72
Алдын ала тыңдау соттың, адвокаттың инициативасымен тағайындалады.
Судья iстi өз қарауына қабылдай отырып
тергеу кезiнде қылмыстық iс
жүргiзу заңының бұзылғанын байқаған кезде алдын ала тыңдау жүргiзедi.
Адвокаттардың мынадай өтiнiштерi алдын ала тыңдау жүргiзуге негiз
болады:
- iстi қосымша тергеуге жiберу;
- айыптауды өзгерту;
- iстi қысқарту
- сараптама тағайындау
- дәлелдемелердi рұқсат етiлмеген деп тану. Iс бойынша маңызы бар басқа
да өтiнiштер (ҚIЖК 301 бабының 2,3 бөлiгiнiң 2 тармағы).
Алдын ала тыңдау жүргiзу сот пен адвокаттың инциативасымен ғана емес,
сонымен қатар iске қатысушы:
прокурор, жәбiрленушi, заңды өкiлiнiң,
азаматтық талапкер азаматтық жауапкер және жеке айыпталушының өтiнiш
бойынша жүргiзiледi.
54
Тағылған айыптың шегiнде жиналған Заңды дәлелдемелер негiзiнде басты
сот талқылауында iстi уақтысында қарауды алдын ала тыңдау жүргiзiп
қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе – қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi
алдын ала
тыңдау стадиясында барлық жағдайда қанағаттандырылса да қосымша
куәларды шақырту, басқа дәлелдемелердi талап ету өтiнiштерiне қатысты.
Алдын ала тыңдау стадиясында сот iстi қосымша тергеуге жiберуге
құқылы. Бұл адвокаттың алдын ала тергеу мен анықтама органдарының
айыпталушының қорғану құқығын бұзғаны туралы, сонымен қатар адвокаттың
құқықтарын шектеген жөнiнде өтiнiшi әсерiн тигiзедi.
Алдын ала тыңдауда сот қорғаушының
өтiшiнiн қарай отырып iске
қатысушы басқа тұлғалардың өтiнiштерi жөнiнде ойын тыңдайды.
Алдын ала тыңдау адвокаттың өтiнiшi болмаған жағдайда да жүргiзiледi,
егер судья iстi өз қарауына қабылдағаннан кейiн тергеу кезiндегi қылмыстық iс
жүргiзу Заңының бұзылғанын өзi тапқан жағдайда алдын ала тыңдау
тағайындауға құқылы.
Алдын ала тыңдау барысында iс жүзiндегi деректер процеске
қатысушыларды олардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе
оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұза
отырып алынса дәлелдеме ретiнде пайдалануға
жол берiлмейдi және
қысқартылады.
Алдын ала тыңдауды судья мемлекеттiк айыптаушының, айыпталушының,
оның қорғаушысының мiндеттi қатысуымен жабық сот отырысында жеке
жүргiзiледi.
Адвокат кiнәсiздi заңсыз кiнәлау немесе айыптау жағдайында толық
ақталып шығауын қамтамасыз етедi. Заңсыз кiнәлау мен айыптауды белгiлеу
адамның құқыңы дөрекi түрде бұзылғандығын бiлдiредi.
Адвокат кiнәсiздi
заңсыз кiнәлау немесе айыптау қылмыстық iзге түсу немесе сот органдары
тарапынан ғана болуы мүмкiн екендiгiн назарда ұстау қажет. Мұндай
заңсыздық болған жағдайда адвокат сотқа шағымданады.
54
Булгакбаев. А.Б. Советская адвокатура. Алма-Ата. 1982.
73
Шағымында заңсыздық әрекеттер дәлелдемелерұсына отырып,
соған
сүйене отырып түсiнiк берiп дәлелдеуi тиiс. Қылмыстық iс жүргiзу тәсiлдерiмен
бұзылған қорғауындағы адамның бұзылған құқығын қалпына келтiру жайлы
өтiнiш жазады. Адвокат адамның заңсыз кiнә тағу немесе айыптау сәтiне дейiн
оған тиесiлi мәртебесiн толық қалпына келтiрудi, iзгi атын өзiне қайтаруды
көздейдi.
Қорғауындағы адамның кiнәсiздiгiн дәлелдей
отырып қылмыстық iстi
қысқарту туралы өтiнiш бере алады.
Мұндай өтiнiш беруiне себеп, қорғауындағы адамды кiнәсiз деп тапқаннан
кейiн қылмыстық оқиғаның болмағандығы, қорғауындағы адамның әрекетiнде
қылмыс құрамының болмауы немесе мерзiмiнiң ескеруiне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: