86
Азаматтар азаматтық iсте өз iстерiн өздерi
немесе өкiлдерi арқылы
жүргiзуге құқылы. Азамат iске өзi қатыса отырып өкiлiн де осы iс бойынша
қатыстыра алады. Азаматтың iске қатысуы
өзiне бiраз ыңғайсыздық
туғыздырады. Мысалы, тараптар сот процесiнде өздерiнiң күнделiктi
жұмыстарынан, қызметтерiнен босай алмаған жағдайда өздерiнiң мүдделерiн
қорғауға процесте өз өкiлдерiне бередi.ҚР АIЖК 59-бабында тапсырма
бойынша өкiлдiк етуге өкiлеттi азаматтардың тiзiмi берiлген. Соның iшiнде ең
негiзгiсi, әрi маңыздысы – адвокаттар.
Азаматтық iсте адвокаттың қатысуының негiзi –
тапсырма бойынша iске
асырылады және де оның iс жүргiзудегi өкiлеттiгi сенiмхатта белгiленедi.
Сотта өкiлеттiк процессуалдық сипатқа ие. Бiр тұлғаның (өкiл алушы)
екiншi тұлғаның (өкiл берушi) атынан процессуалдық құқықтары мен
мүдделерiн қорғауға және бiлдiруге бағытталған әрекеттi –
сотта өкiлдiк ету
деп белгiленген. Бұл құқықтық қатынастың негiзi әрi бастауы, азаматтық –
құқықтық
шартта болады, яғни осы шарт негiзiнде екi тараптың арасында
құқықтық қатынас пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: