«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Қолды ТЕРІ антисептиГІМен тазарту



бет8/254
Дата22.04.2020
өлшемі499,1 Kb.
#63800
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   254
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ

Қолды ТЕРІ антисептиГІМен тазарту
Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқаспен медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: иньекция, катетерлеу алдында, операция жасар алдында, инвазивті емшараларды орындау алдында және орындағаннан кейін организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін.

Қарсы көрсетілімдері: қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақа ттың, тері ауруларының болуы.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).

  2. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.

  3. 3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз:

  • алақанды алақанмен,

  • сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанмен және керісінше,

  • алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында,

  • оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше,

  • үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен,

  • сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше,

  • қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз.



Ескерту: антисептикті қолданар алдындаәдістемелік нұсқауын оқып білу қажет.Қолды зазарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайда ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет