Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§ 13. Адвокаттың апелляциялық және қадағалау сатысына қатысуы



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§ 13. Адвокаттың апелляциялық және қадағалау сатысына қатысуы 
Сезiктiнi, айыпталушыны, сотталушыны жауап беруге, оған тағылған 
айыпты мойындауға, заттай дәлелдемелер беруге мәжбүрлеу, сондай-ақ оның 
өзiне қарсы жауап бермеу құқығын бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасауға 
мәжбүрлеу, қорғану құқығын елеулi түрде бұзушылық деп қарастырылуы қажет. 
Осыған байланысты сезiктiнiң, айыпталушының өзiне тергеудiң заңсыз 
амалдарының қолданылғаны туралы арызы мұқият тексерiлуi қажет және ол 
расталған жағдайда ондай iс материалдары iс жүргiзу заңының талаптарын бұзу 
арқылы алынғандықтан дәлелдемелiк күшi жоқ деп танылуға тиiс. 
ҚIЖК-нiң 31-бабына сәйкес сезiктiге, айыпталушыға, сотталушыға, 
сотталғанға қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекеттерi мен 
шешiмдерiне қылмыстық-процессуалдық заңда бекiтiлген шағымдану құқығы 
мен оның тәртiбi түсiндiрiлуге тиiс. 
Сезiктiнiң, айыпталушының қорғану құқығының бұзылуы басты сот 
талқылауын тағайындау үшiн кедергi етпейдi жән ҚIЖК-нiң 303-бабына сәйкес 
iстi қосымша тергеуге жiберуге де негiз бола алмайды. Мұндай құқық 
бұзушылықтың мәнi басты сот талқылауында дәлелдемелердiң заңда 
көрсетiлген тәртiппен алынғандығына және олардың сотталушының кiнәлiлiгiн 
немесе кiнәсiздiгiн шешуге жеткiлiктiлiгiн бағаланған кезде ескерiлуге тиiс. 
Қылмыстық iзге түсу органдары жол берген қорғану құқығын 
бұзушылықтарiс бойынша жиналған дәлелдемелердi заңсыз деп тануға негiз 
болып табылса және айыптау тарабы сотталушының кiнәсiн дәлелдейтiн басқа 
дәлелдемелер ұсынбаса, сот ақтау үкiмiн шығаруға мiндеттi. 


83 
Соттар қорғаушысының бар-жоғына қарамастан, сотталушының сот 
жарыссөзiне қатысатынын ескеруi қажет. Сотталушыны аталған құқықтан 
айыру, сондай-ақ оған соңғы сөз бермеу, тағылған айып бойынша уәждерiн 
баяндауына шектеу қою – ҚIЖК-нiң 415-бабына сәйкес үкiмнiң бұзылуына 
әкеп соғатын қорғану құқығын бұзушылық болып табылады. 
Сотталушыны (ақталғанды) өзi бiлетiн тiлде үкiмнiң (қаулының) 
көшiрмесiн алу, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертпелер 
беру, басқа процеске қатысушылардың шағымдарымен (наразылықпен) танысу 
және оларға қарсылық беру құқықтарынан айыру, олардың шағымдары мен 
қарсылықтарын қабылдаудан заңсыз бас тарту – қорғану құқығын бұзушылық 
болып табылатынын соттар назарларында ұстаулары қажет. 
Ақталушыға, сондай-ақ қылмыстық қудалауды қысқарту туралы қаулы 
шығарылған айыпталушыға (сезiктiге) қылмыстық процестi жүргiзушi 
органдардың заңсыз iс-әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу 
құқығын түсiндiрмеу де қорғану құқығын бұзушылық болып табылады. 
Егер сот үкiмi негiзiнен дұрыс шығарылса, аталған құқық бұзушылықтар 
оны бұзуға себеп бола алмайды. 
Қорғаушы өз ынтасы бойынша сотталғанның, ақталғанның мүддесi үшiн 
iстi қараған кезде шешiмдi бұзуға әкеп соғатын процессуалдық құқық 
бұзушылықтарға жол берген сот шешiмiне шағымдануға құқылы. Сот 
сотталушыны (ақталғанды) аталған арызбен таныстыруға және оның шағымды 
қайтарып алу құқығын түсiндiруге мiндеттi. 
Егер айыптау тарабының шағымында немесе наразылығына сотталған 
адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, бiрiншi сатыдағы сот 
қамауда отырған сотталушыға апелляциялық сатының отырысына қатысуға 
құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi. Сотталғанның қарсылықтары және алқа 
отырысына қатысу жөнiндегi пiкiрi iске тiркеледi. 
Жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған сотталушының өз өтiнiшi 
бойынша апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысуы – iстiң мән-
жайларын жан-жақты,толық зерттеудiң және шағымды немесе наразылықты 
объективтi түрде қараудың қосымша кепiлi болып табылады. 
Бiрiншi сатыдағы соттардың сотталушының (ақталғанның) аталған 
құқығын iске асыруды қамтамасыз еткенiн апелляциялық сатының соттары 
мұқият тексерулерi қажет. 
Сотталушы апелляциялық, қадағалау сатыларында қорғаушыдан бас 
тартқан және ол берген шағымды керi қайтарып алған жағдайда, егер iстi қарау 
үшiн заңда көрсетiлген басқа да негiздер болмаса, қорғаушының шағымы 
бойынша қозғалған өндiрiс қысқартылады. Қорғаушыдан бас тарту 
қабылданған жағдайда шағым iспен бiрге негiзiнен қаралады. Қабылданған 
шешiмдер туралы апелляциялық қаулы қабылданады. 
Егер шағымды бiрiншi сатыдағы сотқа қатысқан қорғаушы берсе, ал үкiм 
шығарылғаннан кейiн iске басқа қорғаушы қатысса, ол жаңа уәждер келтiрiп не 
бұрынғы уәждердi өзгертiп,апелляциялық шағымды толықтыруға құқылы. 
Соттар үкiмдердi орындауға байланысты мәселелердi қарау кезiнде ҚIЖК-
нiң 455-бабының 5-бөлiгiнде көзделген жағдайларда қорғаушының iске 


84 
қатысуы мiндеттi екенiн назарда ұстанғандары жөн. Заңның аталған талабының 
орындалмауы қорғану құқығын бұзу болып табылады. Бұл сот қабылдаған 
қаулыны бұзуға әкеп соғады. 
Қылмыстық iстердi қараған кезде апелляциялық және қадағалау 
сатысының соттары қылмыстық процестi жүргiзушi органдардың сезiктiнiң, 
айыпталушының, 
сотталушының, 
сотталғанның 
қорғану 
құқығының 
қамтамасыз еткенiн мұқият тексерiп, орын алған заң бұзушылықтарды 
ескерусiз қалдырмаулары қажет. 
Адвокаттардың өз мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны (формальды қатысу, 
таза бланктерге қол қою, қылмыстық iс жүргiзу барысында орын алған заң 
бұзушылықтарды ескермеу және т.б.) тиiстi шара қолдану туралы жеке қаулы 
шығаруға құқылы. 
Адвокаттың қызметiн бюджет қаржылары есебiнен төлеу туралы қаулы 
шығарған кезде, ҚIЖК-нiң 176-бабына сәйкес, аталған норманың 4-бөлiгiнде 
көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, ақы төлеуге байланысты iс жүргiзу 
шығындарын мемлекет пайдасына сотталушыдан өндiру туралы мәселенiң бiр 
мезгiлде қаралатыны соттарға түсiндiрiлсiн. 
Сондай-ақ қорғаушы iске ҚIЖК-нiң 71-бабының 3-бөлiгiне сәйкес 
қатысқан жағдайларда сотталушы мемлекет шығынын өтеуден босатылуы 
мүмкiн. 
Адвокатқа төленуге тиiстi ақыны есептеу оның соңғы екi айдағы орташа 
еңбекақысының мөлшерi туралы ұсынған мәлiметтерiнiң негiзiнде жүргiзiледi. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабына сәйкес, осы 
нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгiзiледi, сондай-ақ 
жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады әрi ол ресми жарияланған күннен 
бастап күшiне енедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет