«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету. Қолдану көрсетілімдері



бет128/157
Дата18.06.2024
өлшемі352,27 Kb.
#203429
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   157
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» Пәні бойынша мейірбикелік технологиялар

Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.
Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған контейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабарлаңыз.

  2. Қағаз сүлгіні төсеңіз, қағаз салфеткаларын жайыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

  3. Науқастан дәретхана бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.



Науқастың іс-әрекет алгоритмі:

4. Қолыңызды сабындап,жылы суда жуып, сүлгімен құрғатыңыз.


5. Жыныс мүшесінің басын артық теріден босатып, сабындап сумен жуыңыз.
6. Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.
7. Салфеткаларды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
8. Зәрді жинауға арналған контейнерді алыңыз,оның ішкі бетіне және қақпағына тигізбейқақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.
9. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын каналдың тесігіне жақын ұстаңыз.
10. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, содан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.
11. Контейнерді қойып зәр ағымының «ортаңғы бөлігінен» 10-15 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.
12. Контейнердің қақпағын жабыңыз, қағаз сүлгісінің үстіне қойыңыз.
13. Қолыңызды жылы суда сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.
14. Киініңіз.
15. 3әрі бар контейнерді мейірбикеге беріңіз.


Ескерту:

  • бикстегі зәрді жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз;

  • материалды лабораторияға апарғанға дейінтоңазытқышта 4-60С температурада сақтайды;

  • микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылдамас бұрын және қарқынды несеп бөліп шығаруға (диурез) дейін қалыпты су ішу тәртібінде тағайындайды;

  • егер де табиғи жолмен зәр жиналмаса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет