«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет210/254
Дата22.04.2020
өлшемі499,1 Kb.
#63800
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   254
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

  3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробиркаға стеклографпен белгілеңіз.

  5. Пробирканы штативке орнатыңыз.

  6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

  7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті пробиркаданалыңыз (пробирканытығыз жапқан мақта-дәке тампонының тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

  8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

  9. Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Пробирканытығынымен тығыз жабыңыз.

  10. Пробирканыштативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

  11. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  12. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  13. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз.

Ескерту:

  • нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

  • өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

  • материал лабораторияға жеткізгенше тоңазытқышта t-4-60С сақталуы қажет;

  • антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет