Іс-әрекет алгоритмі:
Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.
Жуушы ерітіндіні 20-250С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.
Жуушы ерітіндінің құрамы
Компоненттің аттары
|
Ерітіндіні даярла-уға арналған компоненттердің мөлшері
|
Қолданылуы
|
жуушы зат (Айна, лотос)
ауыз суы (см3)
|
5 грамм
1 литр
|
қолмен тазартқанда қолданылады
|
сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%
|
17 мл
|
механикаландырылған және қолмен тазартқанда (сырғып ағу әдісімен, ерштеу үльтразвукті пайдалану)
|
-жуушы зат (Айна, лотос)
-ауыз суы (см3)
|
5 грамм
1 литр
|
Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.
Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).
Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.
Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.
Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.
Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).
Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).
Медицинада тағайындалған құралдарды аққан реактивтің түсін бақылай отыра мақтаның немесе сүрткінің үстінен ұстаңыз.
Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |