Ситуациялық сұрақтар Дайындаған: Нұрбекқызы Үміт Тексерген:Қалабаева Перизат



Дата15.12.2021
өлшемі20,05 Kb.
#101314
Байланысты:
Нұрбекқызы Үміт
ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, ОСӨЖ №1 Қазіргі мектепке дейінгі пед Үміт, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, Жанқұтты бидің-WPS Office, 871613.pptx



Ситуациялық сұрақтар

Дайындаған:Нұрбекқызы Үміт

Тексерген:Қалабаева Перизат

1.Кондитерлік зауыт ұн зауытына ұн жеткізу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы өтінішпен төрелік сотқа жүгінді. Сатып алушы ұнның жетіспеушілігі немесе сапасыздығы анықталған жағдайда сатып алушының шақыруы бойынша зауыт өкілі келмеген әрбір жағдай үшін Шартта санкция белгілеуді ұсынды. Зауыт шартта мұндай санкцияны орнатуға қарсылық білдірді, бірақ төрелік сот талапкердің талабын қанағаттандырды және келісім-шартқа ұнның сақталуын жақсартуға ықпал етеді деп сеніп, келмеген әрбір жағдай үшін айыппұл салу шартын енгізді.
1. Жеткізу шартында қосымша санкциялар белгілеу тәртібі қандай?
2. Төрелік сот дұрыс шешім қабылдады ма?



Жауабы:

Төрелік сот дұрыс емес шешім қабылдады:

401-бап. Шартты өзгерту және бұзу негiздерi

1. Егер осы кодексте, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi және бұзылуы мүмкiн.

2. Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:

1) екiншi тарап шартты едәуiр бұзған кезде;

2) осы кодексте, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едәуiр дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуiр дәрежеде бұзылуы деп танылады.

3. Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда (шарттан тиiсiнше iшiнара немесе толығымен бас тарту (осы кодекстiң 404-бабы) шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi.

2. Асқар Айдостан машина жалға алып, оның тормозы істемейді екенін, пайдалануға келмейтінін байқады. Ол жана тормоз алып, оны ауыстырды. Ал тормоздың құны мен оны ауыстыруға кеткен шығынды жалдау ақысынан ұстап қалды. Айдос мұнымен келіспей, Асқардан толық жалдау ақысын талап етті.
1. Машинаның сынық екенін байқаған кезде Асқар Айдостан не талап етуге құқылы болды?
2. Асқар жаңа тормоз құнын және оны орнату жұмыстарының құнын жалға беруден ұстап қалуға құқылы ма?


Жауабы:

607-бап. Тегiн пайдалануға берiлген мүлiктiң кемшiлiктерi үшін жауапкершілік

      1. Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе өрескел абайсыздықпен айтпай қалған осы мүлiк кемшiлiктерi үшін, егер бұл орайда несие алушыға нақты зиян келсе, жауапты болады.

      2. Несие алушының талаптары туралы немесе оның мүлiктiң кемшiлiктерiн несие берушiнiң есебiнен жою ниетi туралы хабарландырылған несие берушi ақаулы затты тиiстi күйдегi соған ұқсас басқа затпен дереу ауыстыра алады.

      3. Несие берушi мүлiктiң шарт жасаған кезде өзi айтқан кемшiлiктерi үшiн немесе несие алушыға алдын ала белгiлi болған не несие алушы шарт жасаған кезде немесе затты берген кезде мүлiктi қараған немесе оның дұрыстығын тексерген уақытта табылған кемшiлiктер үшiн жауап бермейдi.



3. Жеке кәсіпкер малының саның, салықты аз төлеу үшін, мал басын аз көрсетеді. Статистика бөлімі есеп қабылдау барысында. Бұрмалауды анықтап, 120 АЕК ( 1 АЕК – 2782 тг.). айыппұл жеке кәсіпкерге салынды.
1. Статистиканың айыппұл салғаны дұрыс болдыма?

Жауабы:

497-бап. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу

1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну –  
ескерту жасауға әкеп соғады. 

2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау –  жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 



3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –   жеке тұлғаларға – он төрт, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет