МЕЙІРБИКЕ ІСІ ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМ НЕГІЗІ Мазмұны Кіріспе Мейірбикенің қоғамдағы рөліне жалпы сипаттама Қорытынды Қолданған әдебиеттердің тізімі КІРІСПЕ Мейірбикенің қоғамдағы рөлін сипаттамас бұрын осы салаға қатысты терминдерге тоқталатын болсақ:
«Денсаулық-жеке тұлғаның қоршаған ортамен бейімделу арқылы жеткен үйлесімі
Мейірбикелік іс-қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты адам денсаулығының потенциалды немесе бойында бар проблемаларын шешуге бағытталған ғылым мен өнер.
Адам– өзін–өзі тәртіпке салатын динамикалық биологиялық біртұтас жүйе,физиологиялық ,психологиялық–әлеуметтік және рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылуымен оның өсіп дамуы ,қоршаған ортамен қосылуы анықталады.
Мейірбике- мейірбике іс философиясымен бөлісетін,медбикелік іске құқығы,кәсіби білімі бар маман .
Қоршаған орта– адамның белсенді әрекетіне шалдығатын табиғи, әлеуметтік, психологиялық және рухани факторлар мен көрсеткіштердің қосындысы.»/1/
Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.
Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді.
«Мейірбике ісі ежелден келе жатқан мамандық.І Петр заманында Ресейде бірінші рет госпитальдерде, лазареттерде әйелдер еңбек етті. Бірінші қайырымды мейірбикелер халықтан шыққан. Олар өздерінің қалауынша науқастарға, жарақаттарға «күтім» жасауды ұйғарған.
Медицина ғылымының өсіп –өркендеуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы медицина мейірбикелерінің рөлі артып келеді.Мейірбике мамандығының пайда болуы ағылшын қызы Флоренс Найтингельге байланысты.1860 жылдың 24 маусымы — мейірбике ісі тарихындағы атақты күн.Бұл күні Лондонда Қасиетті Томас госпиталінде Флоренс Найтингейльдің басшылығымен қайырымдылық мектебі ашылды.Осы мектепті бітіруші қыздар мен әйелдер тиянақты түрде ғылыми дайындықтан өтіп шығатын. Флоренс Найтингейль қоғам алдында ең бірінші болып мейірбике жұмысының мерейін көтерді.Ол ауруларды күтуге арнайы дайындық керек екенін жұртшылыққа дәлелдеп берді.Флоренс адам өмірін сақтап қалуда қайырымдылық мейірбикесі шешуші рөлді жиі атқаратынына көз жеткізді.Сол кезден бастап мейірбике ісінің негізі қаланды.XIX ғасырдан бастау алған мейірбике ісі қазіргі заманға дейін қаншалықты дамығаны,сол уақыт ішінде қоғамнан алынған орыны,өзінің кезеңдерін қалыптастыруы мейірбике ісінің қарқынмен дамығанына дәлел.Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте.
Сондықтан-да, медицина қызметкерлерінің арасында мейірбикелерге де үлкен міндеттер жүктелген. Мейірбикелер жоғары кәсіби шеберлік иелері болумен қатар бақылаушылық, науқастың бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістерді көретін, байқағыштық қасиеттерге де бай болғаны жөн. Олар ұстамды,өзінің сезімталдық берілгіштігін басқара білетін, эмоциялық тұрақтылықта тәрбиеленген жандар болуы тиіс.Оның ішінде әлбетте мәдинеттілікті сақтауға баса мән беріледі. Бұл бағытқа тоқталар болсақ, медицина қызметкерлерінің мәдени тәртіптілігін екі түрге бөлуге болады
Егер 1979 жылы медициналық бикенің анықтамасы «орта медициналық білімі бар дәрігердің басмшылығымен жұмыс істейтін және оның жұмысына көмек көрсететін маман»болатын болса ,қазіргі моделі «медициналық бике – мейірбикелік іс философиясын кәсіби жағынан түсініп ,өз тәжірибесіне оңтайлы қолдана білетін жеке тұлға» Мейірбикелік іс-әрекеттің төрт деңгейлі үзілді –кесілді анықталды:
денсаулықты нығайту;
жарақат пен аурудың алдын алу;
жойылған функцияларды қалпына келтіру;
азап шегуді жеңілдету;
Медициналық бике мына рөлдерді атқарады:
емделушінің күтімін ұйымдастырушы;
емделушінің күтімін орындаушы;
емделушінің ықыласын қорғаушы (адвокат);
педагог(консультант);
зерттеуші;
лидер(көшбасшы);
медициналық бригаданың белсенді мүшесі». /5/
«Этика дегеніміз –ұнамдылық және мораль туралы ғылым.Медициналық этика — бұл ұнамдылықтың маңыздылығы медицина қызметкерінің іс-әрекеттеріндегі,олардың науқасқа жоғары адамгершілік қатынасы туралы ғылымның бір бөлігі.
Медициналық этика ондаған жүзжылдықтар бойы бар.Біздің дәуірге дейінгі 1500 жыл бұрын болған.Ежелгі Үндістанда дәрігерлер мамандығын бастағанда ант берген.Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні дүниежүзіндегі барлық елдерде қабылдайтын анттардың бірі – «Гиппократ анты»,ол 2400 жыл бойы әйгілі.
Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері:моральдық принцип бойынша іс-әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау,әрқашан және қай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын,жоғары адамгершілікті кәсіптің салт–дәстүрлерін көбейтіп,сақтау керек-бұл медициналық этиканың мәселелері. Мейірбике ісінің этикасы дегеніміз — медицина мейірбикелерінің кәсіби әдептілігі. Кәсіби әдептіліктің бір түрі ретінде мейірбике ісінің әдептілігі әрбір медицина мейірбикесінің кәсіби шеберлігінің қалыптасуында,оның кәсіби сауатты және жауапты шешімдерді қабылдауында маңызды рөл атқарады.» /1/
«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» деп А. Линкольн айтпақшы әрбір есі кіріп, етек жап-қан адам-белгілі бір қоғамның мүшесі болып табылады, ол қандай болмасын сүйікті бір ісімен айналысады, түрлі адамдармен қарым-қатынаста
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау, нені қалайтындығын білу, көңіл күйін қадағалау әрі науқасқа ерекше көңіл аудару — ол әр дәрігердің міндеті болып табылу керек.
Клиникада коммуникациялық дағдыларды тиімді пайдалану — «Ақ халатты абзал жандар» деп атан-ған дәрігердің парызы деп санауымыз қажет.
Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.
Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет.
«Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты: тірі ағзаларды құрайтын биологиялық жүйелердің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар қоғамдық байланыстың әр түрлі болуы қайталанбас психикалық көрініс құрайтын тәуелділікке байланысты.
Дәрігердің мамандығы – ерлік. Медициналық этика ондаған жүзжылдықтар бойы бар. Біздің дәуірге дейін 1500 жыл бұрын. Ежелгі Индияда дәрігерлер мамандығын бастағанда ант берген. Көптеген медициналық анттардың негізінде бүгінгі күні әртүрлі дүниежүзілік елдерде қабылдайтын анттардың бірі – «Гиппократ анты», 2400 жыл әйгілі.
«Гиппократ анты» — негізгі медициналық этиканың ережелер кешені, мұнда уақыт айырмашылығына қарамастан, қазіргі кезге дейін өзекті болып қалғаны былай деп үнделеді:
«Non nocere» («Қауіп келтірме»). Әрбір ем, барлық іс-әрекеттер, дәрігердің ұсқаулары аурудың жағдайын жеңілдетуге бағытталып, оған пайда әкелу керек – бұл басты этикалық принцип.
Ең жоғарғы байлық – адам өмірі;
Дәрігер әрбір науқастың жеке өмірін сыйлау керек, моральға жатпайтын қылықтардан аулақ болу керек;
Дәрігер кәсіби тактикасын сақтауға, өзінің мамандығын сыйлауға тиіс;
Медициналық этиканың ең негізгі мәселелері: біздің моральдік принципі бойынша іс-әрекет жасау, ауруға қамқорлықпен қарау, әрқашан және қай жағдай болмасын медициналық көмек көрсетуге дайын, жоғары гуманды кәсіптің салт-дәстүрлерін көбейтіп, сақтау керек – осы медициналық этиканың мәселелері;
Науқасқа толық сезімталдықпен қарап, оның жағдайын түсінген кезде, ол мен cіздің араңыздағы нағыз қарым-қатынас болуы мүмкін, бұл емдік нәтижеге өте қажет!
Негізгі этикалық категорияларға мына түсініктер жатады: «борыш», «абырой», «ұят», «атақ», «бақыт».
Кәсіби және қоғамдық қарым-қатынастар процесінде пайда болған, өз міндеттерін орындау кезіндегі кәсіби және қоғамдық міндеттердің анықталған шеңбері міндет ұғымы білдіреді.» /9/
Әсіресе, медицина қызметкерінің борышы туралы айту керек. Еш уақытта адамның физикалық, психикалық денсаулығына қарсы немесе өміріне қауіп төндіретін жағдайда қандай ұсыныс болса да, іс-әрекеттерге қатыспау керек.
Дәрігерлік этиканың басты проблемаларына медициналық деонтология жатады, медицина қызметкерінің тәртіптік принциптерін оқып зерттейтін, сонымен қатар емдеу нәтижесінің жоғары сапада болуына бағытталған медициналық іс-әрекеттердің қателерін болдырмау, себебі олар науқасқа қолайсыз әсер туғызады. Медициналық деонтология ұғымына дәрігер мен емделушінің арасында емдеу процесінде анықталған өзара қатынас жүйелері де кіреді.
«Деонтология» термині XVX ғасырдың басында ағылшын философы Бентаммен адамның кәсіби тәртібі туралы ғылымды белгілеу үшін енгізілген.
«Үлкен медициналық энциклопедияда» медициналық деонтологияға толық анықтама берілген, онда «сапасыз медициналық жұмыстың нәтижесінен болатын қауіпті жағдайларды жою».
Медицина қызметкері өзіндік практикаға кірерде дәрігермен құпияны сақтауға келісім береді. Өткен уақыттардағы көптеген медициналық еңбектерде кәсіби құпиялардың сақтауының керектігі көрсетілген. Римде медицинаны үндеместің өнері деп атаған.
Медицина қызметкерінің қазіргі кезде науқас туралы өзінен немесе емдеу барысында:
медицина қызметкерінің өзінен немесе емдеу барысында науқас туралы мәліметтер;
өте ауыр жағдайдағы аурулардан басқа, дәрігердің науқасқа хабарламайтын аурудың түрі туралы мәліметтер;» /4/
Маңыздылығы жағынан мейірбике ісінің этикасы мейірбике ісі философиясының жалғасы деп танылады. «Мейірбике ісінің философиясы–бұл мамандықтың түсінікке негізделген рухани ерекшелігі,қоғамда атқаратын өз орнын анықтауы , сонымен бірге оның негізінде жатқан құндылықтар жүйесі.Медицина бибілерінің кәсіби қызметінде биік парасаттылық пен қайырымдылық әдептілік негізі болып табылады. Алғаш қарағанда медицина бибілерінің күнделікті жұмысында биік парасаттылық пен қайырымдылықтың әдептілік талаптары өзінен өзі болу қажет сияқты.» /1/ Бұл талаптар нені білдіреді? Медицина мейірбикелері дене және психикалық саулығының деңгейіне қарамастан,әрбір адамның құқығын құрметтеуі және нақты медициналық жәрдемді беруге міндетті.
Ал енді медициналық этиканың маңызды бөліктерінің бірі мейірбикелік этикаға және оның тарихына тоқтала кетейік
«Медицина ғылымының өсіп–өркендеуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы медицина мейірбикелерінің рөлі артып келеді.Мейірбике мамандығының пайда болуы ағылшын қызы Флоренс Найтингельге байланысты.1860 жылдың 24 маусымы — мейірбике ісі тарихындағы атақты күн.Бұл күні Лондонда Қасиетті Томас госпиталінде Флоренс Найтингейльдің басшылығымен қайырымдылық мектебі ашылды.Осы мектепті бітіруші қыздар мен әйелдер тиянақты түрде ғылыми дайындықтан өтіп шығатын. Флоренс Найтингейль қоғам алдында ең бірінші болып мейірбике жұмысының мерейін көтерді.Ол ауруларды күтуге арнайы дайындық керек екенін жұртшылыққа дәлелдеп берді.Флоренс адам өмірін сақтап қалуда қайырымдылық бибісі шешуші рөлді жиі атқаратынына көз жеткізді.
Ең жоғарғы кәсіби шеберлікпен орындалған іс ,егер маманның жоғары адамгершілік қасиеттеріне,оның жауапкершілік пен борыш түсінігіне,аяушылық сезімі мен гуманистік игілігін көрсете алмайды.Флоренс Найтингейл дәуіріне дейін мейірбикеге сипаттама беру үшін сау,құдайшыл,таза,еңбексүйгіш,ынталы,жайдары деген эпитеттер қолданылған.Крестовоздвиженка мейірім бикелер қоғамының бастығы Екатерина Бакунина былай деп жазған: «Біздің арманымыздағы бикелер – аурулардың жұбатушылары, олардың сұраушылары, бөтен госпитальдарға ыстық қатысу сезім мен ақ ниеттілікті енгізетін бикелер». /10/
Қазіргі мейірбикелер рақымшылығы әлдеқайда толықтырылған – оған ойлау, қызмет істеу, басшылық ету, оқыту, түрлі жағдайларда өзіне жауапкершілік арта білу т.б. шеберліктер қажет.
«Этикалық бағалануы
Мейірбикенің талапты мақсаттары. Ол:
Кәсіби шеберлік – жақсы маман болу;
Денсаулық –адаптация арқылы жететін қоршаған ортамен динамикалық адамдар гармониясы;
Тәуелсіздік және меншік. Ықыласқа ие болу дербестігі.
Мейірбикенің адамгершілік қасиеттері:
Адал қызметкер болу – бұл құрметке, беделге жеткізетін мінездеменің сипаты. Жақсы мейірбике – адамдардың арасындағы жақсы мен жаманның арасын айыра білуі және білімді,іскер, шыдамды, қайырымды, алдына қойған мақсатына жете білуі қажет.
Мейірбикелік деонтология – медицина қызметкерлерінің кәсіби тәртібі, науқас пен қоғам алдындағы парызы туралы ғылым. Сондай-ақ, мейірбике этикасының бір бөлігі болып саналады.» /18/
Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте. Сондықтан-да, медицина қызметкерлерінің арасында мейірбикелерге де үлкен міндеттер жүктелген. Мейірбикелер жоғары кәсіби шеберлік иелері болумен қатар бақылаушылық, науқастың бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістерді көретін, байқағыштық қасиеттерге де бай болғаны жөн.Олар ұстамды, өзінің сезімталдық берілгіштігін басқара білетін, эмоциялық тұрақтылықта тәрбиеленген жандар болуы тиіс.Оның ішінде әлбетте мәдинеттілікті сақтауға баса мән беріледі. Бұл бағытқа тоқталар болсақ, медицина қызметкерлерінің мәдени тәртіптілігін екі түрге бөлуге болады:
«Ішкі мәдениеттілік. Бұған еңбекке деген көзқарас, тәртіпті сақтау, ортаға бейімделу, әріптестерімен сыйластық қарым-қатынаста болу, әр уақытта әріптестік сезімін жоғары ұстауы жатады;
Сыртқы мәдениеттілік. Әдептілік, жақсы дауыс ырғағы, мәдениетті сөйлесе білу, сыртқы түріне де көңіл бөл;. /19/
Медицина қызметкерлер ісінің сапалылығына, негізінен оның ішкі мәдениеттілігіне баса мән беріледі
Мейірбикенің міндеттері мен құқығы:
Науқас адамға дер кезінде диагноз қою, оны дұрыс емдеу, жақсы күту – оның ерте айығуына барынша септігін тигізеді. Науқасқа жалпы күтім жастау кезінде мейірбикелер мынандай міндеттерді атқарады:
Науқас адам ауруханаға түскеннен кейін, қажет болған жағдайда оған көмек көрсетілуі керек және мейірбике санитарлық-гигиеналық шараларын жүргізіп, антропометриялық өлшемдер жасауы тиіс;
Сырқаттың «ауру тарихына» орындалған процедураларын, өлшенгенде алынған мәліметтерді түсіреді;
Жаңадан келіп түскен науқасты бөлімшенің ережелерімен таныстырады және сол ережелердің орындалуын бақылайды;
Бөлменің тазалығын тексеріп, оның ауасын тазартып отырады;
Науқастардың қызуын өлшеп, қағазға түсіреді, артериялық қысым, қан тамырларының соғысын тексереді және бір тәуліктегі диурез мөлшерін өлшейді.;
Ауыр науқастардың жеке басының тазалығын қадағалап, олардың төсек-орындары мен іш киімдерінің уақтылы ауыстырылып тұруын бақылайды;
Науқас адамның халі нашарласа немесе басқа бір өзгеріс болса, сол бөлімнің дәрігеріне немесе кезекші дәрігерге хабарлайды;
Аға мейірбикеге дер кезінде бөлімшеге қажетті дәрі-дәрмектерге талап қағазын толтырады;
Дәрігердің сырқаттарды аралауына қатысып, олардың жағдайларын хабарлап, әрі қарай қалай оларды күту және емдеу туралы емдеуші дәрігердің нұсқауларын алады;
Дәрігердің науқасты емдеу жөніндегі тапсырмасын бұлжытпай, дер кезінде орындап отырады (дәрі-дәрмектерді таратады, ине салады, қыша қағазын қояды, клизма жасайды;
Науқастардың анализдерін (кіші дәреттерін, қақырықтарын, үлкен дәреттерін, т.б.) лабораторияға әзірлейді;
Науқастарды аппаратпен тексеруге /эндоскопия, рентгенография/ және
олардың арнаулы кабинеттерге баруларына көмектеседі;
Кабинеттердің, бөлменің (палатаның), кереуеттің жанындағы тумбочканың, жалпы бөлімшенің тазалығын бақылап, сырқаттардың бөлімшедегі күн тәртібін бұзбауын қадағалайды;
Науқастардың тамақ ішу тәртібін, тоңазытқыштағы сырқаттардың тамақтарының сақталу тәртібін, туыстырының әкелген тамақтарының емдәмге сәйкестігін және оның сапасын тексереді;
Уақытында тамаққа талап қағазын жазып емдәм мейірбикесіне тапсырады;
Науқастың анализдерінің қорытындысын «ауру тарихына» тіркеу, қызу қағазын және басқа да құжаттарды дер кезінде толтыру жүктелген;
Бөлімшедегі медициналық аппараттар мен жиһаздарға да жауапты;
Кезекшілікті тапсырғанда, кезекшілікті қабылдаған мейірбике бөлмедегі науқастардың әрқайсысына берген дәрігердің ұйғарымдары мен тағайындағандарының бәрін айтып тапсыруға және аруханадан шығатын науқастар туралы мәлімдеме беруге міндетті;
Дәрі-дәрмектерді дұрыс сақтауды, наркотикалық дәрмектерді қолдануды және оны есепке алуды білуі тиіс;
Науқас адамның халі нашарлаған жағдайда дәрігер келгенше жедел жәрдем көрсетуі қажет;
Науқастардың ортасында үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жүктелген;
Өзінің кәсіптік мамандығын және еңбек өнімділігін жоғарлату жолын- да әрдайым ізденіспен жұмыс істеу; /20/
Мейірбике ісінің этикасы ғана емес сонымен қатар коммуникативтік негіздері де қаралады
Бір-бірімен тілдесу – бұл адамдар арасындағы әлеуметтік-психологиялық процесс. Тілдесу немесе ыммен ақпарат алысу арқылы түсінісу заңды құ- былыс, соңғы жылдары тілдесу арқылы түсінісу ғылымда «коммуникация» терминімен алмастырылып отыр;
«Коммуникация» — бұл тілдесу (вербальды) және тілдеспей, ыммен түсінісу (вербальсыз) ақпарат алысу.;
Вербальды ақпарат–сөйлем арқылы түсінісу немесе сезімді,ойды,байқағандарын жазу арқылы жеткізу. Вербальсыз ақпарат – ақпаратты сөз құрамдарынсыз немесе жазбай-ақ жеткізу;
Коммуникацияның негізіне– бірге қиналыс білдіру,сыйлау мен шынпейілділік, өзара түсіністікті жеңілдететін факторлар жатады. Мейірбике үшін бұл процесстің мақсаты науқастың бойында қалған құпияны зерттеп- білу болып табылады. Осындай оқып – зерттеудің, білудің нәтижесінде науқас жайында, сондай-ақ өзі жайында да хабардар бола алады;
Мейірбике ісіндегі тілдесу – науқасқа жеке әсер етіп, оның денсаулығын жақсарту арқылы өміріне өзгеріс әкелуі мүмкін;
Ол үшін мейірбикеден арнайы білім мен іскерлік талап етіледі. Мұндай кезде науқастың денсаулығы жағдайы, оның физиологиялық және психологиялық жағдайы ескерілуі қажет;
Науқасқа мүмкіндігінше үлкен көмек беріп, қолдауы үшін мейірбике коммуникативті және кәсіби білімі жоғары болуы тиіс. Науқастарды дұрыстап тыңдай білгені, оның қиналысына түсіністікпен қарап, қамқорлық танытып, қойылар сұрақтарға мән бергені жөн;
Науқаспен және оны күтумен айналысып жүрген барлық адамдармен дұрыс тілдесуі керек. Мейірбикеден оларды сыйлау және жазылып шығамын ау деген сеніміне түсіністікпен қарау талап етіледі. Сонда ғана науқастар өздерінің жазылатынына сенім ұялатып, жаңа жерге қалыптасу процессі тез жүрмек; /15/
Мейірбике ісі – бұл пациенттің денсаулығына байланысты мәселелрді медициналық жетік білуімен анықтауы және оларды шешуге кәсіби көмек көрсетуі.Медицина бибісінің маңызды құралы қамқорлық жасау,күту,емдеу болып табылады.
Ендігі кезекте мейірбике ісінің қалыптасуы мен қажеттіліктеріне оған қоса қабілеттіліктеріне тоқталатын болсақ:
«Медицина мейірбикесінің қабілеттілігін,оның атқаратын қызметін В.Хандерсонның: «Мейірбике аяғы жоқтың – аяғы,көзі көрмей қалғанның –көзі,әлсіздерге – сүйеніш ,сөйлей алмайтындарға – ауыз», — деген сөзінен айқын байқауға болады.
Мейірбикелік процесс-қазіргі американдық және батыс еуропалық,римдік іс моделінің негізгі ажыртылмайтын түсінігі.Бұл реформаторлық концепция ХХ ғасырдың 50-ші жылының ортасында АҚШ-та пайда болып,клиникалық жағдайда төрт он жылдық ішінде өзінің нәтижелілігін дәлелдеді.Қазіргі кезде медбикелік процесс әлемнің 50 елінде медбикелік көмектің теориялық,ғылыми базасын құрып,медбикелік білім мен тәжірибенің өзегі болып саналады.
Мейірбикелік процесстің мақсаты-емделуші ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті немесе тыныш өлімді қанағаттандыру,науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Мейірбикелік процесс 5 кезеңге бөлінеді:
Мағлұмат жинау: Емделушіге жеке,мұқият ойластырылған,ғылымға сүйенген күтім ұйымдастыру үшін мейірбике өзінің емделушісінің кім екенін анық білу қажет;
Мейірбикелік қараудың негізінде американдық психолог А.Маслоудың адамның 14 негізгі қажеттілігі туралы оқу жатыр;
Мейірбикелік диагноз қою: Мейірбикелік диагноз немесемейірбикелік проблема түсінігі алғаш рет ХХ ғасырдың 50-ші жылдары Америкада пайда болып,1973 жылы ресми және заңды тұрғыда бекітілді.Қазіргі таңда америкалық мейірбикелер Ассрциациясы бекіткен фин проблемалары тізімі-114 бірлік;
Мейірбиелік диагноз дегеніміз- емделушінің бойында бар немесе потенциалды ауруға және кқңіл-күйіне деген жауабын,сол жауаптың себебін суреттейтін мейірбикенің клиникалық пікірі;
Жоспарлау: Мақсатты белгіленгеннен кейін мейірбике емделушінің күту жоспарын құрды,яғни күтімнің мақсатына жтуге қажетті мейірбикенің арнайы іс-әрекетінің толық тізімінен тұратын жазбаша нұсқаудың жасалуы.Мейірбике ақ қағазды қолдана отырып,жағдайды тиянақты,қойылған проблема бойынша емделушіге не істей аламын,оған қандай көмек көрсете аламын деген сұрақтарға жауап беруге тырысады;
Күтімнің жоспарын жүзеге асыру:Мейірбике қағазға жазғанын өзі немесе техникалық мейірбикенің көмегімен жүзеге асырады.Мейірбикелік іс-әрекет 3 түрлі мейірбикелік қатысуды жобалайды;
Дәрігердің талабымен немесе қарауымен орындалатын мейірбикенің іс-әрекеті мысалы 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу,таңғышты аустыру,асқазанды тазарту.
Мейірбикенің өз ықыласымен және өз ойымен қабылдаған,дәрігердің талабынсыз жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.
Мысалы:
Емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету;
Емделушінің сырқатына деген жауабын және оған бейімделуін байқау;
Емделушінің емге деген жауабын және оған бейімделуін байқау;
Емделушіні емдеу тәсілдеріне және өзін-өзі күтуге үйрету ;
Емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
Емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын қалпына түсіру жөнінде нұсқау беру;
Емделушінің өз күші мен мүмкіншілігіне сендіру үшін күтім шараларын жоспарлау;
Емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;» /12/
Дәрігер немесе денсаулық жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету,мысалы:физиотерапевт,диетолог немесе инспекторы.Ренимациялық шаралар мысал бола алады.
Күтімнің нәтижесін бағалау: Емделушіні күту сапасы мен нәтижесін мейірбике үнемі белгілеп отырады:
жаңа проблемаларды белсенді іздестіру және оны бағалау.» /11/
1-кесте:Емделушіні бақылау бойынша мейірбикенің күнделігінің үлгісі
Ескерту: С.Қ.Мұратбекованың « Мейірбике ісінің негіздері» кітабынан алынды
Науқастарға көмек көрсете отырып, мейірбике өзінің жеке басының барлық жақсы қасиеттері мен артықшылықтарын толық пайдалануы тиіс. Сөйтіп, қалай болғанда да науқаспен, оның отбасы мүшелерінің арасында белгілі бір сенім орнату керек. Мұның өзі науқастың проблемасын тиімді шешуге жол ашуы мүмкін. Мейірбикенің осындай жеке жақсы қасиеттері науқаспен тіл табысуды айтарлықтай жеңілдетіп, оның проблемасын шешуді жеңілдетеді.
Сенім және байланыс – бұл маңызды элементтер. Науқастың тілдесуі мейірбике істерінің шын екендігіне сенгенде пайда болады.
«Оның барлығы да көптеген факторларға тікелей байланысты десек, оның бір нешеуін атап өтуге болады. Олар:
Тілдесе білу тәжірибесі;
Сөйлесу барысына мән беру және мәселені қоя білу;
Мақсатты жоспарлау;
Кеңес беру, жаңа тәжірибені меңгеру мақсатында практикалық сабақтар өткізу;
Конфронтация (мысалы, ауру ешкімге керегім жоқ деп ойлайды.) Ал, мейірбике оның туыстарымен жақсы қатынас орнатып, науқасқа жақсы қамқорлық көрсетеді. Оның ойының дұрыс емес екендігін, ол ойдан аулақ болуын түсіндіріп, соған сендіреді;
Қолдау (мысалы, науқастың жағдайын қиындататын күрделі проблема, науқас жағдайының күрт ауырлауы. Осы кезде мейірбике үлкен рөл атқарады. Ол науқаспен бірдей қиналып, оған түсіністікпен қарап, қолдау көрсетеді);
Үндемеу (мысалы, жақын адамның қазасы науқасқа қатты әсер етеді, жылайды, қатты қиналады, мұндай кезде науқастың қасында бол, бірақ үндеме)»/20/
Сонымен осындай тиімді тілдесу мейірбикенің кәсіби тәжірибелілігін, жеке басының адамгершілігін, іскерлігін көрсетеді. Әртүрлі әдістерді дұрыс пайдалана отырып науқаспен тіл табысу мейірбикеге үлкен бедел, зор құрмет және сенім әкеледі.
Мейірбике науқаспен ғана емес,оның туған-туысқандарымен қарым –қатынасқа кіреді.Мейірбикенің науқастың туыстарымен әңгімесі өз міндеттік бабы шеңберінен шықпауы керек.Орта буын медицина қызметкерлері науқастың туған-туысқандарымен қатынасы кезінде айқындалған әдептілікті талап етеді.Емделушінің туыстары бірнеше сағат бойы медицина қызметкерлерімен әңгіме жүргізу үшін күтпеу керек.Туысқандардың пікірлері науқасқа әсер етеді,жағымсыз қатынас пен сенімсіздік тудырады және психикалық жүйкесімен соматикалық қалпына жағымсыз әсер етуін мед қызметкерлер есепке алуы керек.Мед қызметкерлер науқастың жазылмас дерт ауруын немесе нашарлық жағдайын жасырмай,түсінікті түрде оның туысқандарына хабарлауы керек.Бірақ,олардың арасында ауру адамдар болуы мүмкін,сондықтан олармен әңгімелескенде үлкен сақтық пен әдептілікті білдіру керек.Науқастың жақын туған-туысқандарына, әсіресе қызметтестеріне кейбір операцияларды жүргізу туралы хабарлауы керек.Келісушілермен сөйлесер алдында дәрігермен ақылдасып алуы керек,ал кейбір жағдайларда науқастың өзінен нені хабарлауын,не хабарламауын сұрау керек.Әсіресе,телефон арқылы хабарды сақтықпен беру керек.Байсалды,әсіресе қайғылы хабарларды мүлдем айтпай-ақ ауруханаға келуін және дәрігермен дербес сөйлесуі жөн болады.Телефон арқылы сөйлескенде медбике өзінің аты-жөнін ,мамандығын,бөлімін айтуы керек.Кейде науқастың туысқандары бөлімде жоқ емдік препараттарын алу үшін өз көмектерін көрсетеді.Мұндай ұсыныстарды сыпайы,бірақ анық түрде қайыру керек.
Мейірбикелік мамандықтың барлық мамандар сияқты қоғам алдында этикалық міндеттері болады,сондай-ақ қоғамның да мамандық алдында этикалық принциптері болады.Дәрігер науқасты емдейді,мейірбике күтеді.Қоғамның мейірбикеге деген көзқарасын адамға деген көзқарас деп санауға болады.Бұл жерде үйлесімге жету өте маңызды.Мейірбикелер өзінің кәсіптік іс-әрекетінің негізі ретінде кез-келген жағдайда емделушінің ықыласын қорғау мен мейірбикелік істегі үздіксіз прогрессті қолдау антын қояды.
«Лауазымдары: бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары, бас медициналық мейірбике, мейірбикелік күтім ауруханасының, хоспистың, денсаулық пунктінің меңгерушісі, Емдік-профилактикалық бөлімшелерінің аға медициналық мейірбикесі, медицина колледждерінде мейірбике ісі мамандарын даярлау бойынша оқытушы.
Жұмысқа орналасатын жерлері: ауруханалар, емханалар,хоспистер, денсаулық пункттері, әртүрлі мемлекеттік мекемелердегі медпункттер, медицина колледждері.(1 – суреті қараңыз)
Қызметі:
дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету;
дәрігерлерге операция жүргізу кезінде көмекші болу;
ауруханалардағы және емханалардағы ауруларды күту;
дәрі егу және артериалдық қысымды өлшеу, ауруларға дәрі беру сияқты медициналық ем-шараларды орындау;
медициналық құжаттамалармен жұмыс істеу (рецепттер, анықтамалар, қаралуға жолдамалар беру)./21/