§ 10. Адвокаттың сот процесiне дайындалуы
Сот процесiне дайындалуда адвокат мынадай әрекеттер жасайды:
- дәлелдемелердi бағалау;
- дәлелдемелерде қарама-қайшылықтар шығару;
- заңның бұзылғандығын көрсете білу;
- айыптаудың заңдылығын;
- топтық iстердiң жауапкершiлiгiнiң нақтылығы.
Iстi зерттеудегi дәлелдемелердi бағалау. Адвокат мiндетiнiң шегiнде iстiң
материалдарын бағалайды.
Iстi зерттей отырып адвокат дәлелдемелерде қылмыстың белгiлерiн ғана
белгiлейдi, ал дәлелдемелердiң шындыққа сәйкестiгiн алынған қайнар көзiн
қарастырмайды. Адвокат дәлелдеменiң шындыққа сәйкестiгiн сотта ғана
анықтай алады, басқа дәлелдемелермен салыстыру нәтижесiнде. Осы процесте
адвокат өзiне бiр дәлелдемелердiң сенiмдiлiгiн, екiншi дәлелдемелердiң
нашарлығын, үшiншi дәлелдемелердiң сенiмсiздiгiн белгiлеуi тиiс. Бұл жерде
адвокат тергеу кезiнде жиналған дәлелдемелердi топтастырады:
- айыптайтын және ақтайтын
- нық белгiленген дерекетер мен күмән келтiретiн деректер
- заң жүзiнде алынған және iсте заңсыз пайда болған
- даусыз және даулы және т.б.
дәлелдемелерде қарама-қайшылықтарды шығару ҚIЖК-нiң 30 бабына
сәйкес адвокат сот отырысында талқыланатын iс бойынша дәлелдемелердiң
жеткiлiктiлiгiн анықтайды. Сонымен қатар бiрқатар тексерiс жүргiзедi:
- қылмысты тергеу кезiнде дәлелдеу пәнiне кiретiн мiн-жайлардың
зерттелгендiгiн;
- тергеу органдарының шешiмдерiн iс бойынша жиналған дәлелдемелердiң
дәлелдейтiндiгi;
- алынған дәлелдемелердiң қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген
тәртiпте алынғандығы.
Адвокаттардың мiндеттерi осылай орындалады.
74
Бiрақ кей жағдайларда iстi қарауға дәлелдемелердiң жеткiлiксiз болғанда iс
тұлғаға қатысты тағайындалады. Мұндай қателiктер көбiнесе жәбiрленушi өзiне
қауiп төндiрген тұлғаны көрсете алмаған iстерде жiберiледi.
Мысалы, ұйымдасқан топ жасаған қылмыстық iстер бойынша, сонымен
қатар жәбiрленушiөзi мас болған жағдайда, басқа да себептер күштеп қауiп
төндiру жағдайлары.
Адвокат сот талқылауына дейiн iстi зерттеуде iс бойынша дәлелдеуге
жататын мән-жайларға қатысты қара-қайшы келетiн мәлiметтерге назарын
аударуы тиiс. Қарама-қайшылықтар дәлелдемелердiң әр түрiнде және бiр
түрiнде болады, сонымен қатар әр түрлi қайнар көзден алынған дәлелдемелерде
қарама-қайшылықтар болады. Көп жағдайда мұндай қарама-қайшылықтар
жасаған әрекеттi дәлелдеуге дәлелдемелрдiң жеткiлiксiздiгiнен iстi алдын ала
тыңдауға кедергi келтiредi, адвокат осындай жағдайларда өтiнiш жазады. Егер
адвокат тергеу органдары iстегi қарама-қайшылықты байқамаса, немесе көрген
жағдайда да шешпесе, ал шешкен жағдайда дұрыс шешпегенiн анықтаса тиiстi
өтiнiшiнде көрсетедi.
Мысалы, адвокат iстi зерттей отырып сот психиатриялық сараптама актiсi
қорғауындағы адамның психикалық жағдайына қарама-қайшы келедi.
Адвокат өтiнiм жазады, өтiнiмдi қарастырғаннан кейiн сот iстi
сотталушының есiмiн дұрыстығын шешу үшiн қосымша тергеуге жiбередi.
Адвокаттың заңның бұзылғанын табуда екi бағытты қолданады:
- сот отырысын тағйындауға кедергi қелтiретiн қылмыстық iс жүргiзу
Заңының бұзылуын табу.
- заң бұзушылықпен алынған дәлелдемелердi табу.
Адвокат көңiлiн қылмысқтық iс жүргiзу заңының бұзылуына бөледi. Егер
де осындай заң бұзушылық кездессе, осындай бұзушылықты жою үшiн
қосымша тергеуге жiбередi.
Iстi зерттей адвокат нақты қылмыстық спецификасы көрсетiлген тергеу
әрекеттерiне немесе толтырылған құжаттарға ерекше назар аударады.
Сонымен қатар тергеу органдары айыпталушының процессуалдық
құқықтарын шектейдi. Тәжiрибеде бұл заң талаптарын бұзу жиi кездеседi.
Тергеу органдары көбiнесе айыпталушыға арыз, өтiнiш жасау құқықтарын
түсiндiрмейдi.
Жауап алу хаттамасында тергеу органының болжамына сәйкес келетiн
мәлiметтердi ғана жазады. Айыпталушының басқа мәлiметтерi жауап алу
хаттамасында көрсетiлмейдi. Жазылған хаттамада айыпталушының заңға
қайшы әрекетiнiң жасау себептерi көрсетiлмейдi. Осыған қатысты адвокат
көңiлiн аудара отырып қорғау қорғау тезисiн айтады: «тергеушi тек қана
айыптаумен айналысқан, ал басқа болжамдар қарастырылмаған да».
55
Басқа жағдайларда тергеу органдары айыпталушының жауабын жасаған
қылмысын,
себептерiн,
қылмыс
жасауға
итермелеген
мән-жайлар,
жәбiрленушiмен қарым қатынасын тиянақты жазады, бiрақ мәлiметтердi
тексеру шарасын жүргiзбейдi. Соңында айыпталушының болжамы тексерiссiз
қалады. Айыпталушының болжамын тексермеудiң себебi, тергеу органдарының
55
Арсентьев.О.В. Адвокат в уголовном и гражданском процессах.г.Костанай.1998.
75
ойынша, «жасалған қылмысқа қатысты дәлелдемелердiң жеткiлiктiгi», «әрекетi
айқын» т.б.
Айыпталушының қорғану құқығын бұзу тергеу органдарының әр түрлi
өтiнiмдерiн қанағаттандырусыз қалдыруында байқалады. Айыпталушының
өтiнiмдерi – сот медициналық немесе сот психиатриялық сараптама
тағайындауына, өзiнiң оң мiнездемесi жазылған мәлiметтерi көрсетiлген
жазбаша құжаттар мен материалдар белгiлi тұлғалардың жауап алу хаттамасы
беттестiру жүргiзуiне жазылады.
Адвокаттың қорғауындағы адамның құқықтарының бұзылғандығы, мына
жағдайларда айқын көрiнедi, айыпталушы қылмыс жасаған кезде жауапқа
тартылмаған басқа да тұлғалардың қатысқаны жөнiнде мәлiметi, бұл мiәлiметтi
тергеу органы тексермегендiктен байқайды.
Айыптаудың заңдылығын бағалау. Қылмыстық iс жүргiзу заңы
мiндейттейдi қылмыс жасады деп айыптау үшiн негiз беретiн жеткiлiктi
дәлелдемелер болған кезде тергеу органы адамды айыпталушы ретiнде жауапқа
тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруы туралы.
Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту қаулыда мыналар көрсетiлуi тиiс.
- оның жасалған уақыты мен орны; қаулыны кiм жасаған; айыпталушы
ретiнде жауапқа тартылатын адамның тегi, аты-жөнi, оның туған күнi, айы,
жылы және жерi;
- айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың жасалған уақыты, орны
көрсетiлген сипаттамасы, сондай-ақ ҚIЖК-нiң 177 бабына сәйкес дәлелдеуге
тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы;
- аталған қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап,
бөлiк, тармақ).
Қаулыда жасалған қылмыс туралы мәлiметтер адвокаттың қорғауындағы
адамның жауаптылығының шегiн белгiлейдi. Бұл жауаптылықтың шегiн тергеу
орны жаңа айып тағылмағанша ұзарта алмайды.
Адвокат мынадай жағдайларды белгiлейдi, айып тағылғаннан кейiн тергеу
органы жасалған қылмыс бойынша жаңа мән-жайларды табады, содан кейiн
жаңа айыптау тағайындамай, айыптау қорытындысына қоса салады.
Мұндай әрекеттер қылмыстық iс жүргiзу заңына қайшы келедi. Адвокат
iстi зерттеу барысында осыған ұқсас айыптау шегiн кеңiту деректерiн тапса, сот
алдында тергеу органдарының айыптауға енгiзген адвокатқа, қорғауындағы
адамға көрсетiлмеген мән-жайларды қысқартуды және жаңа айыптау
тағайындау мәселелерiн шешедi.
Кей жағдайда айыптау шегiн заңсыз кеңiтудiң себебi, тергеудi жүргiзген
тұлғаның материалдық нормаларды және iс жүргiзу құқық нормаларын
жеткiлiксiз бiлуi және әлсiз прокурорлық қадағалау.
Iсте тергеушiнiң жұмысын зерттеуде, адокат тергеушi мен прокурордың –
iс жүргiзуде қарсы жақтар екенiн бiлуi тиiс.
Топтық iстердiң жауаптылығының нақтылығы. Ұйымдасқан топ жасаған
қылмыстық iстер бойынша қылмыс жасағандағы әрекеттерi мен белсендiктерi
ескермей, тексермей iске қатысушыларға, яғни, айыпталушыларға бiрдей айып
тағып құқықтарын бұзады.
76
Адамдар тобымен жасалған қылмыстық iстi зерттеу барысында
айыпталушылардың әр қайсысының қандай әрекеттерiн жасағандандықтарын
белгiлеу қиын. Мұндай жағдайда адвокат тергеу органдарының қайшылықты
тиянақты анықтағандарын тексередi. Егер адвокат тергеу кезiнде барлық
шаралар қолданылғанымен айыпталушылардың әрқайсысының жеке қандай
әрекеттер жасағандығы анықталмағанына көзiн жеткiзсе, онда нақты
деректерсiз тағылған айып айыпталушының құқына шектеу келтiрiлдi деп
есептелiнбейдi.
Достарыңызбен бөлісу: |