.


202
аҚмола облысы ЖағДайынДағы сҮтті бағыттағы заанен ешкі 
тҰҚымының сҮт ӨнімДілігі
Сәденова М.Қ., а.ш.ғ.к., аға оқытушы 
Қалқаманов Б., 2-курс магистранты
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Ешкі шаруашылығы – көптеген елдердің мал шаруашылығы ішінде перспективті 
салалардың бірі. Әлемдік нарықта тұрақты сұранысқа ие және өнімдері жоғары 
бағалы болып келеді. Біздің елде тек бірнеше ірі шаруашылықтар бар, ешкі өсіру эко-
номика жағынан тиімді, әсіресе шағын және жеке шаруашылықтарда тиімді болып 
келеді. Сондықтан қазіргі уақытта Қазақстанға Европа мен Ресей елдерінен ешкі сүті 
мен өнімдерінің көп бөлігі әкелінуде. Осы байланысты 2017-2021 жылдарға арналған 
Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін (ары қарай - АӨК) дамыту 
мемлекеттік бағдарламасындағы ең маңызды бағыттардың бірі отандық өнім өндіруде 
АӨК бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және «Made in Kazakhstan» брендтегі 
экологиялық таза (органикалық) өнім алу болып табылады [1]. 
Ешкі шаруашылығы – мал шаруашылығының ішіндегі тез дамитын бағыттарының 
бірі. Қазақстан Республикасының статистика мәліметтеріне сүйенсек Қазақстандағы қой 
мен ешкі саны 2018 жылдың 1 ақпанында 18 298,5 мың басты құраса, оның ішінде ешкі 
саны 2439081 басты құрады [2,3].
Қазіргі уақытта сүтті ешкі шаруашылығына қызығушылық көбеюде, оған се-
беп ешкілердің жоғары өнімділігі мен ешкі сүтінің бірегей қасиеттеріне байланысты. 
Жоғары өнімді сүт-ешкі салмағынан 15-25 есе көп сүт алуға болатындығы анықталды. 
Ешкі сүті минералды заттардан, дәрумендерден, ферменттерден, гормондардан тұрады. 
Қазір уақытта ешкі сүті мен оның өнімдері халық сұранысына ие болуда. Сауда желісіне 
негізінен пастерленген ішуге арналған ешкі сүті жеткізіліп отырады, ал оның айран, 
сүзбе, ірімшік, простокваша, йогурт сияқты өнімдері мүлдем тапшылық болып саналады 
[4,5].
Шамамен 150-ге жуық негізгі ешкі тұқымдары және оның көптегені тұқымдық түрлері 
(тұқымішілік типі) бар. Әлемдегі ең өнімді және кең таралған тұқымдардың бірі, оның 
ішінде Қазақстанда шет елден әкелінген заанен ешкі тұқымы болып саналады. Бұл тұқым 
500 жыл бұрын Швейцария елінде шығарылған. Бұл тұқым жақсы жағдайлар жасап өсіру 
кезінде ірі және тез жетілгіш тұқым ретінде жоғары төлдегіштігімен, денсаулығының 
мықтылығымен және ұзақ өмір сүруімен ерекшеленеді.
Шетелден әкелінген асыл тұқымды ешкі малы жергілікті жерге тез бейімделуде. 
Жергілікті ешкілер көбіне жайылымда болса, олар бір жерде тұрып азықтанады. 
Кейбір малдар жаңа жерге тез үйренеді, ал кейбір малдар баяу үйренеді немесе 
адаптацияға қабілетсіз болады. Мұндай реакция негізіне малдың барлық тіршілігі мен 
жеке даму процесін анықтайтын биохимиялық процесстер жатады. Бүгінгі таңда адап-
тация мәселелерін және тіршілік жағдайының өзгерісіне ағзаның реакциясын зерттеу 
өзекті мәселе болып отыр [6]. Солтүстік жағдайына шет елден әкелінген заанен тұқымы 
ешкілерінің жерсініп кетуін және өнімділігінің қалыпты болуын зерттеудің өзектілігі 
жоғары. 
Автор мақалада Заанен ешкілерінің қан анализі көмегімен ауру түрлерін анықтап 
отырудың олардың өнім сапалылығын қамтамасыз етуде маңызы зор екенін айтады [7].
Қазақстанда ешкі шаруашылығын дамыту аграрлық саланы өте тиімді саласы 
және халықты диеталық өніммен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Қазақстанда 
сүтті бағыттағы ешкі шаруашылығының басым бағыттарын айқындау және зерттеу 
жұмыстарын жүргізу өте қажет. 


203
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан республикасында Ақмола облысы 
жағдайындағы сүтті бағыттағы заанен ешкі тұқымының сүт өнімділігін анықтау. 
Ақмола облысы жағдайындағы сүтті бағыттағы заанен ешкі тұқымының сүт 
өнімділігін анықтау бойынша жұмыс 2017-2019 жылдар аралығында ТОО «ПХ Зерен-
да» шаруашылығында орындалды. Жүргізілген бақылау сауу негізінде саулықтардың 
тәуліктік сауыны, 300 күн сауын кезеңіндегі ешкі сүтіндегі май мен ақуыз мөлшері 
анықталды. Зерттеуге барлығы екі топқа 60 ешкі қатысты. Айлық сауын мөлшерінің, 
сүттегі май мен ақуыз мөлшері есебі он айлық сауын кезеңінде жүргізілді: наурыз-1-
ші ай; сәуір- 2-ші ай; мамыр-3-ші ай; маусым-4-ші ай; шілде -5-ші ай; тамыз-6-шы ай; 
қыркүйек-7-ші ай; қазан-8-ші ай; қараша-9-шы ай; желтоқсан – 10-шы ай. Сүттегі май 
мен ақуыз мөлшері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі 
«Сүт сапасын анықтау» зертханасында ешкі сүтінің химиялық-физикалық қасиеттерін 
анықтау ультрадыбыстық «Клевер-2» сүт сапасын талдайтын аппарат көмегімен жүзеге 
асырылды. 
Ақмола облысының Целиноград ауданы Қажымұқан ауылында 5000 ешкіге арналған 
сүтті тауарлы ферма «Зеренда» асыл тұқымды ешкі шаруашылығы» Голландиядан 334 
бас сүтті бағыттағы заанен тұқымы ешкілерін әкеліп, қазіргі таңда 1100 бас шамасы-
на жеткізді. Шаруашылық максималды сүт өнімділігін алу үшін үздік генетикадағы 
ешкілерді өсіру орталығы болып табылады. Алдағы уақытта кәсіпорын толық қуатына 
шыққан кезде төл басын 5000-ға дейін жеткізу жоспарланған. Шаруашылықтың 
қазіргі заман талаптарына сай шет елдік технологиямен жабдықталған, компьютермен 
басқарылатын орталықтандырылған 72 ешкіге арналған сауын алаңы бар. Италия ма-
мандарымен жылдық қуаты 4 мың тонна, сағатына бір тоннаға дейін ешкінің сүті мен 
сүт өнімдерін қайта өңдейтін сүт зауыты іске қосылып, мемлекеттік стандарттарға сай 
сұранысқа ие ешкі сүті мен өнімдерін, яғни айран, қатық, май, қаймақ, сүзбе, брынза, 
ірімшіктің бірнеше түрлерін, сулунгуни, құрт, йогурт және сүт сары суы сияқты өте пай-
далы 40 түрлі сүт өнімдерін саудаға шығарып, халқымызды құнды отандық ешкі сүті және 
оның өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар шетелге экспортқа шығару жоспарлануда. 
Қазірдің өзінде Италия және Қытай елдері болашақта шаруашылықтан шығарылатын 
сүтке қызығушылық танытып отыр. 
Ақмола облысындағы бұл жас ешкі шаруашылығындағы ешкілердің тірілей салмағы 
жасына байланысты 48-60 кг арасында құрайды. Туылған лақтардың тірілей салмақтары 
-3 кг, ал 2 айлық кезінде 9-10 кг тартады. Шаруашылық бойынша ешкінің орташа тәуліктік 
сауын сүті бір басқа шаққанда бірінші лақтаған ешкілерде 0,9-1,0 кг болса, екінші лақтаған 
ешкілер 2,1 кг дейін құрайды. Сүттің майлылығы – 4,02%, ақуызы – 3,50% көрсетті. Шет 
елден әкелінген заанен ешкі тұқымы жерсіндіріліп, өз төлінен көбейтілуде. 
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі «Сүт сапа-
сын анықтау» зертханасында ешкі сүтінің химиялық-физикалық қасиеттерін анықтау 
ультрадыбыстық «Клевер-2» сүт сапасын талдайтын аппарат көмегімен жүзеге асырыл-
ды.
1 кесте -Шикі ешкі сүтінің органолептикалық сипаттамалары, (n=60 үлгілері)
Көрсеткіштің атауы
Сипаттама
Сыртқы көрінісі
Шөгіндісіз майсыз сұйық. Араластырумен бірге 
жоғалып бара жатқан майдың аздап шөгуі бар
Консистенция 
Біртекті, жабыспайды, ақуыздың және майдың 
түйіршіктері жоқ
Дәмі мен иісі
Таза, сыртқы иістер мен дәмсіз, ешкі сүтінің ерек-
ше дәмі бар
Түсі
Сүтті-ақ, біркелкі массасы бойынша


204
Ешкі сүтінің органолептикалық сипаттамалары мемлекетаралық стандарт МЕМСТ 
32259-2013 талаптарына сәйкес келетіндігін көрсетті. Сыртқы түрі, дәмі мен иісінің 
сипаттамасы 1-кестеде берілген көрсеткіштері стандартқа сәйкес келетінін, нормадан 
ауытқымайтынын көреміз.
Қазақстан Республикасында сүтті ешкі шаруашылығын дамыту біздің еліміздің азық-
түлік қауіпсіздігін және шикізатпен қамтамасыз ететін басым бағыттарының бірі болып 
саналады. Сонымен қатар, генетикалық тұрғыдан анықталған ешкілердің сүт өнімділігін 
арттыру үшін отандық және шетелдік тәжірибені есепке ала отырып, қолда бар ешкі ма-
лымен селекциялық - асыл тұқымды жұмыстарын дамыту керек, қазіргі заманғы техно-
логия талаптарына жауап беретін ешкілерді күтіп бағу және азықтандыру технологияла-
рын жетілдіру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет