Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.Халатты, масканы және қолғапты киіңіз.
Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.
Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробирканы стеклографпен белгілеңіз.
Пробирканы штативке орнатыңыз.
Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.
Оң қолмен тік ішектік ілгекті пробиркадан шығарып алыңыз.
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.
Тік ішектің қабырғасынан (өзегінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.
Пробирканыңшетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.
Пробирканыштативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.
Биксті «кілтке» жабыңыз.
Қолғапты, масканы, шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.
Ескерту: материалды лабораторияға жеткізгенше t-4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |