Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктері, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшеріндегі, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Достарыңызбен бөлісу: |