Қолғапты шешу
Іс-әрекет алгоритмі:
Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.
Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.
Сол қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.
Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.
Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.
Оң қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.
Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |