Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны. Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Қазақстан
Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер
Оқумақсаты
10.2.3.1 Экологиялық құқықтың құқықтық реттеу ұғымын және нысанын түсіндіру
10.2.4.4 Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктерін құқықтық жағдаят мысалында анықтау
10.2.5.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық
саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Экологиялық құқық ұғымы мен реттеу нысанын анықтайды
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін құқықтық жағдаят арқылы қарастырады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілермен танысып құқықтық жағдаятта
қолдану ерекшеліктерін қарастырады
Ойлау дағдыларыныңдеңгейі
Қолдану
Орындаууақыты
20 минут
Тапсырма
Төменде берілген түсініктермен танысып, анықтамасымен сәйкестендіріңіз.
Түсінік
Анықтама
1
Қоршаған табиғи ортаны қорғау
А) Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық)
қатынасын ретгейді
2
Экологиялық құқық
В) табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықытруға
бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі
3
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану
С) Қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процесінде
пайдаланылатын құрамдас бөліктері
4
Биологиялық ресурстар
Е) генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың
бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе
құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық
компоненттерi
5
Генетикалық түрлендiрiлген организмдер
D) тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсiмiн молайтуға немесе оларды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың
фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер
Берілген құқықтық жағдаятпен танысып, кәмелетке толмаған баланы қылмыстық жауапкершілікке тартудың ерекшеліктерін жазып көрсетіңіз.