Мейірбике ісі философиясы Философия (грек тілінен – сүю және даналық, даналыққа деген сүйіспеншілік) дегеніміз



бет1/4
Дата22.02.2023
өлшемі27,78 Kb.
#169755
  1   2   3   4
Байланысты:
Мейірбике ісі философиясы


Мейірбике ісі философиясы


Философия (грек тілінен – сүю және даналық, даналыққа деген сүйіспеншілік) дегеніміз – әлемнің тұтастай бейнесін, әлемдегі адамның алатын орынын, адам мен әлем арасындағы қарым-қатынас және осы әрекеттердің нәтижесін табатын адамның рухани қызыметінің түрі.
Халықаралық келісім негізінде мейірбике ісінің философиясы 4 негізгі тұжырымнан қалыптасады:

  1. Пациент.

  2. Мейірбике, мейірбике ісі.

  3. Қоршаған орта.

  4. Денсаулық.

Пациент – мейірбикелік күтімге зәру және оны қабылдайтын адам.
Мейірбике – мейірбикелік жұмысқа құқығы бар және мейірбике ісінің философиясын бөлісетін, кәсіпқой білімі бар маман.
Мейірбике ісі – қоршаған ортаның өзгерісіне байланысты туындайтын, денсаулықтың потенциалдық және болып жатқан проблемаларын шешуге бағытталған пациентке көрсетілетін мейірбике күтімінің бір бөлігі болатын ғылым және өнер.
Қоршаған орта – адамның өмірлік іс-әрекеттері болып жататын табиғи, әлеуметтік, психикалық және рухани факторлар мен көрсеткіштердің біртұтастығы.
Денсаулық - өмірдің амалдарына бейімделу арқылы жетістікке жеткен тұлғаның қоршаған ортамен динамикалық үйлесімдігі.
Мейірбике ісі философияның маңызды проблемасы болып «мейірбике пациент», «жеке тұлға» жүйесі сияқты жүйенің қызметі болып саналады. Дәл осы жүйеде басты ішкі жан компонентті, мейірбике пациентке сырқат деп қана емес жеке тұлға ретінде қарау керек. Сонымен қатар мейірбике өзі де тұлға ретінде болуы керек.
Мейірбике ісінің негізгі философиясы-өмірді адам құқығы мен абыройын сыйлау. Біз өмір сыйының қасиеттілігіне сенеміз, сондықтан әр адамды физикалық, философиялық, әлеуметтік, мәдени, интеллектуалды және рухани өсіп дамитын мүмкіншілігі бар жеке тұлға ретінде қарастырамыз.
Мейірбике ісінің философиясы қағидаларың іске асыру-қоғам мен меірбикенің өзара әрекеттестігіне байланысты болып келеді. Бұл қағидалар мейірбикенің қоғам алдындағы (сонымен қатар емделуші алдындағы) жауапкершілігін және де, қоғамның мейірбике алдындағы жауапкершілігін қарастырады. Қоғам мейірбике ісінің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды рөл атқаратынын мойындай отырып, заңды актілер шығару арқылы, оны белгілі ережеге бағындырып, қолдап отырады.
Әр адамның қалыпты түрде өсіп, дамуы үшін қанағаттандыратын қажетті негізгі өмірлік маңызды мұқтаждары болады және де оны өзінің атқаруы өте маңызды. Қауіпсіздік мұқтаждықтары: ол адам өмір бойы өседі, дамиды, өзін қоршаған ортамен үнемі қатынаста болады. Соған байланысты ол адамда өмірлік маңызды мұқтаждықтар дамиды. Бұл мұқтаждықтар адам өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, табиғат апаттардан, аурулардан, әлеуметтік құбылыстардан, өмірлік сәтсіздіктерден, күйзелістерден қорғайды.
Қоғамға тиісті болу мұқтаждығы: Осы қоғам оны түсініп, қабылдауы керек.
Қоғамда өмір сүру табысқа жету мұқтаждығына әкеледі. Жұмыста, өмірде, отбасында әсемдікке, ұқыптылыққа, тәртіпке талаптанып, табысқа жетуге тырысады. Осы мұқтаждықтар Маслоу пирамидасының 4 сатысын құрайды және өмірлік бағалылықтарға мұқтаж болумен байқалады. Пирамида шыңының 5 саты қызмет ету мұқтаждығы құрайды. Ол адамның жеке түлға ретінде дамып өзін-өзі көрсете алуын қамтамасыз етеді.
Адам әлеуметтік және шығармашылық табысқа жету үшін осы мұқтаждықтарды үнемі өмір бойы қанағаттандыруға тиісті.
Адамның құқығына және өміріне деген сыйласымдық, адамгершілік мейірбике ісінің негізгі қағидалары болып саналады. Мейірбике ісі философиясының қағидаларын жүзеге асырылуы қоғам мен мейіркештің қарым-қатынастарына тәуелді.
Бұл қағида пациент, қоғам алдындағы мейірбикенің жауапкершілігін және қоғамның мейірбике алдындағы жауапкершіліктерін қарастырады. Қоғам мейірбике ісінің маңызды рөлін заңдық актілерін шығаруда ескерін, денсаулық сақтау жүйесінде мойындауға міндетті.
Мейірбике ісінің қазіргі заманғы үлгісінің мәні, ғылыми теориясы болып мейірбикелік көмектің көрсетілуіне және мазмұнына әр түрлі әдіс-амалдардың негізделінуі.
Кәсіпқой лексиконына пациенттің қажеттілігіне қарай жүйелі мейірбикелік көмектің көрсетілуі түсіндірілетін «мейірбикелік үрдіс» ұғымы енгізілді.
Пациенттің денсаулық жағдайының өзгеруінен туындайтын проблемалардың алдын алу, жеңілдету, жою мақсаты болып табылатын мұндай әдіс-амалдар 50-жылдар ортасында АҚШ-да жарық көрді, ал Ұлыбританияда 80-жылдары ресми түрде қабылданды.
Қазіргі заманда мейірбике үрдісі Қазақстан Республикасының мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады. Мейірбикелік көмек көрсетудің теориялық ғылыми базалары ашылуда. Мейірбикелік үрдіс арқылы мейірбике тек қана дәрігер нұсқауын орындаушы емес, сонымен қатар әр бір пациенттің жан дүниесін түсіне білетін, жеке тұлға ретінде тани білетін шығармашылық адам бола отырып, мамандығы бойынша тәуелсіздік және егемендікке ие болады.
Мейірбике ісінің философиясының мәні болып пациентпен қарым-қатынас жасаудағы еңбегінің негізінде жатқан мейірбикенің көзқарасынан туындайтын кәсіпқой өмірінің негізі саналады.
Қалыптасқан философияны бөлісетін мейірбике өзіне келесі этикалық міндеттерді қабылдайды: шындықты айту; қайырымдылық көрсету; зиян келтірмеу; басқалардын міндеттерін силау; сөзінде тұру; адал болу; пациенттің еріктілікке құқығын силау.
Мейірбикелік философияның теориясы бойынша мақсаттарына ынталану, яғни мейірбикенің қызметінің нәтижесі - этикалық бағалық (мұраты) деп аталынады: кәсіпқойлылық; денсаулық; қоршаған ортаның тазалығы; тәуелсіздік; адамгершілік құндылығы; қамқорлық (күтім).
Мейірбикелік философия мейірбикенің жеке тұлғалық қасиеттерін де анықтайды. Жақсы деген мейірбике – зұлымдық пен қайырымдылықты анықтай білетін қайырымды адам; білімді; шеберлі; қайғысына ортақтасу; шыдамдылық; мақсатқа жету; мейірімділік қасиеттеріне ие болуы керек.
Этикалық қағидалар әр бір елде, сонымен қатар Қазақстанда мейірбикелердің Этикалық кодексін анықтайды және мейірбикелердің мінез-құлықтарының стандарты және кәсіпқой мейірбике үшін өзін-өзі басқару тәсілдері болып саналады. Сонымен, қазіргі кездегі мейірбикелер -емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытып, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы болып саналады. Қоғам мен пациенттердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін мейірбике жұмысын жалғыз және бас-қа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара беруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет