Науқасты цистоскопияға даЙЫНДАУ Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жууға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды.
Цистоскопияны дәрігер жасайды,мейірбике көмекші кызметін атқарады. Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Зерттеуді ашқарынға жасаңыз.
Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз.
Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз.
Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз.
Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз.
Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз.
Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз.