Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§5. Алдын ала тергеу кезіндегі адвокат-қорғаушының қызметі



Pdf көрінісі
бет24/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§5. Алдын ала тергеу кезіндегі адвокат-қорғаушының қызметі 
Қылмыстық iске араласқаннан кейiн адвокат өзiнiң қорғау жоспарларын 
құрады. Содан кейiн тергеу процесiнiң кез келген сатысынан тыс қалмауға 
тырысады. Адвокат өзiнен көмек сұрап келген адамдарға заң көмегiн көрсетiп, 
құқығын қалпына келтiруi тиiс. Осындай мiндеттерiн орындауда өз жоспарын 
қолданады. Адвокаттың қорғау жоспары жай, күрделi, қысқа, ұзақ болуы 
мүмкiн.
43
Адвокат алдын ала тергеу сатысында айып тағылған не адам сезiктi деп 
танылған кезден бастап iске қатысуға жiберiледi. Қылмыстық iстi тергеуде iс 
жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асырудың заңды негiзi – қылмыстық iстi қозғау 
қаулысы болып танылады. Заңда көрсетiлген тергеу және сот әрекеттерiн 
қылмыстық iс қозғағаннан кейiн жүзеге асырылады. 
42
Стецовский Ю.В. Советская адвокатура .Учебная пособия для вузов. М.Высшая школа.1989. 
43
Арсентьев О.В. Адвокатура. Адвокат в уголовном игражданском процессах .г.Костанай.1998. 


59 
ҚIЖК 194 бабына сәйкес алдын ала тергеу әрекетi қылмыстық iс қозғау 
туралы қаулы шығарылғаннан кейiн ғана жүргiзiледi. 
Қылмыстық iс қозғау қаулысы шығарылғаннан кейiн адвокаттың негiзгi 
мiндетi туындайды, мысалы кiнәсi жоқ адамды жауапқа тартудан алдын алу 
керек. 
Қылмыстық iс қозғалғаннан кейiн прокурор алдын ала тергеу және сот 
органдары белгiлi құқықтарға ие болады. Мысалы, тергеушi (прокурордың 
санкциясымен) 
нақты 
қылмыстық 
iстi қарайды 
және азаматтарға 
процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданады: тiнту, алу, куәлерден жауап 
алады, қылмыстық iс болған жерлердi қарайды сонымен қатар басқа да тергеу 
әрекеттерiн жүзеге асырады. 
Қылмыстық iс қозғау сатысына қылмыстық iс жүргiзу сатыларының 
барлық белгiлерi тән: нақты мiндеттер, iстiң негiзгi қағидалары, құқықтық 
қатынастар мен әркеттер. 
Қылмыстық iс кiнәлi деп сезiк келтiрген адамның болуынан емес, 
қылмыстық деректерiнiң бар болуына байланысты iс қозғалатынын адвокат 
бiлуi тиiс. Тұлғаны қылмыстық iс бойынша кiнәлi деп танымас бұрын қосымша 
мәлiметтер жинап оларды тексерулерi қажет. Табылған деректер қылмысқа 
қатысты болған жағдайда белгiлi тұлғаға қарсы қылмыстық iс қозғалды деп 
қорытындылау керек. 
Одан кейінгі адвокаттың міндеті қылмыстық iстi қозғау үшiн жиналған 
материалдарды тексеруі қажет. Түскен арыздар мен хабарламаларға қосымша 
қажет материалдар мен түсiнiктер сұрауға құқылы. Қылмыстық iс қозғау 
қаулысын шығармай жауап алу хаттамасын, тiнту, алу тағы басқа тергеу 
әрекеттерiн жүргiзуге тiптi Заңда белгiленген лауазымды тұлғалар мен 
органдардың құқықтары жоқ. Жеке тұлғаға қол сұқпаушылық принципi 
бұзылған жағдайда адвокат төмендегiдей әрекеттердi жүзеге асырады: 
- прокурорға шағымдана алады; 
- тергеу әрекетiнен кейiн сот процесiне дайындық бөлiмiнде соттан заңсыз 
алынған дәлелдемелердi iске қажетсiз деп тануға өтiнiш бiлдiре алады. 
Адвокат тергеуші материалдарынан болған немесе болады деген қылмысқа 
қатысты жиналған материалдарды бiрiншiден тексередi, бұл кезде 
тергеушілердің дәлелдемелер жинауға құқықтары жоқ екенін адвокат білуі 
керек. Өйткені тергеуші прокурор санкция беріп, қылмыстық iс қозғағаннан 
кейiн ғана тұлғаның кiнәлiлiгiн дәлелдейтiн дәлелдемелердi тауып iске тiркейдi. 
Адвокат материалдарды қарап, танысу барысында өзi тергеу әрекеттерін кiм, 
қандай тәсiлдермен, қашан жүргiзiлетiнiн және жүргізгенін тексере алады. 
Адвокат қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiн тергеушi 24 
сағаттан кешiктiрмей прокурорға жiбергенiн тексеруi тиiс. Прокурор 
қылмыстық iс қозғау қаулысының көшiрмесiмен танысады, егер де тергеушiнiң 
шығарған шешiмiнiң заңдылығына күмән келтiрсе қылмыстық iстi қозғауға 
негiз болған материалдарды тексередi. Қылмыстық iс қозғаудың заңдылығын, 
сонымен қатар тергеу iсi жүргiзудi қадағалауды жүзеге асырғанда 
тексередi.
44
Егер де қылмыстық iс заңсыз себептер мен негiздерге сүйене 
44
Жәмиева.Р. Қайыржанов.Е. Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың қорғау тәсiлдерi. Заң журналы.2/2001. 


60 
отырып қозғалса, прокурор өз қаулысымен тергеушiнiң немесе анықтау 
органының қаулысының күшiн жояды, қылмыстық iс қозғаудан бас тартады 
немесе қылмыстық iс бойынша тергеу iс әрекеттерi жасалған болса, оны 
тоқтатуға, істі қысқартуға құқылы. Егер прокурор бұл мiндеттерiн орындамаса 
адвокат жоғары тұрған прокурорға шағымдана алады. 
Қылмыстық iстi қозғау барысында Заңмен бекiтiлген азаматтардың 
құқықтары мен бостандықтарына байланысты күрделi мәселелер шешiледi. 
Қылмыстық iс бойынша дәлелдемелердi табу, алу, бағалау процестiң келесi 
сатыларында қаралады.
45
Адвокаттың соңғы жағдайда iске қатысуы: 
- тұлғаны ұстаған жағдайда (кiнә тағылмаса да) 
- тұлғаға бұлтартпау шарасы қолданған жағдайда. 
ҚIЖК 70 бабында көрсетiлген негiзде адвокат мiндеттi түрде қатысуы 
керек: 
- сезiктi немесе айыпталушы кәмелетке толмаса, жасы қылмыс жасаған 
уақытқа сәйкес белгiленедi; 
- сезiктi немесе айыпталушы дене немесе психикалық кемiстiгiнен өзiнiң 
қорғану құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмаса; 
- адам жазалау шарасы ретiнде он жылдан астам мерзiмге бас 
бостандығынан айырылу, өмiр бойы бас бостандығынан айырылу не өлiм 
жазасы тағайындалуы мүмкiн болатын қылмысты жасағаны үшiн айыпталса. 
Адвокат iске қатысу мерзiмiнен бастап ҚIЖК-нiң 74 бабында көрсетiлген 
процессуалдық құқықтарға ие болады. Оның құқықтары: 
- сезiктiмен және айыпталушымен олардың саны мен ұзақтығы 
шектелместен оңаша құпия жолығуға. Бұл құқық алғашқы жауап алуға дейiн 
жүргiзiледi. Кездесуде адвокат бiрiншiден қорғауындағы адамның iс бойынша 
позициясын шешiп алады: өзiн кiнәлi деп санай ма (егер өзiн кiнәлi деп 
есептесе толық мойындай ма, әлде жартылай мойындай ма), неге сiлтеме 
жасайтындығын, ненi мойындамайтынын, қандай себептермен және адвокаттан 
не сұрайтынын. 
Адвокат iске қатысқаннан кейiн төмендегiдей қызмет атқарады және 
бiрқатар құқықтарға ие болады: 
- заң көмегiн көрсетуге қажет заттарды, құжаттарды, мәлiметтердi жинап 
ұсынады; 
- дәлелдемелердi ұсынады. Дәлелдемелердi ұсынбас бұрын оларды белгiлi 
қайнар көздерден алу қажет, бiрақ та адвокатта билiк ету өкiлеттiгi 
болмағандықтан дәлелдемелердi табу, алу қиынға түседi; 
- ұстау хаттамасымен, бұлтартпау шарасын қолдану қаулысымен, Заңда 
көрсетiлген қылмыстық iс жүргiзу өзге де құжаттарымен танысуға құқылы; 
- өтiнiм жазады; 
- ҚIЖК-нiң 109-110 баптарында көрсетiлген тәртiпте судья шағымдарды 
қарағанда адвокат қатыса алады; 
- қарсылық бiлдiредi; (ҚIЖК-нiң 92, 93-баптары) 
45
Тыныбеков С.Т. Организационные формы и деятельность адвокатуры в РК Казахстан.Алматы. Казах 
университетi.1997. 


61 
- Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын органдар мен 
лауазымды адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне шағымданады; 
- Заңға қайшы келмейтiн кез келген басқа да қорғау құралдары мен 
тәсiлдерiн пайдалануға құқылы. 
Iске қатысқаннан кейiн адвокат сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы 
болып көптеген мәлiметтердiң, оқиғаның куәсi ретiнде болады. Қорғау 
қызметiн атқара отырып осы өзiне мәлiм болған мәлiметтерi бойынша жауапқа 
тартылмайды.
Адвокат куә ретiнде жауап беруге құқығы жоқ, себебi «Адвокаттық қызмет 
туралы» Заңның 15 бабының 3 тармағында көрсетiлген адвокат көмегiн көрсете 
отырып өзiне мәлiм болған мәлiметтердi құпия сақтауға мiндеттi және көмек 
сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз оларды жария етуге құқығы жоқ. 
Алдын ала тергеу сатысында адвокат қорғаушы болып қатыса отырып: 
- заңда көрсетiлген тергеу әрекеттерiне қатысады. Сонымен қатар жауапқа 
тартылып отырған тұлғаларға қосымша сұрақ қояды, хаттаманың дұрыстығы 
мен толықтығына жазбаша ескерту көрсетедi. Тергеушi адвокаттың кейбiр 
сұрақтарын жауапсыз қалдырған жағдайда , осы әрекетiн хаттамаға енгiзуi тиiс. 
Адвокаттың сұрақтары тек қана мән жағдайды ашуға айыпталушының айыбын 
жоққа шығаруға немесе жауаптылығын жеңiлдетуге бағытталуы керек. 
- iске қатысты, өзiне қажет құжаттарды сұратады; 
- тергеушiге өтiнiм, ал алдын ала тергеу әрекеттерiне қадағалау жасайтын 
прокурор мен судьяға шағымдана алады. 
- қылмыстық iспен байланысы бар мамандардан консультация алуға 
құқылы.
- прокурордың сезiктiнi, айыпталушыны қамауға алу және мерзiмiн 
ұзартуға берген санкциясына келiспеген жағдайда сотқа шағымдана алады. 
Мұндай шағымды сотқа прокурордың орналасқан мекен жайына байланысты 
жiбередi.
Алдын ала тергеу сатысында адвокаттың соңғы қатысуы бұл қылмыстық 
iстiң барлық материалдарымен танысуы. Айыпталушының немесе оның 
қорғаушысының өтiнiшi бойынша олар iс материалдарымен бiрге немесе жеке-
жеке таныса алады. Iстiң барлық құжаттары адвокатқа тiгiлген және 
нөмiрленген күйiнде берiлуi керек. Заңның осындай талаптарын тергеушi 
орындамаған жағдайда, адвокат iстiң құжаттарымен танысудан бас тарта алады. 
Адвокат пен тергеушiнiң арасында ешқандай келiсiм болмауы керек, себебi әр 
бет нөмiрленбеген болса iсте басқа материалдар тiркелiп немесе iске тiркелген 
басқа құжаттар алынып тасталуы мүмкiн. Сонымен қатар беттердiң 
нөмiрлерiнiң болмауы адвокаттың өтiнiм жазған кезде нақты қай бетiне 
келiспейтiндiгiн көрсетiп сiлтеме жасай алады.
46
Адвокат алдын ала тергеу сатысынан бастап қатысса iстiң көптеген 
құжаттарымен таныс болғандықтан мiндетiн атқаруға жеңiл болады. Егер 
адвокат келесi сатылардан бастап iске қатысса, ол iстiң барлық құжаттарымен 
танысуы керек. Iстiң құжаттарымен танысуда белгiлi бiр тәсiлдер 
белгiленбеген, қорғаушылардың барлығы дерлiк бiрiншiден қылмыстық iс 
46
Сборник законодательных и нормативных актов,регулирующих деятельность адвокатов. Алма-Ата.1981. 


62 
қозғау қаулысымен танысады. Қылмыстық iс қозғау қаулысының уақытын, кiм 
қозғағаны, қандай қылмыстық белгiлермен қозғалғанын, қандай тұлғаларға 
қатысты қозғалғанын қарайды, содан кейiн айыпкер ретiнде тану қаулысымен 
танысады. Қорғаушы iс құжаттарымен танысу процесiнде, егер ол бiрнеше 
томнан тұратын болмаса, олардың кез келгенiн қайта қарауға, сондай-ақ кез 
келген мәлiметтi кез келген көлемде көшiрiп алуға, құжаттардың көшiрмесiн 
түсiрiп алуға, сонын iшiнде техникалық құралдардың көшiрмесiн түсiрiп алуға 
құқылы. 
Адвокат iс бойынша құжаттардың көшiрмелерiн өзiнiң досъесiнде сақтауға 
тиiс. Досъе мiндеттi түрде iске қорғаушы болып қатысқаннан бастап 
толтырылуы тиiс.
47
Iстiң құжаттарымен таныса отырып адвокат тергеу және анықтама 
органдары алдын ала тергеу әрекеттерiнде жiберген қателiктерiне, қылмыстық 
iс жүргiзу Заңының бұзылғанына көңiл бөлуi тиiс. Заңсыз тәсiлмен алынған 
айғақтардың заңды күшi болмайды және айыптаудың негiзi болып табылмайды. 
Содан кейiн сот қорғаушының өтiнiмi бойынша дәлел ретiнде жiберiлмеуге тиiс 
құжаттарды алып тастайды. 
Iстiң құжаттарымен танысып болып адвокат әр түрлi өтiнiштер бiлдiруге 
құқылы. Көбiне жазған өтiнiшi қосымша тергеу жүргiзуге берiлген. Мысалы, 
қосымша жауап алуға, беттестiруге, тергеу экспериментiн жүргiзуге, сараптама 
тағайындауға байланысты. Қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда қылмыстық 
iстi қысқарту туралы құжатын сұратып iске тiркеу жөнiнде өтiнiш бiлдiредi. 
Тергеушiнiң қылмыстық iс бойынша адвокаттық өтiнiш қанағаттандырудан бас 
тартса, адвокат өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының 
көшiрмесiн алып үш тәулiктiң iшiнде прокурорға шағымдана алады. 
Тергеу iс-әрекеттерiне қатысты адвокаттың өтiнiшi қанағаттандырылса 
осы өтiнiштi қарастырғанда қатысуға құқылы. 
Iстiң барлық құжаттарымен танысқаннан кейiн адвокат айыпталушымен 
сот процесiнде қорғаушы боп қатыса алатын тұлғалардың тiзiмiн қарастырады. 
Қорғаушы болып қатыса алатын тұлға дегенiмiзде айыпталушының айыбын 
жоққа шығаратын мәлiмет бiлетiн адамды айтамыз. Бұл тұлғалардың тiзiмiн 
адвокат соған сәйкес өтiнiмде көрсетуi қажет. 
Адвокат қылмыстық iс құжаттарымен танысқаны туралы қорытындысын 
белгiлi хаттамада толтырады. Хаттамада танысуға қандай құжаттар 
ұсынылғаны, қандай өтiнiмдер мәлiмдегенiн және өзге де қандай мәлiмдемелер 
жасалғанын, сондай-ақ iс бойынша қандай куәлардан жауап алғанын, iске 
қатысқан қандай сарапшыларды, мамандар мен куәгерлердi айыпталушы мен 
қорғаушы сот отырысына шақырылуы қажет деп мәлiмдегенi немесе олардың 
тiзiмiн қоса тiркелгенiн көрсетедi. 
47
Бусленко.Н.И. Досъе адвоката. Ростов на Дону. 1996. 


63 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет