Мейірбике ісі философиясы Философия (грек тілінен – сүю және даналық, даналыққа деген сүйіспеншілік) дегеніміз


Мейірбикелердің кәсіби жұмысының стандарттары



бет2/4
Дата22.02.2023
өлшемі27,78 Kb.
#169755
1   2   3   4
Байланысты:
Мейірбике ісі философиясы
Есеп Алиев, Мейірбике мамандығының даму тарихы, Жабық тест сұрақтары-ЭДП қойылатын стандарттық талаптар (1), biocrossword, Биомеханика готовый
Мейірбикелердің кәсіби жұмысының стандарттары
Кәзіргі уақытта медициналық саласында өзінің стандарттары бар. Қазақстанда орта кәсіби білім қазіргі таңда реформалар кезеңін бастап кешіруде және білім алуда және кәсіби біліктілігін жоғарылатуда жеке тұлға, мемлекет, қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмылдырылған.
Қазіргі қоғам әлеуметтік және кәсіби қызметінде танымдық белсенділігі жоғары, шығармашыл адамдарға зәру. Мамандардың әлеуметтік және кәсіби біліктілігіне қоғамның қояр талабы күннен-күнге артып келеді.
Бүгінгі күні мейірбике кәсібіне деген қарым-қатынас пен оның кәсіби міндеттеріне қойылатын талаптар түбегейлі өзгерді.
Мейірбике ісі дамыған қазіргі кезеңде мейірбикелік құрам көрсетілетін мейірбикелік көмек сапасына жауап беруі тиіс және ол үшін талап етілетін құзырлылықты қолға ала жұмыс жасауы қажет.
Жауапкершілік қазіргі жағдайда өзінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін жауап беруге қабілеттілігі деген мағынаны білдіреді. Денсаулығына жауапкершілікпен қарау – медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінде аса маңызды рөл атқаратын барлық адамдардың денсаулықтарын жақсартуға қатысты ДСҰ-ның көкейтесті стратегиясының негізін қалаушы қағидаларының бірі.
Өзінің міндеттерін тиімді және сапалы орындау үшін мейірбикелер өздеріне тиесілі жауапкершіліктері мен міндеттерін нақты білуі тиіс.
Жалпы алғанда сапа, жекелей алғанда медициналық көмек сапасы дегеніміздің өзі не? 1994 жылы ISO (International Organization for Standardization) Халықаралық стандартында сапа ұғымына мынадай анықтама берілген: «Сапа – бұл нысанның белгіленген және болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттілігіне қатысты сипаттамаларының жиынтығы. Нәтижелілік, тиімділік, оңтайлылық, қолайлылық, заңдылық пен әділдікті медициналық көмек сапасының негізгі сипаттамаларына жатқызуға болады. Стандарт дегеніміз не? Орыс тілі сөздігінде (1985 ж.) былай делінген: 1) типтік үлгі: қандай да бір нәрсе көлеміне (мөлшеріне, санына), пішініне, сапасына қарай жауап беруге тиісті; 2) қалып, трафарет. 1984 жылы басылып шыққан шет ел сөздерінің түсіндірмелі сөздігі басқаша анықтама береді: стандарт (ағыш. - standard):
1) әуелгілерді басқа сол іспеттес нысандармен салыстырып қарау үшін қолданылатын үлгі, эталон, модель;
2) ауқым бірлігін белгілейтін нормативтік-техникалық құжат, аталымдар және олардың анықтамасы, өнімге және өндірістік үрдістерге қойылатын талаптар, адамдардың қауіпсіздігін және материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін талаптар және т.б.
Мейірбикелердің іс әрекетінің стандарттары екі түрге бөлінеді: кәсіби және этикалық. Кәсіби стандарттары емдеу мекемелердің жұмыс есебі, және оның қабілеттілігімен істелінеді. болып табылады.
Келтірілген анықтамалардың негізінде біз медициналық қызметте қолданылатын «стандарт» ұғымына өз түсініктемемізді береміз: медициналық манипуляцияларды орындауға қатысты стандарт – мейірбикенің қауіпсіздік пен мейірбикелік шаралардың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйелі іс-әрекеті алгоритмінің үлгісі.
Стандарттарды қолдану шарттары:

  • стандарттың тандауы клиникалық жағдаймен анықталады;

  • медициналық көмек көрсету деңгейі емдеу мекемелерінің қабілеттіктеріне және медициналық персоналдардың мамандығына сәйкес болуы тиіс;

  • мейірбике стандарттың барлық тәртібін білуі және түсінуі, машықтану тәжірибесінде қолдануын, енгізуін, өзінің жұмысына баға беруіне;

  • мейірбикенің жұмысындағы стандарттары пациентерге күтім жоспарын құратын негізі боп саналады;

  • стандарт күтімді ең аз жеткілікті көлемде, ең жоғаргы қысқа мерзімде орындауға талап етеді;

  • стандарттың тартып алынбайтын шарты — уақытымен дәрігерді шақыртып, дәрігерлік кеңесің құру.

Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы стандарттары келесі топтарға бөлінеді:
1. Манипуляциялық стандарттар, немесе процедуралары, оның мақсаттары, көрсеткіштері, қарама қарсы көрсеткіштері, дайындалуы, орындалуы.
2. Әрбір клиникалық жағдайда, жоғары деңгейде орындалатын мейірбикенің базалық білімін бейнелеуі болатын пациенттердің күту жоспарының стандарты.
3. Дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету стандартты.
Оқу үрдісіне тәжірибелік манипуляция стандарттарын енгізу келесідей тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді:
- стандарттар мейірбикелік манипуляциялардың жүргізілу дұрыстығын қадағалап отыруға;
- олар жұмысты қамтамасыз ету үшін қажетті құралдарды дұрыс бөлуге;
- стандарттар колледждің барлық бөлімдерінде мейірбикелік манипуляциялардың орындалуын ұйымдастырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға септігін тигізеді;
- стандарттар оқу материалын неғұрлым жоғары сапалы деңгейде меңгеруге септігін тигізеді;
- тәжірибелік білім беру стандарттарын, алгоритмдерін енгізу дағдыларды, біліктерді саналы түрде меңгеру үшін, ойлау қызметін жандандыру үшін жағдай жасайды;
- стандартты әдіс түпкі нәтижесінде мейірбикенің кәсіби жауапкершілігін арттыруға алып келеді.
Сонымен, тәжірибелік манипуляция стандарттарын қолдану білім алушылардың білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Мейірбике ісінде оң өзгерістер бой көрсетуі үшін осы салада бірегей білім жүйесін құру қажетелген, дәрігерлік стандарттардан ерекшеленетін, ал ең бастысы денсаулық сақтау жүйе үшін тиімді, әрі қолайлы стандарттар әзірленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет