116
Топырақтың су режимін басқару-ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін
реттеудің негізгі құралдардың бірі.
Дәнді дақылдар селекциясы ең алдымен сорттардың абиотикалық факторларға
экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталуы тиіс. Мәселені шешуде бастапқы ма-
териалды
зерделеу және одан өнімділікке, құрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге
төзімділікке жауап беретін генетикалық көздерді бөліп алудың маңызы зор[2].
Е.В.Ионованың диссертациялық жұмысында келтірілген мәліметтерге сүйенетін
болсақ, құрғақшылық аймақтарда ауыл шаруашылығы өндірісінде тұрақты өнім беретін,
икемділігі, өнімділігі мен құрғақшылыққа төзімділігі жоғары сорттар мен будандарды
алу қажет. Бұл бағыттағы тиімді селекциялық жұмыстар
дақылдың сыртқы ортаның
қолайсыз жағдайларына төзімділігін қамтамасыз ететін физиологиялық механизмдерді
білу және қолдану негізінде ғана алуға болады. Селекциялық үрдісті жеделдету үшін
абиотикалық факторларға төзімділіктің нақты белгілері бойынша үлгілерді бағалаудың
сенімді әдістерін қолдану қажет. Әрбір топырақ-климаттық аймақ үшін өсімдіктердің
құрғақшылыққа төзімділігін дәл бағалауға кепілдік беретін, белгілердің шектеулі санын
анықтайтын әдістердің жиынтығын алу өте маңызды. Бидай, арпаны және қонақ жүгері
селекциясында өсімдіктер физиологиясының жетістіктерін қолдану тек қана өсу және
даму заңдылықтарын, физиологиялық
процестердің өту заңдылықтарын, табиғи және
жасанды жағдайларда өсімдіктердің метаболизмінің ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу
негізінде ғана мүмкін болады. Селекциялық процесті жеделдету үшін жаздық арпаның
жеке физиологиясы бойынша зерттеулер циклін жүргізу қажеттілігі туындайды[3].
Н.И.Вавиловтың ойынша, әлемдік коллекция ауыл шаруашылығы селекциясы үшін
шексіз қор болып табылады. Оның маңызы жергілікті жағдайларға байланысты арта
түседі. Жаңа, өнімділігі жоғары және жергілікті жағдайларға бейімделген сорттарды алу
үшін әлемдік коллекцияны зерделеп, бағалы қасиеттерге ие жаңа бастапқы материалды
іздеу селекцияның маңызды әрі басты бағыты болып табылады [4].
Белгілі бір экологиялық факторларға бейімделген сорттарды құру– ауыл шаруашылығы
дақылдарының шығымдылығын одан әрі арттырудың маңызды және қажетті шарты және
тұрақтылық белгісі[5].
Дәнді дақылдардың құрғақшылыққа төзімділігін анықтауда екі түрлі әдіс қолдануға
болады: танаптық және зертханалық. Танаптық әдістер де кеңінен қолданылады: құрғақ
аудандарда, құрғақшылықтарда, құрғақ қондырғыларда сорттар мен ауыл шаруашылығы
дақылдарын өсіру.
Бұл әдістер ұзақ уақытты, материалдық шығындарды талап етеді.
Көптеген зерттелетін дақылдар үшін өсу жағдайлары қуаңшылық аудандарда олардың
биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келмейді, бұл алынған нәтижелердің бұрмалануына
әкеп соғады.
Далалық дақылдардың қуаңшылыққа төзімділігін бағалаудың көптеген физиологиялық
әдістерінің ішінде салыстырмалы қуаңшылыққа төзімділікті жаппай бағалау үшін
қарапайым жанама әдістер тұқымдардың өсіп-өнуін және ылғалдың жетіспеушілігін
қолдан жасау осмостик ерітінділерде өскіндердің өсуін анықтауға негізделген, өйткені
қуаңшылыққа төзімділік пен тұқымның осмотик ерітінділерде өсу қабілеті арасындағы
оң корреляция бұрыннан белгілі. Зерттеу жұмысында осы әдістерді қолдана отырып,
Ақмола облысы жағдайында жақсы өнім беретін және құрғақшылыққа төзімді сорттарды
іріктеу жұмыстары жүргізіледі.
Осылайша, арпаның құрғақшылыққа төзімді сорттарын іріктеуге бағытталған ғылыми
зерттеулер өзекті және Солтүстік Қазақстан үшін басым бағыттардың бірі болып табыла-
ды. Селекция үшін жаздық арпаның әлемдік коллекциясын зерттеу және біздің топырақ
– климаттық жағдайларға неғұрлым бейімделгенін іріктеп алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: