Международной научно-теоретической конференции сейфуллинские чтения



Pdf көрінісі
бет86/180
Дата10.11.2023
өлшемі5,38 Mb.
#190798
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   180
Байланысты:
sf16-1-1-3

список использованной литературы
1 https://www.kp.ru/putevoditel/eda/orekhi/gretskij/
2 Walnut: (англ.). Agriculture - Transport Information Service. Association for German 
Insurance (2010). Дата обращения 6 февраля 2015.
3 Темирханов Б.А.,Темердащев З.А., Елецкий Б.Д., Шпигун О.А. Оценка эффек-
тивности использования некоторых сорбентов при очистки поверхностных вод от неф-
ти и нефтепродуктов// Защита окружающей среды в нефтегазовом комплексе.-2005.-
№5.-С.22-23.
4 Бех И.А., Кривец С.А., Бисирова Э.М. Кедр - жемчужина Сибири.- Томск: Изд-во 
«Печатная мануфактура», 2009.- 4 с.
5 Бех И.А., Таран И.В. Сибирское чудо-дерево. Новосибирск, 1979.126 с.
6 Queiros, Carla S. G. P., Cardoso, S., Lourenco, A., Ferreira, J., Miranda, I., Lourenco, 
V., Pereira, H. Characterization of walnut, almond, and pine nut shells regarding chemical 
composition and extract composition // Biomass conversion and biorefinery. - V: 10(1)/, P.: 
175-188. - DOI: 10.1007/s13399-019-00424-2
7 http://www.24kedr.ru/catalog/pinus_sibirica/530.php
8 Коренская И. М., Ивановская Н. П., Измалкова И. Е.Фармакогностический анализ 
лекарственного сырья. Учебное пособие. – Воронеж: 2006, - С. 5.
9 Общая фармакопейная статья ОФС.1.5.3.0009.15. Определение содержания тяже-
лых металлов и мышьяка в лекарственном растительном сырье и лекарственных расти-
тельных препаратах. С. 13.


198
Секция
ветеРинаРия Жəне мал
шаРуашылығы
ЖивотновоДство и ветеРинаРия
солтҮстік ҚазаҚстан облысы ЖағДайынДа абеРДин-ангус 
тҰҚымы буДан тӨлДеРінің Өсіп-Жетілуі 
 Кажгалиев Н.Ж., а.ш.ғ.к., доцент 
Ибраев Д.К., PhD, аға оқытушы 
Абдоллаев М.К., 2-курс магистранты
Әкімжан Н.Қ., 2-курс магистранты
 С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Нұр-Сұлтан қ.
Қазақстан Республикасының аграрлық секторының маңызды проблемаларының бірі – 
халықты тамақ өнімдерімен, атап айтқанда сиыр етімен қамтамасыз ету болып табылады, 
оның шешімі етті ірі қара мал санының өсіріп, өнімділігін арттыру және етті ірі қара мал 
шаруашылығын дамыту қажеттілігін алдын ала айқындайды. Қазақстанда етті ірі қара 
малының санын көбейту ішкі ресурстарды пайдалану арқылы өсірілетін тұқымдардың 
табындарын кеңейту, сондай-ақ шетелдік гендік қорды импорттау жолымен жүзеге асы-
рылуда.
Соңғы жылдары елімізде шет елдерден асыл тұқымды сүтті, етті ірі қараларды әкеліп 
жергілікті малдың өнімділігін жоғарылатуға айрықша көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ-
тан, Австралиядан әкелінген голштин-фриз, герефорд, абердин-ангус тұқымының малда-
рын жергілікті малмен будандастырып, өнімділігі жоғары табындар қалыптастырылуда. 
Осының нәтижесінде асыл тұқымды мал зауыттарында сауын сиырлардан 8-10 мың кг-ға 
дейін сүт алуды жоспарлап, бордақыланатын малдардың тәуліктік салмағын 1000-1500 
грамға жеткізу межеленіп отыр[1].
Қазіргі уақытта Қазақстанда және әлемнің басқа да елдерінде өнімділігі аралас 
бағыттағы тұқымдарды мамандандырылған етті тұқымдармен будандастырудың әртүрлі 
нұсқалары негізінде алынған будан малдардың селекциялық-технологиялық, өсімін мо-
лайту және басқа да ерекшеліктерін зерттеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде. 
Олардың арасында қазақтың ақбас, абердин-ангус, герефорд, әулиекөл және т.б. 
тұқымдары кеңінен пайдаланылады. Етті тұқымды ірі қара мал ұзақ уақыт бойы бұлшық 
ет ұлпасын өсіретін физиологиалық қабілетке ие, мықты конституциясы бар, жем-шөп 
талғамайды, жайылымды жақсы пайдаланады [1,2]. 
Ұлттық ауқымда Қазақстан үшін жергілікті аз өнімді малдарды жоғары өнімді малға 
айналдыру өте маңызды, өйткені республикаға бұрыннан герефорд, абердин-ангус, сан-
та-гертруда, шароле, джерсей, латвиялық қоңыр түсті, голштин және т.б. сияқты шетелдік 
мал тұқымдары әкелінген. Мәселен, импорттық ірі қара малдың жергілікті тұқымдарын 
шетелдік түрімен будандастыру негізінде Алатау ет-сүтті тұқымы, қазақтың ақ бас 
тұқымды малы, Әулиекөл тұқымдары алынды [3].
Отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері бойынша, етті тұқымды бұқалармен 
өнеркәсіптік будандастыру арқылы алынған будандардың ет өнімділігінің жоғары 
қарқынымен сипатталады. Алайда Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі аралас және етті 
тұқымды сиыр мен бұқалардан алынатын таза және будан төлдердің өсу ерекшеліктері, 
ет өнімділігі мен бейімделу қабілетінің қалыптасу ерекшеліктері әлі де толық зерттеуді 


199
қажет етеді[4,5]. 
Осыған орай «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде түпкілікті жақсартуды қажет ететін 
төмен өнімді малдың өнімділік және асыл тұқымдық сапасын жақсарту мақсатында сіңіре 
будандастыру жолымен Солтүстік Қазақстан облысы «СТАН» ЖШС жағдайында абер-
дин-ангус тұқым өндіруші бұқаларынан алынған будан төлдердің өсіп-жетілуі зерттелді. 
Жұмыстың экспериментальды бөлігі Солтүстік Қазақстан облысы «СТАН» ЖШС-да 
жүзеге асырылды. 
Зeрттeу тәжірибесінің мaқсaты – «СТАН» ЖШС жағдайында абердин-ангус тұқым 
өндіруші бұқаларынан алынған будан төлдердің өсіп-жетілуін зерттеу.
Зерттеу жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлютка ауданының «СТАН» 
ЖШС шаруашылығында 2019 жылғы 15 қаңтар мен 15 қазан айлары аралығында 
жүргізілді. 
Будан ІІ буын ұрпақтары шаруашылықта белгіленген технология бойынша, 7 айлық 
жасқа дейін сиырлардың қасында ене сүтін ему арқылы ұсталды. Қысқы кезеңде ауы-
спайтын терең төсеніште болды. Ал жазғы кезеңде жайылымда қосымша азықтандырусыз 
жайылған. Тәжірибелік бұзаулардың өсуі мен дамуын сипаттау үшін өсу кезеңдері бой-
ынша өлшеу нәтижелерін пайдаланылды. Өсудің қарқындылығын анықтау үшін орташа 
тәуліктік өсімі, абсолюттік, салыстырмалы және тірі салмағының өсімі есептелді.
Малдың сырт пішінін бағалау негізгі өлшемдерді өлшеу жолымен жүргізілді (шоқтық 
биіктігі, құйымшақ биіктігі, кеуде тереңдігі, тұрқының қиғаш ұзындығы, денесінің тік 
ұзындығы, жауырынның артындағы кеуде орамы, кеуде ені, сербек аралық ені, бөксе 
аралық ені, сирақ орамы, тұрқының қиғаш ұзындығы). Өлшеулер нәтижелерінің негізінде 
дене бітімі индексі (сирақтылық, созылыңқылығы, толықтығы, кеуделілігі, жамбас-кеу-
де сәйкестігі, бойшаңдығы, сүйектілігі, кеуде енділігі, жұмырлығы, еттілігі) есептелінді. 
Алынған сандық материал Microsoft Excel бағдарламасын есептеу үшін қолдану арқылы 
Крючкова А.В., Маракулина И.В. [6] бойынша биометриялық өңделген.
Төл дене бітімінің дұрыс дамуы мал өнімділігіне тікелей әсері бар. Дегенмен
малдың бітімі туралы өлшемдер келесі зоотехникалық маңызы бар мәселелерді шешуге 
мүмкіншілік туғызады: малдың жасына сәйкес өсіп-жетілуі, дене пішінінің өзгеруін тал-
дау; нақтылы бір малдың немесе мал тобын түр-тұлғасы бойынша бір-бірімен немесе 
сол мал тұқымы стандартымен, әлде басқа мал тұқымымен салыстыруға болады; әртүрлі 
ұрпақ өкілдерін, яғни атасымен баласын түр келбеті бойынша салыстыруға болады.
«СТАН» ЖШС шаруашылығы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 10 бас таза тұқымды 
абердин-ангус тұқымының өндіруші бұқаларын сатып алып, жергілікті тұқымсыз сиыр-
лармен сіңіре будандастыру арқылы селекциялық асылдандыру жұмыстарын жүргізуде. 
Бүгінгі күні шаруашылықта 60 бірінші буын ұрпақ сиырлары, екінші буын 40 ұрпақ 
қашарлар мен 14 асыл тұқымды өндіруші бұқа және 111 бас 2019 жылы алынған будан 
төлдер бар, оның ішінде 54 бас ІІ буын будан төлдері.
Осы мақсатта шетелден әкелінген абердин-ангус тұқымының өндіруші бұқаларынан 
алынған ІІ буын будан ұрпақтарының дене құрылымының сыртқы пішінін бағалау үшін, 
дене өлшемдері алынды. Бұзаулардың дене өлшемдері туғаннан кейін және 6 айдан 
кейін жүргізілді (1-кесте).
1-кесте – Абердин-ангус тұқымының будан ІІ буын ұрпақтарының дене бітімі 
өлшемдері, см 
Дене өлшемдері
Еркек бұзаулар
Ұрғашы бұзаулар
Зерттеу мерзімі
Туылғандағы
Туылғаннан 
кейінгі 6 
айлығында
Туылғандағы
Туылғаннан 
кейінгі 6 
айлығында


200
Шоқтық биіктігі
68,5±1,76
102,0±1,41
65,0±0,69
97,8±0,52
Құйымшақ биіктігі
70,3±2,21
112,3±0,98
66,7±0,17
110,3±0,47
Кеуде тереңдігі
32,1±1,90
49,7±0,62
30,2±0,20
45,6±0,60
Жауырын артындағы кеуде орамы 
92,0±3,11
149,7±1,45
83,1±1,15
141,5±0,65
Кеуде ендігі
19,7±1,60
35,6±1,57
18,5±0,51
30,4±0,82
Тұрқының қиғаш ұзындығы
79,6±6,07
114,2±1,19
76,2±0,54
112,8±1,93
Сербек аралық ені
22,3±1,02
39,8±0,76
18,9±0,17
35,8±0,35
Тұрқының қиғаш ұзындығы
22,7±0,26
30,8±0,83
22,3±0,55
29,3±0,92
Сирақ орамы
11,1±0,28
17,6±0,18
10,8±0,31
17,3±0,10
Туғаннан кейінгі будан бұзаулардың дене өлшемдерін талдау көрсеткендей, будан 
ұрпақтардың өсу қарқыны біркелкі екенін көрсетті, бірақ биіктік өлшемдері бойынша 
еркек ұрпақтары ұрғашы ұрпақтарынан шоқтық биіктігі бойынша 3,5 см және құйымшақ 
биіктігі бойынша 3,6 см-ге (8,4%) бойшаң болатыны байқалса, ал ұзындық өлшемдері 
бойынша айтарлықтай айырмашылық жоқ деуге болады, кеуде тереңдігі бойынша 6 
айлығында 9,28 %, енділігі бойынша туғанда 8,16 %, 6 айлығында 7,03-17,10 %, ал кеуде 
және жіліншік орамдары бойынша 4 % артық болды. 
Тәжірибе жүргізілген малдардың сырт пішінін салыстырмалы түрде толық бағалау 
үшін тұлға индекстері есептелді. Алынған нәтижелер 2-кестеде берілген.
2-кесте – ІІ буын будан төлдердің дене бітімі индекстері, % 
Индекстер
Еркек ұрпақтары (n-26)
Ұрғаш ұрпақтары (n-28)
Туғанда 
6 айында
Туғанда 
6 айында
Дене толықтығы
134,0±0,49
147,0±0,42
128,0±0,65
145,0±0,44
Сирақтылығы
53,0±0,49
51,0±0,42
54,0±0,65
53,0±0,44
Тұрқы сипаты
116,0±0,04
112,0±1,15
117,0±1,31
115,0±0,96
Кеуделілігі 
61,0±2,09
72,0±2,73
60,0±2,11
67,0±1,95
Дене жұмырлығы
116,0±0,24
131,0±0,94
109,0±1,43
125,0±0,88
Сүйектілігі 
15,9±1,10
17,0±0,53
16,0±1,01
17,6±0,63
Кеуде-бөксе сәйкестігі
83,0±4,73
85,4±2,51
85,7±2,38
88,0±1,92
Зерттеу жүргізілген нәтижелерден будан бұзаулардың дене бітімі индекстерін салы-
стырмалы түрде зерттеу нәтижесінде барлық туғандағы және 6 айлық жас кезеңдерінде 
еркек және ұрғашы бұзаулардың тұлға индекстерінде аса көп ауытқушылықтар жоқ 
екенін көруге болады. Зерттеуге алынған еркек бұзаулардағы айырмашылық кеуделілігі 
бойынша (5,01-8,67 %), кеуде-бөксе сәйкестігінде (5,59-9,42%), қалған дене индекстері 
тең дәрежеде екендігін байқауға болады. Ал, ұрғашы бұзаулар сүйектілігі мен кеуде 
бөксе сәйкестілігі бойынша жастастарынан 6,19 % және 10,7 %-ға артық болады. Бұл 
будан бұқашықтардың еттілік пішінінің біркелкі жақсы дамығандығын көрсетеді.
Төлдің өсімталдылығы малдың ет өнімділігіне үлкен әсерін тигізеді және етті ірі қара 
шаруашылығында басты селекциялық белгі болып саналады. Шаруашылықтағы абер-
дин-ангус тұқымы малының будан төлі ұзақ өсіп жетілгіштігімен, қарқынды өсіп, ауыр 
салмақ қосуымен ерекшеленеді.
Будан төлдер шаруашылық жағдайында ауыр салмақ тартып, І класс талабына сай 
қарқынды өсуімен ерекшеленетінін байқатты (3-кесте).


201
3-кесте - Төлдердің тірілей салмағы, кг
Малдың жасы, ай
n
Тірілей салмағы ,кг
n
Тірілей салмағы,кг
Еркек бұзаулар
Ұрғашы бұзаулар
Туылғанда
26
23,7 ± 0,78
28
22,3± 1,6
3
26
105,1± 3,4
28
96,7± 4,7
6
26
175,3 ± 4,6
28
167,3± 5,4
8
26
209,5 ± 6,3
27
195,6± 5,8
Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, бұқашықтардың тірілей салмағының өсу 
қарқындылығы тұқымдық стандарттар класына сәйкес және қашарлармен салыстырғанда 
тірілей салмақ көрсеткіштері бойынша 6 айлығында – 7,1 %, 8 айлығында 209,5 кг құрап 
– 9,2 %-ға артық болды. Яғни тұқым мал стандартынан 8 айлығында бұқашықтар 9,5 кг, 
ал қашарлар 5,6 кг басым болды.
«СТАН» ЖШС шаруашылығында абердин-ангус тұқымының өндіруші бұқаларынан 
алынған ІІ буын будан ұрпақтарының өсуін талдау барысында олардың 22,7-23,0 кг 
туылған кездегі аз салмағына қарамастан, одан әрі олардың өсу қарқыны біркелкі жоғары 
екенін көрсетті. 
Зерттеу нәтижелерін қорыта келе абердин-ангус тұқымының ІІ буын будан 
ұрпақтарының өсуін және дамуы бойынша біршама қарқынды өсіп-жетілгіштігі, етті ірі 
қара малына тән біркелкі жақсы дамыған еттілік пішінін және сыртқы келбетінің ата-
тегіне тән қара түстілігі 98,7% болып анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   180




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет