«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет106/157
Дата18.06.2024
өлшемі352,27 Kb.
#203429
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   157
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» Пәні бойынша мейірбикелік технологиялар

ХІI. ҚУықты катетерлеу
Әйелдердің қуығын катетерлеу


Мақсаты: Дер кезінде қуықтағы несепті шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөліну мүшелеріне және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.
Қарсы көрсетілімдері: уретраның жарылуы, жедел уретрит, простатит, эпидидимит, гематурия, зәр шығару каналының тарылуы, простата ісігі, зәр шығару каналының жедел қабынуы.
Асқынулар: уретральды қызба, уретраның, қуықтың шырышты қабығының зақымдануы, асептика ережелерін сақтамағанда жұқпалы ауруларды енгізу.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған катетерді, 2 дана анатомиялық пинцеттерді, корнцангті, лотокты, салфеткаларды, 2 дана қолғапты, вазелин майын, 1:5000 фурацилин ерітіндісін,зәр қабылдағышты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, астына төсейтін клеенканы, жаялықты, кермені, науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқаспен өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.

  2. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Науқасты кермемен оңашалаңыз.

  4. Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз.

  5. Бөксе астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.

  6. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өңдеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  7. Науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу іс-әрекетін) жүргізіңіз.

  8. Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.

  9. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

  10. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен үлкен және кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.

  11. Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оң қолыңызға ұстаңыз.

  12. Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз, кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.

  13. Дәке салфеткасын ауыстырып, фурацилин ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.

  14. Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз.

  15. Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақ бітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.

  16. Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың ІV-ші, V-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.

  17. Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз.

  18. Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.

  19. Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.

  20. Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  21. Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетін қолыңызбен басыңыз.Катетерден шығарғаннан соң зәр ағымызәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).

  22. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.

  23. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  25. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет