Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§2.Азаматтық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы адвокаттың



Pdf көрінісі
бет35/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§2.Азаматтық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы адвокаттың 
қызметі 
Адвокат өзiне жүгiнiп келген азаматтың азаматтық iс жөнiндегi азаматтық 
процеске дейiнгi немесе процессуалдық өкiлеттiк басталғанға дейiн 
консультация бередi. Яғни адвокат пен өкiл берушiнiң қарым-қатынастары 
консультация берген кезден басталады. 
Консультация беру бiрқатар өзара байланыстағы сатылардан тұрады. 
Ең бастысы адвокат консультацияға келген азаматтың аты жөнiн, 
тұрғылықты жерiн, атқаратын қызметiнiң, кәсiбiнiң түрiн анықтауы тиiс. Содан 
адвокат, азаматты тыңдап, осы мәселе бойынша сұрақтарға жауап берiп өзi 
сауал қоя алады. Адвокат консультацияға келген азаматты тыңдаған соң iс 
бойынша жағдайларды анықтап, талаптың атын қалыптастыруы керек. Егер де 
азаматтың өзiнiң жүгiнiп келген iсi бойынша белгiлi бiр құжаттары болған 
жағдайда адвокат сол құжаттардың iске қажеттiлiгiн немесе керексiздiгiн 
анықтауы қажет. 
Адвокат талаптың пәнiн айқындап алғаннан кейiн, қандай материалдық 
құқыққа жататындығын бiлгеннен кейiн консультация беруге дайын болады.
57
Консультация беру өкiлеттiктi алумен тығыз байланысты емес, яғни кiм 
болмасын талапкер, жауапкер, үшiншi тұлғалар кез-келген уақытта да 
бұлардың құқықты позициялары талаптардың дәлелдемелiгi жөнінен заң 
кеңестерін ала алады.. 
Адвокат iсi материалды-құқықтық позициясы бойынша жай және күрделi 
болуы мүмкiн. Егер де iс жай болған жағдайда, адвокат тапсырманы алуға не 
одан бас тартуға құқылы. Ал егер де күрделi болса, онда адвокат бiрқатар 
құқықтық толықтыру жұмыстарын жүргiзедi, яғни iс бойынша құқықтық 
позициясын айқындауы тиiс. 
57
Чертков. В.Л. Дела гражданские (Записки адвоката) М. Росийское право. 1992. 


87 
Адвокат құқықтық позицияны айқындап алғаннан кейiн төмендегiдей 
жағдайларды бiлуi керек: 
- талап арызға тұлғаның құқығы бар ма; 
- талап арыз сотта қаралуы тиiс пе; 
- талапкер мен жауапкер процессуалдық құқық қабiлеттiгiне ие ме; 
- осы iс бойынша, осы тараптардың арасында, осы дауға байланысты заң 
күшiне енген соттың шешiмi барма, немесе талапкердiң талап арыздан бас 
тартуы болған ба, немесе бiтiмгершiлiк келiсiмге келген бе; 
- осы iстi алқалық сотқа жiберу туралы келiсiмдер жоқ па. 
Кез келген жағдайда азаматқа iс бойынша құқықтық позициясы 
түсiндiрiлуi керек. Егер адвокаттық құқықтық позициясы тараптың 
позициясына қарсы келсе, онда адвокат бұл iстi өз өндiрiсiне алмауға тиiс. 
Iс бойынша адвокаттың позициясы белгiлi бiр тараптарға сай болуы керек: 
- өкiл берушiнiң мүдделерiнiң заңдылығы және адвокаттық қызметтiң 
мiнездемесi; 
- өкiл берушiнiң позициясы мен адвокаттың құқықтық позициясы қарама-
қайшы келмеуi тиiс;
- өкiл берушiнiң адвокаттық құқықтың позициясын бiлуi; 
iс бойынша құқықтық позицияны анықтағаннан кейiн, адвокат iс жүргiзудi 
өзiне қабылдайды. 
Адвокат iс жүргiзудi өзiне қабылдағаннан кейiн материалға керектi 
айғақтар мен дәлелдемелердi дайындайды. Егер де қылмыстық iстерде алдын 
ала тергеу органдарының лауазымды тұлғалары дәлелдемелердi дайындаса, 
азаматтық iстерде жұмыс адвокаттық қызметi болып табылады. 
Бастапқыда адвокат дәлелдеу пәнiн айқындап алуы тиiс. Дәлелдеу пәнiн 
адвокатпен қатар сотта айқындайды.
58
Әр тарап өзiнiң талаптарының және қарсылықтарының негiзi ретiнде 
сiлтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуi тиiс. 
Дәлелдеу пәнiн айқындағаннан кейiн адвокат сотқа керектi қандай 
дәлелдемелердi жинау керек мәселесiн қарастырады. Адвокаттық iсте заңмен 
көзделген тәртiпте сот – тараптардың талаптары мен қарсылықтарын 
негiздейтiн мән-жайлардың бар жоғын, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн өзге де 
маңызы бар мән-жайларды, солардың негiзiнде анықтайтын заңды түрде 
алынған фактiлi деректер дәлелдеме болып табылады. 
Дәлелдемелер көп болған жағдайда талап арызды немесе қарсылықты 
дәлелдеуге жеңiлдететiн маңызды дәлелдемелердi iрiктейдi. Кез келген 
жағдайда дәлелдемелер iске қатысты және шындыққа сәйкес болуы керек. 
Адвокат дәлелдемелердi өзi жинайды, кейде дәлелдемелердi сұратып алу 
көмегiне жүгiнедi. 
Адвокаттың дәлелдемелердi сұратып алу түрлерi: 
- заң консультациясы арқылы сұрату; 
- сотқа iс бойынша дәлелдемелердi сұратып алу; 
- сотқа, сот тапсырмаларын сұрату туралы өтiнiм бередi. 
58
Бусленко Н.И. Адвокат: Вопросы и ответы. Ростов на Дону.1996. 


88 
Сотқа өтiнiм жазбаша түрде жазылуы тиiс және қандай дәлелдемелер, 
сонымен қатар дәлелдемелердi алуға адвокаттың өзiнiң келмеген себептерiн 
көрсетедi. Адвокат сотқа өтiнiм жазған кезде дәлелдемелер iс бойынша қажет 
екендiгi көрсетiп, жазып өтуi тиiс. 
Адвокат iстiң дәрежесiне байланысты кез келген дәлелдеу құралдарын 
пайдалана алады, яғни тараптар мен үшiншi тұлғалардың түсiнiктемелерi, 
куәлардың айғақтары,жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшылардың 
қорытындысы. Азаматтық iсте адвокат дәлелдеу тәсiлдерiн жүзеге асыруы 
керек. 
Сонымен қатар адвокат дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы сотқа 
өтiнiш бередi, өтiнiшiнде дәлелдемелердiң жоғалып кетпеуiне кепiлдiк бередi. 
Әрбiр дәлелдеменiң – қатыстылығын, шындыққа сәйкестiгiн азаматтық iстi 
шешу үшiн жеткiлiктiгiн бағалауға тиiс. 
Келесi сатыда осы iске қатысты тұлғалардың тiзiмi анықталады. Осы iске 
қатысты тұлғалардың тiзiмi дұрыс анықталмаған жағдайда iстiң кiдiрiп 
қалатыны сөзсiз. 
Осыдан кейiн адвокат iс жүргiзу құжаттарын толтырады. 
АIЖК 150-бабында талап арызда талапкер көрсетiлген, осы талаптарды 
адвокаттар сақтауға тиiс. 
Талап арыз iстiң категориясына қарамастан, келесiдей бөлiктерден тұрады: 
- iске қатысты фактiлi жағдайларды бейнелеу; 
- көрсетiлген фактiлердi дәлелдейтiн дәлелдемелерге нұсқау; 
- даудың құқықтық бiлiктiлiгiн белгiлеу. 
Азаматтық іс жүргізу бойынша тек қана талапкер ғана адвокат-өкіл жалдау 
құқығына ие емес, жауапкер де өзіне адвокат өкіл қызметін жалдай алады . 
Жауапкердiң адвокаты iс бойынша жазбаша түсiнiктеме бередi. Бұл талап 
арызға жауап және талап арызға қойылатын талаптарды сақтай отырып 
жазылуы тиiс. Мұндай түсiнiктеме де жауапкердiң талап арызды толық немесе 
iшiнара мойындауы көрсетiледi. 
Сонымен қатар жауапкердiң адвокаты дәлелденген фактiлердi ұсынады. 
Жауапкер бiрiншi сатыдағы сот шешiмi шығарғанға дейiн алғашқы талап 
қоюмен бiрлесiп қарау үшiн талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы 
талап қою туралы жалпы ережелер бойынша жүргiзiледi. 
Судьяның қарсы талап қоюды қабылдау шарттары: 
- қарсы талап алғашқы талапты есепке алуға бағытталса; 
- қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюдың толық немесе 
қанағаттандыру бөлiгiнде болдырмаса; 
- қарсы және алғашқы талап қоюлардың арасында өзара байланыс болса 
және оларды бiрлесiп қарау дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға 
әкелсе. 
Iстi сот қана емес, сонымен қатар адвокат та жүргiзедi. Адвокат 
материалдардың көшiрмесiн алуға құқығы бар. 
Iс бойынша барлық құжаттар қажет, адвокаттан талап арыздың 
көшiрмесiн, өтiнiш алынады, қарама-қарсы жақтан iс бойынша түсiнiк т.б. 


89 
құжат алынады, ал соттан сот шешiмiнiң үзiндiлерiн сот отырысының қаулысы 
алынады. 
Адвокат пен клиент арасында, олардың кездесу барысында белгiлi 
қатынастар туындайды: 
- сенiмдiлiк, яғни заң көмегiн сұрап келген адам адвокаттан өзiнiң өкiлiнен 
де бiрқатар керек хабарларды жасырады. Соңында сот процесiнде адвокатқа 
беймәлiм хабардан қауiп төнуi мүмкiн. Адвокат пен клиенттiң арасында сенiм 
бiрiншi кездесуде-ақ пайда болуы керек. 
- iспен қатар клиенттiң өзiн жақсы бiлiп алуы керек. 
- бiрлесiп жұмыс атқаруы тиiс. 
Адвокат заңғер сонымен қатар психолог болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет