Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§3.Адвокаттың азаматтық істерді сотта қарау сатысында қатысуы



Pdf көрінісі
бет36/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§3.Адвокаттың азаматтық істерді сотта қарау сатысында қатысуы 
Адвокат сотта өзiне белгiлi дәлелденген фактiлерге сүйене отырып сұрақ 
қоюы тиiс. Адвокат өзiне белгiлi мәлiметтердi, дәлелдемелердi қолдана отырып, 
iстiң мән-жағдайын баяндап бере алады, жақсы баяндап берумен қатар сот 
процесiне қатысушыларды және сот төрелдiгiн атқарушы судьяны сендiруi 
адвокаттың жоғары деңгейдегi бiлiмдiлiгiн байқатады. 
Сот процесiнде адвокат басқа тұлғалардың ұсынған дәлелдемелерiн 
қарастырып, сұрақ қоюға құқылы. Сотқа қатысушы тұлғалардан, яғни 
жауапкерден, куәгерден iске қатысты сұрақтар қойып жауаптар ала алады..
59
Жалпы азаматтық iсте сотта iстi қарағанда тұлғалардың ұсынған 
дәлелдемелерiн зерттейдi. 
Дәлелдемелердi зерттеп бiткеннен кейiн сот, сот жарыссөзiне көшедi. Сот 
жарыссөздерi iске қатысушы адамдар мен өкiлдердiң сөздерiнен тұрады. 
Алдымен талап қоюшы және оның өкiлi, ал содан соң жауапкер мен оның 
өкiлi сөз сөйлейдi. Басталып кеткен процесте даудың нысаны бойынша дербес 
талапкер мен олардың өкiлдерiнен кейiн сөз сөйлейдi. Даудың нысаны 
бойынша өз бетiнше талапкер қоймаған үшiншi тұлға мен оның талап 
қоюшыдан немесе үшiншi тұлға iске өзi қатысатын жақтағы жауапкерден кейiн 
сөз сөйлейдi. 
Сот жарыссөзi басталар алдында барлық дәлелдемелер зерттелгендiгi 
адвокаттың мiндетi – дәлелдемелердi жинақтап қорытып, сотты iс бойынша 
өзiнiң көзқарасын дұрыстығы туралы сендiруi қажет. 
Сот жарыссөзi - өкiлдiң iс бойынша барлық әрекеттерiнiң логикалық 
қорытындысы. Адвокат өзiнiң құқықтық позициясын дәлелдеу үшiн, сотта 
зерттелген дәлелдемелердi бiрiктiруi қажет.
Адвокаттың соттағы жарыс сөзiнiң мақсаты: 
- iс бойынша өзiнiң құқықтық позициясын дәлелдеу; 
- сотты өзiнiң позициясының дұрыстығына иландыру керек. 
59
Кожевников А.В. Адвокат – представитель потерпевшего, гражданского истца, ответчика в советском 
уголовном процессе. Автореферат канд.дисерт. канд.юрид.наук. Свердловск.1974. 


90 
Сот жарыссөзiнде адвокат өзiнiң ораторлық шеберлiгiн, заңи және кәсiби 
бiлiктiлiгiн көрсетедi. Сөз сөйлегенде қатысушы тұлғалардың көңiл бөлетiнiне 
мән беруi тиiс. 
Сот жарыссөзiнде адвокат зерттелген дәлелдемелерге сүйене отырып сөз 
сөйлеуi керек. Адвокат өз сөзiнде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот 
отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сiлтеме жасай алмайды. 
Сот жарыссөзiнiң басты мақсаты – құқықтық позициясын дәлелдеу, сотта 
жиналған және зерттелген дәлелдемелерге сүйенiп қарама-қарсы тараптың 
позициясын жоққа шығару. Жарыссөзге қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп 
болған соң ол сөздерiнде айтылғандарға байланысты екiншi рет сөз сөйлей 
алады. Соңғы реплика құқығын үнемi жауапкер мен оның өкiлi иеленедi. 
Осыдан кейiн iске қатысушы прокурор сот жарыссөздерiнен кейiн жалпы 
iстiң мәнi бойынша қорытынды бередi. Прокурор iс бойынша қорытынды 
бергеннен кейiн сот шешiм шығару үшiн кеңесу бөлмесiне кетедi. Кеңесу 
бөлмесiнен сот отырысы залына оралғаннан кейiн, сот шешiм жариялайды. 
Мұнан соң шешiмге шағымданудың тәртiбi мен мерзiмдерiн түсiндiрiледi. 
Аудандық немесе оған теңестiрiлген сот шығарған бiрiншi сатыдағы сот 
шешii егер оған шағым, наразылық жасалмаса апелляциялық шағымдану 
мерзiмi өткен соң заңды күшiне енедi. 
Қазақстан Республикасының Жоғары соты, облыстық және iске қатысушы 
басқа да адамдар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сотта бұрынғы 
негiздер бойынша бұрынғы талап қою талаптарымен қайтадан арыздана 
алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет