1 стандарт. Күту сапасы мейірбике үнемі мейірбикелік жұмыс тәжірибе сапасына және тиімділігіне баға беріп отырады.
2 стандарт. Кәсіби қызметін бағалау:мейірбике өзінің жұмыс тәжірибесіне қызметтік стандарттарға және жергілікті ережелер мен қоғамдық бастауларға қатысты баға беріп отырады.
3 стандарт. Білімі:мейірбике, мейірбике ісі бойынша білім алып, оны әрқашанда қазіргі заманға сай қалыптастырып отырады. 4 стандарт. Алқалық: мейірбике өз әріптестерінің, басқада қызметтестерінің кәсіби дамуына үлес қосып отырады.
5 стандарт. Этика:мейірбикенің қабылдаған шешімдері және оның іс-әрекеттері тұтынушы жағынаң этикалық түсінігімен алдын ала анықталып отырады.
6 стандарт. Ынтымақтастық:мейірбике пациентті емдеу процессінде медицина қызметкерлерімен және пациентпен бірігіп жұмыс атқарады.
7 стандарт. Гылыми зерттеулер:мейірбике өз жұмыс тәжірибесінде ғылыми жетістіктерді қолданып отырады.
8 стандарт. Қорларды қолдану: мейірбике пациентке көмек көрсету жоспарында көмектің құнын және тиімділігін, қауіпсіздік факторларына көңіл аударып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Сапалы білім беру қызметтерін біз барлық елде әлемдік стандарттар деңгейінде ұсынуға қол жеткізуіміз қажет» делінген. Білім беру үрдісінің қазіргі кезеңінде тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдары үшін біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау медициналық оқу орнының стратегиялық мақсаты болып табылады.
Халықаралық мейірбикелер одағының кодексі Ең бірінші Халықаралық мейірбикелер кеңесінде 1953 ж., кодекс бекітіліп, бірнеше рет қарастырылды.
Кодекске деген кіріспе сөзбасы.
Мейірбикелердің төрт зәулімдік міндеттері:
пациенттердің денсаулығын нығайту;
аурудың алдын алуы;
денсаулығын қалпына келтіру;
қайғы қасіретін женілдету.
Мейірбикелік көмек керектілігі күнде болып отырады. Мейірбикелік іске адамның хұқұғына деген силастық тән. Мейірбикелік көмек жасынан, терінің түсінен, пікірімен дәстүрінен, жұмыстық қабілеттінен немесе ауруынан, жынысынан, ұлтынан, саясатынан, әлеуметтік статусынан шектелмеген. Мейірбикелер жеке тұлғаларға, жанұяларға және қауымдастықтарға көмек көрсетіп, өздерінің қызметтерін басқа топтарының қызметтерімен байланыстырады.