«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет84/254
Дата22.04.2020
өлшемі499,1 Kb.
#63800
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   254
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

  3. Енгізетін сүңгінің ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз

  4. Қолғапты киіңіз.

  5. Фурацилин ерітіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүңгіні белгіге дейін салыңыз(сүңгіні суландыру үшін).

  6. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басының және мойынының астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

  7. Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.

  8. Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүңгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз.Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтап, жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, сүңгіні белгіленген белгісіне дейін,жұтуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз).

  9. 30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып, оны сүңгіге жалғастырыңыз.

  10. Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойыңыз.

  11. Фонендоскоптың бақылаумен ауаны сүңгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).

  12. Сүңгіге қысқышты салыңыз немесе тығынмен жабыңыз, шприцті алыңыз. Сүңгінің сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

  13. Сүңгіні жабысқыш пластырьмен мұрынға немесе бетіне бекітіңіз. Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

  14. Сүңгіден қысқышты (тығынды) алып, құйғыны немесе Жане шприцін поршенсіз сүңгінің бос шетіне жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

  15. Құйғыны немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғының аузында тамақ қалмағанша.

  16. Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

  17. Тамақтандырғаннан кейін сүңгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

  18. Сүңгінің шетіне қысқышты (тығынды) салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүңгінің шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

  19. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет